Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
c4bd74b9-8343-11e3-9ea3-f6d299da70ee1с у.м..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

4. Студенттің өздік жұмыстары

4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар

Өз бетімен жұмыстарын орындау кезіндегі жалпы сұрақтар

Өзбетімен жасалатын зерттеу жұмыстарын студент өз бетімен орындау керек және жазбаша түрде курстың басты проблемасын дайындап құрастыруы керек.

Осыған байланысты дұрыс тақырыпты таңдау үлкен маңызды рөл б.т.

Студенттеге кафедра бекіткен және ұсынған кез-келген тақырыпты таңдауға құқық беріліпті. Жетекшімен келісілген студент өзі таңдаған тақырыптың атын өзгертуге болады. Тақырыпты таңдаған кезде бұл зерттеу жұмысы болашақта қорғалатын диплом жұмысының бөлігі болатынын ескеру қажет.

Өз бетімен зерттелетін жұмыстарын дайындаудың негізгі сатылары:

  • Өз бетімен зерттелетін жұмыстарын тақырыбын таңдау

  • Таңдап алынған тақырыптың әдебиеттерін іздестіру және танысу

  • Өз бетімен зерттелетін жұмыстарын бастапқы нұсқасын құрастыру

  • Таңдап алынған тақырыптың әдебиетімен танысу

  • Өз бетімен зерттелетін жұмыстарын қорытынды нұсқаның жоспарын құрастыру

  • Өз бетімен зерттелетін жұмысты толығымен жазу және оны тексеруге жетекшіге беру

  • Жетекшінің ескертулерін тыңдап жұмысты жалғастыру толықтырулар енгізу

  • Жетекшіге аяқталған жұмысты ұсыну

  • Өз бетімен зерттелетін жұмысты қорғау

4.2. Өз бетімен зерттелетін жұмыстың мазмұны мен құрылымы

Жұмыстың басында зерттеу жұмысының ең бастапқы жоспарды құру керек. Содан кейін таңдалған әдебиеттерді толығымен оқып танысу керек. Соның ішінен негізгі тақырыптың теориялық проблемаларды көрсететін жерлерді іздестіру қажет. Содан кейін ғана құрылымдық материалдарды кітаптар мен кітаптық пособияларды пайдалану қажет. Одан кейін монографиялар мен журналдар мақалаларға көшу қажает. Мұндай шараны қолдану білімнің жинақталуына келеді. Әдебиеттерді таңдау жүйесі құрастырылған кейін зерттеу жұмысының бастапқы нұсқасын өзгертуге болады.

Өз бетімен зерттелетін жұмыстың құрылымы:

Кіріспе, үш бөлімі, қорытынды, қолданылған әдебиеттер және қосымшалар. Бөлім ішінде міндетті түрде тақырыпшаларын көрсету керек.

Кіріспені міндетті түрде таңдалған тақырыптың негізгі мақсаттары мен міндеттерін зерттеу мен пәннің объектілердің актуальды түрде негіздеу қажет.

1 бөлімде тақырыптың негізгі теориясы көрсетілуі қажет . сонымен қоса экономистердің ғылыми ойлары көрсетілуі керек.

2 бөлімде тақырыпқа тәжірибелік нормативтік анализ жасау керек

3 бөлімде әлемдік тәжірибені есепке алу арқылы проблемалар дамуын және жүзеге асуын қарастыру

Қорытынды мазмұны мен шешім қабылдаудан тұру қажет.

Өз бетімен зерттелетін жұмыста материалдар мазмұны мағыналы және түсінікті болуы керек. Барлық бөлімдер бір бірімен тығыз байланыста болуы керек. Яғни бір бөлімнен бір бөлімге ауысқанда байланысты болуына көп көңіл бөлу керек. Жеке бөлімдерде қосымша материалдар, анықтамалық, монографиядан және басқа да әдеби көздерден алынған, сонымен қатар әртүрлі авторларды цитаталағанда сәйкес әдебиетті көрсетуі керек. Жұмыс аяғында қолданылған әдебиеттер тізімі болу керек, ал жұмыстың ортасында осы әдебиеттің нөмері орналасқан беті квадрат жақшаның ішінде көрсетілуі керек. Егер көзге бірақ одан цитата алынбаса онда жақшаның ішінде қолданылған әдебиеттің тізімдік нөмері болу керек.

Өз бетімен зерттелетін жұмысында пікір таластық сұрақтар болатын болса әр түрлі авторлардың ойларын келтіруі керек. әртүрлі авторлардың жұмысындағы көзқарастарды міндетті түрде салыстыру керек. Осылардан кейін студент өз ойын келтіруі немесе автордың айтуымен келіседі.

Материалдарды ұсынғанда онда кестелер графиктер бір әдебиеттен немесе өзі құрастырылған нұсқасы келтіріледі.мәтіндегі кестелер бір беттен артық болмауы керек егер асып кетсе ол қосымшаларға жатады. Кестенің аты және нөмері міндетті түрде болуы керек. өлшем бірліктері кесте атауының қасында , уақыт кезеңдері де міндетті түрде көрсетілуі керек. Немесе арнайы торда көрсетіліді.

Өз бетімен зерттелетін жұмыстың аяғында қолданылған келесідей тәртіпте жазылуы керек:

  • Арнайы құжат заңдылық актілер нормативті құжаттар

  • Оқу монографиялық әдебиет

  • Журнал газет

  • Инструкциялық материалдар

  • Статистикалық жинақтар есептік материалдар

Әдеби көздер авторлардың тегіне байланысты алфавиттік тәртіпте ал қалған материалдар хронологиялық тәртіпте болу керек. Әр әдебиет бойынша автордың тегі, инициалдары, жұмыстың толық аты , баспасы, басылымның басылған жылы және орны.

Газет журналдан материал алғанда мақаланың аты авторы, басылған жылы, журнал бетінің нөмері көрсетілуі керек. Қолданылған әдебиеттен кейін қосымша материалдар жазылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]