Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
c4bd74b9-8343-11e3-9ea3-f6d299da70ee1с у.м..doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.18 Кб
Скачать

Түзетуге ашу.

Дәріс жоспары:

1. Проводкалар журналына өту.

2. Журналдан іздеу.

3. Бастапқы қалдықты енгізу

1. Құжат операциясы проводкаларын ашу үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

  • Құжат үлгісіндегі құралдар тақтасынан немесе журнал терезесідегі --- кнопкасын таңдаңыз,

  • Программа менюінің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Опереция проводкасы (Проводки операции)» командасын таңдаңыз немесе

  • Программа менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Құжат (Документ)» бөлімін таңдап, онан кейін «Операцияны ашу (Открыть операцию)» командасын таңдаңыз.

Операциялар журналына өту.

Операциялар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

  • Құрадар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Программаның басты менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктін ашып, «операциялар журналына өту (Перейти в журнал операции)» командасын таңдаңыз.

  • Ctri+F11 пернесін басыңыз.

Проводкалар журналына өту.

Проводкалар журналына өту үшін келесі амалдардың бірін орындаңыз:

  • Құралдар тақтасынан --- кнопкасын таңдаңыз немесе

  • Программаның бас менюіндегі «Әрекет (Действия)» пунктінен «Проводкалар журналына өту (Перейти в журнал проводок)» командасын таңдаңыз.

2. Журналдан іздеу.

Журналдан іздеп табу үшін курсорды журналдың сол бағанасына қойып, пернелер тақтасынан ізделетін мәннің символын таңдаңыз. Журналдан іздеу курсор тұрған жерден бастап төмен қарай жүргізіледі. Құжаттар нөмірі бойынша іздеу үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Нөмері бойынша табу )найти по номеру)» режимін таңдаңыз. Экранда «Құжатты нөмері бойынша іздеу (Поиск документа по номеру)» терезесі шығады, құжаттың нөмерін теріп «Ок» кнопкасын басыңыз. Құжатты кез келген шарт бойынша іздеу үшін менюдің «Әрекет (Действия)» пунктінен «Іздеу (Поиск)» режимін таңдаңыз. Экранда «Іздеу (Поиск)» терезесі шығады.

Керекті мәнді теріп Іздеу (Поиск) кнопкасын басыңыз.

3. Бастапқы қалдықты енгізу.

Бухгалтерлік есепті 1С:Бухгалтерия программасымен жүргізуді жаңа тоқсаннан бастау ұсынылады.

Бастапқы қалдықты енгізбес бұрын мынадай амалдарды орындау керек:

  1. кәсіпорында қолданылатын шоттарды анықтау.

  2. субконто түрін және субконтоның өзін анықтау.

  3. талдамалы, сандық, валюталық есеп жүргізу белгілерін қою.

  4. есепті кезеңді анықтау «жыл, жарты ай, тоқсан, ай». Қалдық өткен кезңге (жыл болса өткен жылодың соңғы айына, тоқсан болса өткен тоқсанның соңғы айына, ай болса өткен айдың соңғы күніне) енгізіледі.

  5. операциялардың көріну аралыған анықтау. Қалдықты енгізу күні үшін әдетте айдың соңғы күні алынады.

Қалдықтың дұрыстығын тексеру.

Қалдықтарды журналға енгізіп болғаннан кейін оның дұрыстығы тексеріледі. Ол үшін «Қалдық-айналым ведомосын» қарап шығу жеткілікті. Егер қалдық дұрыс енгізілсе, 000 шоты бойынша соңғы Дебеттік және Кредиттік қалдықтар нолге тең болуы керек. Қалдық-айналым ведомсының дұрыстығын тексергеннен кейін кәсіпорынның шаруашылық қызметі басталады. Бұл кезеңде күнделікті кәсіпорында болған шаруашылық операциялары проводка немесе құжат түрінде Журналға енгізіледі және осы енгізілген проводкалар мен құжаттар негізінде керекті есеп беру құжаттары алынады.

Енгізілген проводкалар негізнде нәтижесінде нәтижені тоқсан, жыл, ай және кез келген кезеңде алуға болады. Нәтижені есептегеннен кейін программа мынадай тізімдемелерді береді:

  • жиынтық проводкалар

  • қалдық-айналым ведомосы

  • талдамалы есеп обьектісі бойынша қалдық-айналым ведомосы

  • карточка-шоттары

  • талдамалы есеп обьектісінің нақты обьектісі бойынша карточка шоттары

  • шоттарды талдау (күні бойынша, талдамалы есеп обьектісі бойынша)

  • барлық шоттар бойынша талдау есебінің обьектісіне талдау жасау

  • барлық шоттар бойынша талдау есебі обьектісінің карточкасы

  • журнал-ордерлер

  • шоттарды талдау

  • бас кітап

  • шахматка

  • ведомостар және тағы басқалар.

Журналдарда деректер жыл бойына сақталады, яғни бұрынғы проводкаларға түзету енгізуге, қарауға және тағы басқа да деректерге қол жеткізуге болады.

Өзін-өзі тексеру сұрақтары:

1. Бастапқы қалдықтарды қалай енгізуге болады?

2. Операциялар журналына өту қалай орындалады?

3. Журналдан іздеу қалай жүргізіледі?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]