
- •1. Глоссарий
- •2. Дәріс материалдары
- •2 Тақырып. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру.
- •3 Тақырып. Бухгалтерлік есепті 1 с бухгалтерия жүйесінде жүргізу.
- •4 Тақырып. Шотты көшіру. Шоттарды жою
- •5 Тақырып. Анықтамалықтар. Анықтамалықты қарап шығу.
- •6 Тақырып. Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу.
- •Автоматтандыру.
- •Автоматты түрде енгізу.
- •Түзетуге ашу.
- •3.Тәжірибелік сабақтар
- •Автоматтандыру.
- •Автоматты түрде енгізу.
- •Түзетуге ашу.
- •4. Студенттің өздік жұмыстары
- •4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар
- •4.2. Өз бетімен зерттелетін жұмыстың мазмұны мен құрылымы
- •4.3. Осөж тақырыптарының тізімі
- •3. Анықтамалықтан қажетті тақырыпты қалай табуға болады?
- •4. Топтарды қалай таңдау керек?
- •5. Құжатты қалай көруге болады?
- •6. Жаңа шоттар жүйесін қалай енгізу керек?
- •7. Конфигурация анықтамалықтарда қалай қарастырылады ?
- •8. Констант дегеніміз не? Оның қолданылуы.
- •9. Проводкаларды немесе корреспонденцияларды операцияда ашу.
- •Журнал операциясын типтік операция режимінде қолдану.
- •11. Журнал операцияларын қалай ашамыз?
- •12.Құжаттар дегеніміз не?
- •13. Қажетті операциялық журналдағы көріністі қалай табамыз?
- •14. Тақырыптық құжатты қалай құрастырамыз?
- •15. Тақырыптық құжатты шығару?
- •16. Айналым ведомость дегеніміз не?
- •17. Субконто шотын қалай талдаймыз?
- •18. Есеп беруді қалай құрамыз?
- •19. Бағдарламаны қандай шрифте құрамыз.
- •20. Табло дегеніміз не, онымен қалай жұмыс істейміз?
Автоматтандыру.
Дәріс жоспары:
Типтік операция режимі
Типтік операция артуын түзету.
1.Кәсіпорында болған барлық шаруашылық операциялары операциялар журналына енгізіледі. Бухгалтерлік оперцияларды журналға енгізуді автоматтандырудың екі түрі бар:
Типтік операция режимі,
Құжаттау мен есептеулер режимі.
Типтік операция режимі.
Типтік операция режимі проводкаларды журналға енгізу барысында күнделікті бухгалтердің жұмысын автоматтандыруға арналған құрал.Жұмыс барысында біртектес проводкалардан тұратын, біртектес шаруашылық операциялардан тұратын, біртектес шаруашылық операцияларын жиі енгізіп отыру қажеттігі туады. Мысалы, тауарды сату барысында тауардың өзіндік құны мен ҚҚС бөліп көрсету тағы с.с. Осындай операцияларды енгізуді жеңілдету үшін программа пайдаланушының көмегімен олардың «сценарийі» жазылған типтік операция тізіміне тіркеледі.
Типтік операция менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Типтік операция (Типовые операции)» бөлімін таңдау арқылы қол жеткізуге болады. Экранға типтік оперция тізімі шығады.
Тізімі қарап шығуға және түзетуге оңай болу түшін арнайы топқа біріктірілген. Типтік операциялар тізімінде сол жағында --- топтар белгісі бейнеленген. Бірінші бағанада типтік операция үлгісінің тобы мен атауы көрсетілген. Сол жақтағы бағана – жұмысшы, онда әртүрлі шартты белгілер мен типтік операция үлгісі тізімінің жолдары көрсетілген.
--- бұл жол типтік операция үлгісінің қалыбы болып есептеледі. Қалып операцияларды енгізу үшін қолданылады.
--- бұл жол типтік операция үлгісі тобына сәйкес келеді. Топтардың тақырыбы типтік операция тізімінің жоғарғы жағында орналасқан. Маустың сол жақ кнопкасын екі рет басу арқылы осы топқа кіретін типтік оперция үлгісін таңдауға болады.
--- типтік операциялар тізіміндегі сатылы түрді көрсетуді алып тастаған топтардың тақырыбы.
Қарап шығуға ашылған топтар атауын көрсетеді. Мұндай жолдар анықтамалық атауы ретінде кестенің жоғарғы бөлігінде орналасады және түзетуге болмайды. Қарап шығатын топтардың сатылы деңгейіне байланысты ашық топтар жолы бірнеше болуы мүмкін. Маустың сол жақ кнопкасын осы топқа екі рет басу арқылы топты жабуға болады.
2.Типтік операция артуын түзету.
Типтік операция артуын түзету үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Өзгерту (Изменить)» командасын таңдау керек. Немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын немесе пернелер тақтасынан Shift+Enter пернесінің қосындысын басу керек. Түзетуді аяқтау Enter пернесі немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын басу арқылы орындалады. Түзетуден бас тарту үшін Еsc пернесін басу керек.
Типтік операция тобын құру.
Типтік операцияға жаңа жол енгізу келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
Типтік операция терезесіндегі құралдар панелінен --- кнопкасын немесе
Ctrl+F9 пернесінің қосындысы немесе
Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жаңа топ (Новая группа)» командасын тандаңыз.
Егер тізімге енгізілген жаңа типтік операция тобы нақты бір топқа жазылу керек болса, онда алдын ала сол топқа өту керек. Типтік операциялар тізіміне жаңа топ үшін автоматты түрде жаңа жол қосылады. Осы жолға топ атын теру керек. Топ аты 80 символдан аспауы және типтік операция тізімінде қайталанбауы тиіс. Топ аты терілгеннен кейін Enter пернесін басу керек.Жаңа топ құрудан бас тарту Еsc пернесі арқылы орындалады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Типтік операция режимі деген не?
2. Құжат арқылы журналға енгізуге болады?
3. Шаруашылық операциялар журналын қалай шығарады?
4. Проводкалар журналы қалай толтырылады?
12-тақырып. Типтік операцияны және типтік операция тобын жою.
Дәріс жоспары:
Типтік операция тобын жою әрекеті.
Типтік операцияны енгізу
Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу.
1. Типтік операцияны және типтік операция тобын жою үшін курсорды жойылатын элементке қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
Del пернесін басыңыз немесе
Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Жою (Удалить)» командасын таңдаңыз.
Экранға шыққан типтік операцияны жою туралы сұранысқа Иә деп жауап бергеннен кейін типтік операция жойылады. Егер типтік операция тобы жойылатын болса, экранға Типтік операция тобын жоюды орындау қосымша сұраныс терезесі шығады. Иә деп жауап бергеннен кейін осы топқа кіретін барлық типтік операциялар жойылады.
2.Типтік операцияны енгізу.
Операцияларды енгізу үшін типтік операция жазылған тізімнен керекті операцияны таңдап келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:
Операциялар үлгісі тізімінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе
Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Типтік операцияны енгізу (Вести типовую)» командасын таңдаңыз.
Нәтижесінде экранға деректемелерді енгізу сұранысы шығады. Мұндай деректерге операцияның күні, сомасы, қажет болған жағдайда субконто түрі, ТМҚ саны, тағы басқалары жатады. Типтік операцияны енгізудегі үлгі операцияларды қолмен енгізудегі үлгіден бөлектеу. «Жаңа (Новый)» кнопкасын басқаннан кейін үлгінің тақырып жолына типтік операция атауы шығады, ал үлгінің құралдар тақтасына екі кнопка ---Автоматты түрде толтыру (Автозаполнение) және --- Енгізуді жалғастыру (Продолжить ввод) кнопкалары пайда болады. Типтік операция үлгісін ашу барысында --- кнопкасы басылса, автоматты түрде толтыру режимі іске қосылады.
3.Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу.
Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу барысында операция реквизиттерін дұрыс толтыру, оперция проводкаларының тізімін құру және оны дұрыс толтыру ережелері көрсетіледі. Типтік операция үлгісіне өзгеріс енгізу арнайы түзету терезесінде орындалады. Түзету терезесін шақыру үшін типтік операция тізімінен керекті операцияны таңдап келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:
F5 пернесін немесе
Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Түзету (Редактировать)» командасын таңдаңыз.
Бір немесе бірнеше проводкалардан тұратын бір шаруашылық операциясына тиісті үлгі типтік операция үлгісі деп аталады. Типтік операциямен жұмыс екі режимде жүргізіледі:
Типтік операция үлгісін құру
Дайын үлгіні қолдану
Типтік операция үлгісіне мыналар жатады:
Операция деректемелерін толтыру ережелері: күні, нөмері, сомасы және түсініктемесі
Қосымша деректемелерді толтыру ережелері, егер ол операция үлгісінде көрсетілген болса
Операция проводкаларының тізімі
Проводка деректемелерін толтыру ережелері – шоттар корреспонденциясы, сомасы, субконто, саны, валюта, валюта сомасы
Проводка сомасын есептейтін формула.
Экранға типтік операция үлгісін құру терезесі шығады. Терезе екі бөліктен тұрады. Терезенің төменгі бөлігіне операция түрі қолмен енгізіледі. Онда операцияның күні, нөмері, сомасы және қысқаша түсініктемесі, сонымен бірге операцияның бухгалтерлік проводкалары жазылады. Бухгалтерлік есепті жүргізу барысында 1С: Бухгалтерия жүйесінде талдамалы, сандық, валюталық есеп жүргізу мүмкіндігі қарастырылған. Сондықтан проводкалар тізіміне сәйкес талдамалы есеп обьектісі, саны, валюта түрі және валюта сомасы сияқты деректемелер көрсетіледі. Типтік операцияны толтыру ережелері түзету терезесінің жоғарғы бөлігінде орналасқан. Терезенің жоғарғы бөлігінде проводка сомасын есептеу формуласы жазылады. Бір терезеден екіншісіне өту маустың Shift+F6 пернелерінің қосындысын басу арқылы орындалады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Типтік операцияны қалай енгізуге болады?
2. Типтік операция қандай режимдерде жұмыс жасайды?
3. Типтік операцияға өзгерістерді қалай енгізеді?
13-тақырып. Құжат арқылы шаруашылық операцияларын журналға