
- •1. Глоссарий
- •2. Дәріс материалдары
- •2 Тақырып. Бухгалтерлік операцияларды журналға енгізуді автоматтандыру.
- •3 Тақырып. Бухгалтерлік есепті 1 с бухгалтерия жүйесінде жүргізу.
- •4 Тақырып. Шотты көшіру. Шоттарды жою
- •5 Тақырып. Анықтамалықтар. Анықтамалықты қарап шығу.
- •6 Тақырып. Топтың бұтақ тәріздес түрін қарап шығу.
- •Автоматтандыру.
- •Автоматты түрде енгізу.
- •Түзетуге ашу.
- •3.Тәжірибелік сабақтар
- •Автоматтандыру.
- •Автоматты түрде енгізу.
- •Түзетуге ашу.
- •4. Студенттің өздік жұмыстары
- •4.1 Студенттің өздік жұмысын ұйымдастыруға әдістемелік нұсқаулар
- •4.2. Өз бетімен зерттелетін жұмыстың мазмұны мен құрылымы
- •4.3. Осөж тақырыптарының тізімі
- •3. Анықтамалықтан қажетті тақырыпты қалай табуға болады?
- •4. Топтарды қалай таңдау керек?
- •5. Құжатты қалай көруге болады?
- •6. Жаңа шоттар жүйесін қалай енгізу керек?
- •7. Конфигурация анықтамалықтарда қалай қарастырылады ?
- •8. Констант дегеніміз не? Оның қолданылуы.
- •9. Проводкаларды немесе корреспонденцияларды операцияда ашу.
- •Журнал операциясын типтік операция режимінде қолдану.
- •11. Журнал операцияларын қалай ашамыз?
- •12.Құжаттар дегеніміз не?
- •13. Қажетті операциялық журналдағы көріністі қалай табамыз?
- •14. Тақырыптық құжатты қалай құрастырамыз?
- •15. Тақырыптық құжатты шығару?
- •16. Айналым ведомость дегеніміз не?
- •17. Субконто шотын қалай талдаймыз?
- •18. Есеп беруді қалай құрамыз?
- •19. Бағдарламаны қандай шрифте құрамыз.
- •20. Табло дегеніміз не, онымен қалай жұмыс істейміз?
УМКД 042-18-3.1.21/03-2013 |
Басылым № 3 |
|
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ |
||
3-деңгейлі СМЖ құжаты |
ПОӘК |
УМКД 042-18-3.1.21/03-2013 |
«Бухгалтерлік есепті компьютерлендіру» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары |
№3 Басылым |
ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ КОМПЬЮТЕРЛЕНДІРУ»
5В050800 «ЕСЕП ЖӘНЕ АУДИТ»
МАМАНДЫҒЫ СТУДЕНТТЕРІ ҮШІН
ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР
Семей
2013
Мазмұны
1 |
Глоссарий 3 |
2 |
Дәрістер 4 |
3 |
Тәжірибелік сабақта 27 |
4 |
Студенттердің өздік жұмыстары 33 |
1. Глоссарий
Бухгалтерлік есеп – білім саласы, жоғарғы оқу орнындарында оқытылатын ғылыми пән.
Бухгалтерлік шоттар – шаруашылық қаржылары мен олардың қайнар көздерімен болатын шаруашылық операцияларын ақшалай бағада бейнелеу, ағымдағы бақылау және топтаудың тәсілі
Бухгалтерлік баланс – бухгалтерлік есеп әдісінің бірі.
Код – шоттың толық коды (нөмірі);
Атауы (Наименование) – шоттың қосалқы шоттың атауы;
Вал. – валюталық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша валюталық есеп жүргізілсе, онда «Вал.» бағанасы (+) таңбасы қойылады;
Кол. – сандық есеп жүргізу белгісі.Егер берілген шот немесе қосалқы шот бойынша сандық есеп жүргізілсе, онда «Кол.» бағанасы (+) таңбасы қойылады;
Заб. – баланстан тыс шоттар белгісі;
Акт. – активтік шоттар белгісі.Нақты мәндері мынадай мәндерді қабылдайды: А – активтік, П – пассивтік, АП – активті-пассивтік;
Субконто. Программада талдамалы есеп жүргізу үшін субконто термині енгізілген. Талдамалы есеп жүргізілетін әрбір объекті субконто деп аталады. Талдамалы есеп объектілері (субконто) арнайы картотекалар көмегімен ұйымдастырылады. Мысалы, үйлер мен ғимараттар, компьютерлер, маталар, т.б. Ал субконтоның түрі бір тектес объектілер жиынтығынан тұрады. Мысалы, негізгі құралдар, тауарлар, материалдар, т.б.
Анықтамалықтар. Талдамалы есеп жүргізуде және құжаттарды толтыруда қолданылатын біртектес объектілер туралы тұрақты және шартты-тұрақты мәліметтерді сақтайтын орын. Сонымен қатар, анықтамалықтар субконтоның (объектілердің) мүмкін болатын мәндер тізімін құруға, яғни, талдамалы есеп жүргізуге арналған.
Тұрақтылар анықтамасы. Программадағы тұрақтылар анықтамасы жүйенің жұмыс барысында өзгермейтін немесе сирек өзгеретін деректерді сақтауға арналған. Мұндай деректерге жай мысал ретінде кәсіпорынның атауы, мекен-жайы, т.б. да деректері жатады.
Проводкаларды тексеру анықтамалығы. Бұл анықтамалық журналға енгізілген проводкалардың дұрыстығын тексеруге, яғни бақылау жасап отыруға арналған. Анықтамалыққа пайдаланушы мүмкін болатын шоттар корреспонденциясын енгізеді. Егер енгізу барысында сәйкес параметр қойылған болса, жүйе журналға енгізілетін проводкалардың дұрыстығын тексереді, кері жағдайда компьютер қосымша ақпарат береді.
Есеп беру және өңдеу. Есеп беру әртүрлі ақпараттар алу үшін қолданылады, ол белгілі бір шарт бойынша алынған егей-тегжейлі ақпараттан немесе нәтижеден тұрады. Есеп беру бухгалтерлік нәтижелерге талдау жасаумен бірге құралдар қозғалысын (қалдық-айналым ведомосын, журнал-ордерлерді және т.б.) және салық инспекциясына деректер дайындауға (баланс, салықтық есеп беру, бюджеттен тыс қорларға есеп беру) мүмкіндік береді.
Журнал. Журнал негізгі деректер базасы болып есептелінеді. Кәсіпорында болған күнделікті шаруашылық операциялары құжат арқылы немесе проводка түрінде журналға енгізіліп, сәйкес журналдарда сақталады. Журнал жүйедегі құжаттардың барлық кез келген түрімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
Типтік операция режимі. Типтік операция механизмі жиі кездесетін, стандартты операцияларды журналға енгізу автоматтандыру үшін қолданылады. Ол үшін пайдаланушы проводка «сценарийі» жазылған операция үлгісін құрады. Операция үлгісі бір немесе бірнеше проводкалардан тұрады және ол бухгалтердің көмегімен жасалады, ал проводка сомасы үлгіде көрсетілген формула арқылы есептеледі. Операция үлгісін құрудың тиімділігі – оны бір рет құрып көп рет пайдалануда.
Меню – программаның жұмысые басқаратын командалар тізімі. Менюден керекті команданы таңдау, сілтеменің көмегімен немесе пернелер тақтасындағы меню атауының үлкен әріпімен бөлектенген символын басу арқылы орындалады.
Мұрағат (архив) – кезекті есеп беру кезеңін (ай, апта, тәулік) жабу кезінде осы кезеңдегі журнал (деректер) мұрағатқа жазылады, ал алымдағы жаңа кезең үшін жаңа журнал ашылады. Мұрағаттағы журналға кез келген уақытта қол жеткізуге болады.
Тәулікті жабу – шаруашылық қызметіне байланысты тәулікті жабу керек болған жағдайда қолданылады. Тәуліктер – бір айға жетпейтін кез келген есепті кезеңнің шартты атауы.
Айды жабу – келесі есепті кезеңге көшу.
«Турбо Бухгалтер» жүйесі. Программа банк және касса операцияларын, жалақы есептеу, негізгі құралдар және материалдық емес активтер есебін, тауарлы-материалдық қорлар есебін автоматтандыруға, сонымен қатар жинақтау, талдау, сандық және көп валюталы есеп жүргізуге мүмкіндік береді.