Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
c4bd74b9-8343-11e3-9ea3-f6d299da70ee1с у.м..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

6 Тақырып. Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу.

Дәріс жоспары:

1. Топтың атауларын талдау

2. Журналмен жұмыс істеуге арналған басқару пернелері

1. Топтың бұтақ тәріздес түрінің құрамы анықтамалқытағы топтың атауынан тұрады және ол біріншіден, анықтамалықтың құрылымын қарап шығу үшін, екіншіден, анықтамалықтың нақты тобына кіретін элементтерге тез өту үшін ыңғайлы. Бұтақтағы «+» таңбасы осы бұтақтың ішінде қосалқы бұтақ барын білдіреді. Топты ашу маустың көмегімен таңбаға екі рет басу арқылы асырылады «+» таңдасы «-» ке ауысады. Ал топты жабу үшін «-» таңбасын маустың көмегімен екі рет басу жеткілікті.

2. Журналмен жұмыс істеуге арналған басқару пернелері мыналар: F7 – журналға жаңа жазу енгізу.

F8 – журналдағы жазуды жою.

F2 – жазулар тобын белгілеу.

Alt+F2 – жазулар тобындағы белгіні алып тастау.

F3 – экрандағы жазудың құрамын қарап шығу.

F4 - жазуды өзгерту.

Өткізілген жазулардың тек түсініктемелерін ғана түзетуге болады.

F10 – жазуды өткізу (тек өткізілмеген және қатесіз жазулар ғана өткізіледі).

Ctrl+F10 - өткізудің күшін жою.

Enter – ағымдағы жазуды белгілеу.

Ағымдағы немесе әрбір өткізуге белгіленген жазулар үшін автоматты түрде қарама-қарсы таңбамен берілген сома туындайды және ол енгізудің белгіленген режиміне қарамастан өткізіледі.

Alt+M – операциялар менюі.

Esc – аяқтау.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу деген не?

2. Анықтамалық элементтерін қалай реттеуге болады?

3. Анықтамалыққа жаңа элементті қалай енгізуге болады?

7- тақырып. Анықтамалық элементтерін реттеу.

Дәріс жоспары:

  1. Анықтамалық элементтерімен танысу.

  2. Айналым балансы

1. Анықтамалық терезесі көруге немесе элементтерді таңдауға ашылғанда оны коды, элементтерінің атауы немесе кез келген деректемесі бойынша реттеуге болады. Реттеуді программаның басты менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Реттеу (Сортировка)» командасын таңдау арқылы орындалады.Реттеуді жылдамдату үшін келесі пернелер қосындысы қолданылады:

  • Ctrl+1 элементті коды бойынша реттеу

  • Ctrl+2 элементті атауы бойынша реттеу

  • Ctrl+3 кез елген деректеме бойынша реттеу.

2. Айналым балансын таңдау.

  1. Есеп-қисап алынуға тиісті есеп кезеңін беру – тәуліктер.

  2. F10 – көрсетілген белгілерді сақтау, экранда есеп-қисап алу.

  3. F5 – есеп-қисапты экранға шығару.

  4. Enter – есеп-қисапты баспаға шығару.

Материалдар бойынша айналым ведомосы.

  1. Басты менюден Есеп-қисаптар/Картотекалар бойынша есеп-қисаптарды таңдау/ - ЛУКА шоттар бойынша картотекалар мазмұның ашады.

  2. Курсорды керекті шотқа кою.

  3. Enter – экранда есеп-қисаптар менюі пайда болады. Айналым ведомосын таңдау.

  4. Enter – экранда ішкі меню пайда болады: Номері, атауы бойынша реттелген ведомость алу немесе Бас тарту командасы арқылы шығу.

Enter – экранда берілген шот бойынша ағымдағы ай үшін қалдық-

  1. айналым ведомосы пайда болады.

  2. F5 – басу.

  3. Enter – есеп-қисапты баспаға шығару.

Материалдарды сату

1. Басты менюден Есеп-қисаптар/проводкалар мұрағаты бойынша есеп-қисаптар пунктің таңдау.

2. F2 – Сүзгішті шақыру (есеп-қисаптың генерациясы үшін жазулар тобын белгілеу, яғни Дебеттік шоттар бойынша бар жазуларды іздеу үшін шарттар беру)

3. F10 – жазуды табу.

4. F5 – есеп-қисаптар менюін таңдау.

  1. Өткізу тәсімін (схемесын)таңдау.

  2. Esc – ЛУКА ҚПП есеп-қисаптар менюі қайтып оралады.

  3. Esc – есеп-қисаптар менюінен шығу.

  4. F5 – есеп-қисапты баспаға шығару.

Кез келген уақытта F1 немесе Shift+F1 пернелері арқылы программаның көмегімен қол жеткізуге болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Анықтамалық элементтері деген не?

2. Айналым балансын таңдау қалай жүзеге асырылады?

3. Материалдар бойынша айналым ведомосты қалай жасалады?

8- тақырып. Анықтамалыққа жаңа элемент енгізу.

Дәріс жоспары:

  1. Анықтамалықтарға жаңа элемент енгізу амалдары

  2. Анықтамалықтың элементтерін жою

1.Анықтамалыққа жаңа элемент енгізу үшін келесі амалдар орындалады:

  • Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Ins пернесін басыңыз немесе

  • Программаның бас менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жаңа (Новый)» командасын таңдаңыз.

Анықмалықтағы элементтерді түзету үшін курсорды түзетілетін ұяшыққа Enter пернесін басыңыз немесе маустың көмегімен сол элементке екі рет басыңыз. Егер түзету элементтерді таңдауға ашылған анықтамалықта болса, онда түзету режимінен ұяшықтарға өту Shift+Enter пернелерінің көмегімен орындалады. Деректемелерді түзету барысында жолдың басқа бағанасына өту үшін Tab және Shift+Enter пернелері қолданылады. Деректемелердегі өзгерістерді аяқтау үшін құралдар тақтасындағы --- кнопкасын немесе Enter пернесін басу керек. Ал, түзетуден бас тарту ұшін Esc пернесін басыңыз.Қарап шығу көп пайдаланымды режимде, яғни бір ақпатар қорымен бір уақытта бірнеше пайдаланушы жұмыс істеген кезде қолданылады. Анықтамалық элементтерін қарап шығу үшін курсорды жолдың керекті элементіне қойып, келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Анықтамалық терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Қарау (Просмотр)» командасын таңдаңыз.

2. Анықтамалықтың элементтерін жою (жоюға белгілеу).

Анықтамалықтан жою және жоюға белгілеу үшін курсорды керекті элементке қойып келесі іс-әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Del пернесін басыңыз немесе

  • Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жою» командасын таңдаңыз.

Экрандағы сұранысқа Иә деп жауап бергеннен кейін, элемент жойылады.

Жойылуға белгіленген белгіні алып тастау.

Анықтамалық элементтеріндегі белгіні алып тастау үшін курсорды керекті элементке қойып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Del пернесін басыңыз немесе

  • Анықтамалық терезесіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жолдағы белгіні алып тастау (Отменить пометку на удаление)» командасын таңдаңыз.

Экрандағы сұранысқа Иә деп жауап бергеннен кейін, анықмалықтағы элемент қайта қалпына келеді, яғни белгіні алып тастайды.

Анықтамалық элементін көшіру.

Жаңа элемент немесе элементтер тобын көшіру, анықтамалықта бар элементтерді немесе элементтер тобын көшіру арқылы еңгізілуі мүмкін.Ол үшін курсорды керекті элементке немесе элементтер тобына қойып, келесі әрекеттердің бірін орындау жеткілікті:

  • F9 пернесін басыңыз немесе

  • Шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Программаның «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Көшіру (Копировать)» командасын таңдаңыз.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Анықтамалыққа жаңа элементтер қалай енгізіледі?

2. Бухгалтерлік операцияларды журналға қалай енгізуге болады?

3. Анықтамалық элементін қалай көшіруге болады?

9-тақырып. Тұрақтылар анықтамалығы.

Дәріс жоспары:

1. Тұрақтылар тізімінің мәліметтері

2. Тұрақтылар тарихын зерттеу

1. Кәсіпорын жайлы барлық ақпарат «Тұрақтылар тізіміне» еңгізіледі. Анықтамалықтың ыңғайлылығы сонда, оған ақпарат бір рет еңгізіліп, құжат құру, нәтижелерді есепте, есеп беру құжаттарын алу барысында көп рет қолданылады. Белгілі бір құжаттарды кәсіпорынның атауына өзгеріс еңгізу жеткілікті, ал құжаттардағы барлық осы тұрақты кездесетін жол автоматты түрде өзгереді.

Тұрақтылар анықтамалығы экранға программаның басты менюінің «Амалдар (Операции)» пунктінен «Тұрақтылар (Константы)» бөлімін немесе құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз.

Жаңа жол еңгізу үшін келесі эрекеттердің бірін орыңдаңыз:

  • Тұрақтылар тарихы терезеснің құралдар тақтасынан --- кнопкасын басыңыз немесе

  • Ins пернесін басыңыз немесе

  • Программаның бас менюсіндегі «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жаңа жол (Новая строка)» командасын таңдаңыз.

Кестеге күнін және тұрақтының мәнін енгізуді сұраған жаңа жол енгізіледі. Тұрақтылар тарихына жаңа жол енгізуден бас тарту үшін Esc пернесін басңыз.

Жаңа жолды тұрақтылар анықтамалығына бар мәнді көшіру арқылы енгізеді. Ол үшін курсорды керекті жолға қойып келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • F9 пернесін басыңыз немесе

  • Шоттар жоспары терезесінің құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Программаның «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жолды көшіру (Копировать строку)» командасын таңдаңыз.

Керекті түзетулерді орындағаннан кейін Enter пернесін басыңыз.

2.Тұрақтылар тарихынан жолды жою үшін курсорды керекті жолға қойып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Del пернесін басыңыз немесе

  • Шоттар жоспары терезіндегі құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктіндегі «Жолды жою (Удалить строку)» командасын таңдаңыз.

Экрандағы жолды жою туралы сұранысы шығады. Иә деп жауап бергеннен кейін, Тұрақтылар тарихынан жол жойылады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тұрақтылар анықтамалығы деген не?

2. Жолдарды қалай жоюға болады?

3. Жаңадан жолдар қалай енгізіледі?

10-тақырып. Проводкаларды тексеру анықтамалығы.

Дәріс жоспары:

1. Тексеру механизмін енгізу.

2. Тізім бағаналары

3. Заңды тұлғалар картотекасын проводкалар журналы арқылы жүргізу

1. 1С: Бухгалтерия программасында провокалардың дұрыс толтырылуын бухгалтерлік есеп методология тұрғысынан тексеруге арналған арнайы «Проводкаларды тексеру» механизмі еңгізілген.

«Проводкаларды тексеру» механизмі пайдаланушының көмегімен алдын-ала еңгізілген проводкалардың тізімінен тұрады, проводкаларды қарап шығуға және түзетуге болады Журналға енгізілген проводкалар осы тізіммен салыстырылады, егер енгізілген проводка тізімде жоқ болса экранға қосымша ақпарат шығады. Проводкаларды тексеру 1С:Бухгалтерия программасында келесі режимдердің бірін пайлану арқылы орындалады:

  • Операциялар үлгісінде. Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен шақырылады және ағымдағы операция проводкаларын тексереді.

  • Операцияларды қолмен немесе типтік операция режимі арқылы енгізу барысында. Операцияны жазған сайын орындалады, егер жүйенің параметрінде «Операцияны жазу барысында тексеру» опциясы қойылған болса («Сервис-Параметрлер-Операция»).

  • Операциялар журналында. Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен шақырылады және журналға дәл қазір бейнеленген операция проводкаларын ағымдағы жайғасымен бастап төмен қарай тексереді.

  • Проводкалар журналында. Менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен шақырылады және журналдағы дәл қазір бейнеленген операция проводкаларын ағымдағы жайғасымнан бастап төмен қарай тексереді.

Осы сипатталған жағдайлардың бірінен «Проводкаларды тексеру» режимін шақыру барысында әр тексерілетін проводка «Проводкаларды тексеру» тізімімен салыстырылады. Егер тексерілетін проводканың дебиттік шоты мен кредиттік шоты «Проводкаларды тексеру» тізіміндегі проводкалармен сәйкес келмесе, онда экранға прводкалардың дұрыстығы туралы сұраныс шығады.

«Проводкаларды тексеру» анықтамалығына менюдің «Амалдар (Операции)» пунктінен «Проводкаларды тексеру» бөлімі арқылы қол жеткізуге болады.

2.Тізім келесі бағаналардан тұрады:

Дебет – дебеттік проводка шоты,

Кредит – кредиттік проводка шоты,

Түсініктеме – проводкаға қысқаша түсініктеме.

Дебет және Кредит бағаналардың мәні мүмкін болатын корреспонденцияларды құрайды. Операцияларды тексеру барысында егер оның дебеттік және кредиттік шоттары «Проводкаларды тексеру» анықтамалығын түзету, проводкаларды көшіру, жою амалдары «Тұрақтылар» анықтамалығында орындалатын амалдармен бірдей.

3. Басты менюдегі Журналы/Проводкаларды таңдау.

  1. F7 – таза бланкіні шақыру.

  2. Бастапқы құжат негізінде жаңа бет өрістерін толтыру. Дебеттік, кредиттік шот жолынан, егер шотқа заңды тұлғалар картотекасы байланысқан болса, Объект өрісінен F2 арқылы картотека мазмұнына кіру.

  3. F7 – картотека карточкасының таза бланкісін шақыру.

  4. Бланкіні толтыру.

  5. F10 – карточканы картотека мазмұнына жазу.

  6. Enter – проводкалар журналы/Объект бланкісіндегі өрісті таңдау.

  7. Түсініктемелер өрісін толтыру.

  8. F10 – Проводкалар журналына жазулар енгізу.

  9. F10 – жазуды өткізу.

Ескерту:

Егерде алғашқы құжатта көрсетілген заңды тұлғаға карточка ашылып қойылған болса 4,5,6 пункттер орындалмайды.

  1. Басты менюден Есептемелер/Заңды тұлғалар картотекасы бойынша есептемелерді талдау.

  2. Enter – Экранды Заңды тұлға/Шоттар/Есептеме бөлігінде Есептемені шығаруға ішкі меню пайда болады. Шоттарды таңдау – Enter қажет болса оны толтырады.

  3. Enter – экранда ішкі меню үзгіш пайда болады, қажет болса оны толтырады.

  4. F10 – есептемені қалыптастыруды жалғастыру, одан кейін есептемені қарап шығуға мүмкіндік туады.

  5. Esc – есептемені экранда қарап шығу режимінен шығу.

  6. F5 – есептемені басу.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Тізім бағаналары деген не?

2. Тізім қандай бағаналардан тұрады?

3. Проводкаларды қалай таңдауға болады?

4. Проводкалар журналын қалай толтырылады?

11-тақырып. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]