Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
c4bd74b9-8343-11e3-9ea3-f6d299da70ee1с у.м..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

3 Тақырып. Бухгалтерлік есепті 1 с бухгалтерия жүйесінде жүргізу.

Дәріс сұрақтары:

1. 1С бухгалтерия бағдарламасына ену операциясы

2. Операцияның құрылымы

3. Қосымша ішкі жүйелер

1. Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгізілуі 1-2 айдан 3 жылға дейін, кейде менюді икемді күйге келтіру, есеп беру формасын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейін өзгереді. Жүйені икемді күйге келтіруді шартты түрде келесі жұмыс мезетіне бөлуге болады:

 кәсіпорындарда қолданылатын шоттар жоспарын құру;

 талдамалы есеп жүргізуді ұйымдастыру;

 бастапқы қалдықтарды енгізу;

 алғашқы құжаттар жиынтығымен қамтамасыз ету;

 керекті бухгалтерлік проводкаларды құру;

  • стандартты емес есеп беру үлгілерін құру.

Қазіргі кезде әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімделегі шамасыз, сондықтан жаңа технолориялар негізінде бухгалтерлік программалар жасау жұмысының үлкен мәні бар.

Бухгалтерлік есепті автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйелерді шартты түрде үш топқа бөлуге болады:

  • мини-жүйелер;

  • шағын және орта кәсіпорындарға арналған әр жақты (әмбебап) жүйелер;

  • ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер.

Мини-жүелер айналымы шағын және жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған. Бұл жүйелерге БАС БУХГАЛТЕР, 1С: БУХГАЛТЕРИЯ тағы басқалар жатады. Әр жақты (әмбебап) жүйелер терең талданыммен сипатталады және олар бухгалтерлік есептің барлық бөлігінде жүргізіледі. Мұндай жүйелерге ЛУКА, 1С: ПРЕДПРИЯТИЕ, ТВС БУХГАЛТЕРИЯ, ПАРУС, ТУРБО БУХГАЛТЕР жатады.

2. Операцияның құрылымы - Ірі кәсіпорындарға бағытталған ірі кешендік программалар мен жүйелер, жергілікті есептеу желесі және есептің белгілі бір бөлігіне бағытталған: Негізгі құралдар, Банктік операциялар, Касса, Жалақы, Материалдар, Қойма және т.б. осы сияқты ЖОА-ның жиынтығын береді.

Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өңдеу құралының, сонымен қатар енгізу және шығару формаларының көзі болып табылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ПРО, ИНТЕГРАТОР, БОСС 1.0, RS – баланс, СУПЕР- МЕНЕДЖЕР және т.б. жатады.

Жүйенің ашықтығы сонда оны кейінгі өзгерістерге байланысты пайдаланушы өз бетінше икемді күйге келтіре алады.

Программаны жұмысқа қосу барысында пайдаланушылардың әртүрлі санатына (категориясына) арналған бес модификациясы жасалған.

  • Лайт – кіші және орта кәсіпорындарға арналған меңгеруге оңай бухгалтерлік программа.

  • Негізгі (Базовая) – валютаның бір түрімен есеп жүргізетін, кіші және орта кәсіпорындарға арналған кешендік программа.

  • Проф – көп валюталы есеп жүргізетін кіші және орта кәсіпорындарға арналған кешендік программа.

  • Соло – орта және ірі кәсіпорныдардың бухгалтерлік есебін автоматтандыруға арналған программа.

  • Желілік версия – бірнеше пайдаланушылардың бірнеше жұмыс орны мен бір деректер базасы арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік беретін желілік программа.

3. Қосымша ішкі жүйелер.

«Еңбекақы» модулі

Бұл кез келген меншіктегі кәсіпорын үшін еңбекақыны есептеуге және кадр жұмысын жүргізуге арналған кәделі программадан тұратын ішкі жүйе.

Бұл жүйе есеп айырысу – төлем құжаттарын және т.б. салық органдарын тапсыратын құжаттарды автоматты түрде құрады.

«Негізгі құрал» модулі

Нақты объекті бойынша негізгі құралды кіріске алу және пайдалануға беру, негізгі құралдардың қозғалысын, негізгі құралдың шығының, қайта бағалау және т.б. байланысты егжей-тегжейлі есеп жүргізіледі.

«Салық төлеуші» модулі

Программа мемлекеттік салық инспекциясына нақты тұлғаның табысы туралы ақпарат, сонымен бірге зейнетақы қорына талап етілетін үлгіде мәліметтерді магниттік жинағыштарда дайындап береді. Жүйенің жұмыс істеу мүмкіндігі:

  • есеп беру құжаттарын қолмен құру;

  • есеп беру құжаттарын автоматты түрде құру.

«Сауда және қойма» модулі

Жүйе көтерме сауда және ұсық көтерме сауда, өткізу бөлімі мен өндірістік кәсіпорнындарды жабдықтау және қызмет көрсету саласына арналған. Жүйе сауда және қойма қызметіне байланысты мынадай операцияларды автоматтандыруға арналған:

  • тауарлар қозғалысының есебі (сату, сатып алу, қабылдау, босату, ішкі қозғалысы, түгендеу, есептен шығару);

  • қоймадағы тауар қалдығының орташа бағасы, ФИФО, ЛИФО әдістері бойынша бағалау;

  • сатуға берілген тауарлар есебі;

  • тауарлы-материалдық құндылықтарға байланысты банкалық және кассалық операцияларды жүргізу;

  • өндіріске материалдарды жіберу (босату) және өндірілген өнім есебі.

Жүйеде сауда қызметіне талдау және бақылау жасау мүмкіндіктері бар:

  • сатып алушылар мен жабдықтаушылар бойынша бақылау және талдау жасау;

  • сату көлемін талдау;

  • пайда мен шығынды талдау;

  • ақша қаражатының қалдығын, тауарлар қорын талдай.

«ЛУКА-ПРО» жүйесі. Қазақстандық ПЛЮСМИКРО фирмасы жасаған «ЛУКА-ПРО» жүйесі әртүрлі ауқымдағы кәсіпорындар есебін автоматтандыруға арналған.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. 1 С бухгалтерия бағдарламасына енудің қандай жолдары бар?

2. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру қалай жүргізіледі?

3. Қандай ішкі жүйелер бар?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]