- •Тыныс жеткіліксіздігінің обструкциялық жеткіліксіздігі дамиды://
- •Тыныс жеткіліксіздігінің обструкциялық түрінде, дамиды://
- •Тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрінің өкпе ішілік себептеріне жатады://
- •Тыныс жеткіліксіздігінің рестрикциялық түрінің өкпеден тыс себептеріне жатады://
- •Бронх өспесіне
- •Өкпенің перфузиялық қабілеті осы жағдайдатөмендейді://
- •Эйлер-Лильестранд рефлексі қосылуының бастаушы механизмі://
- •Кіші қан айналым шеңбері гипертензиясының посткапиллярлы түрі дамуы мүмкін://
- •Экспираторлық ентігу сипатталады://
- •Экспираторлы ентігу пайда болады://
- •Инспираторлы ентігу пайда болады://
- •Плевралық қуыстан ауаның шығарылуы қиындайды://
- •Өкпе тініндегі қуыс синдромы кезінде жиі туындайды://
- •Өкпеде қуыс осының салдарынан пайда болады://
- •Ересектердің респираторлық дистресс-синдромы дамуының экстрапульмональді себептеріне жатады://
- •Жүйке жүйесінде демиелинизация тетігінің іске қосылуына, осының түзілуі мен жиналуы ықпал етеді://
- •Гиперкинездерге жатады://
- •Жұлын көлденеңдігінің жартысы зақымданғанда байқалады://
- •Менингеалдық симптомдардың дамуын дәлелдейі://
- •1 Типті қантты диабет дамуының қауіп-қатер факторына жатады://
- •2 Типті қантты диабет дамуының патогенездік негізі болып саналады://
1 Типті қантты диабет дамуының қауіп-қатер факторына жатады://
стресс//
семіру//
жүктілік//
гиподинамия//
+ HLA гаплотиптері //
***
2 Типті қантты диабет дамуының патогенездік негізі болып саналады://
глюконеогенездің тежелуі//
гликогенолиз үрдістерінің баяулауы//
жасушалардан глюкоза утилизациясының күшеюі//
шынайы инсулиндік жеткіліксіздік//
+салыстырмлы инсулиндік жеткіліксіздік
***
Науқас 17 жаста, жалпы әлсіздікке, қатты шөлдейтініне, тәулігіне зәрдің жиі бөлінуіне шағымданады. Тексергенде: қанның сары суындағы глюкоза – 20 ммоль/л, тәуліктік диурез – 4,5 л, глюкозурия - 3 ммоль/л, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,035. Осы анықталған өзгерістер қандай біртектес дерттің түрлеріне жатады?//
бүйректік диабет//
+қантты диабет//
қантсыз диабет//
фосфатты диабет//
гестациялық диабет
***
Қантты диабет кезінде жиі дамиды://
+метаболизмдік ацидоз//
газдық емес алкалоз//
бөлінулік алкалоз//
тыныстық ацидоз//
экзогенді ацидоз
***
Науқас 35 жаста, нейроинфекцияны басынан өткергеніне 6 ай өткен соң басының ауыратынына, жалпы әлсіздікке, полиурияға, полидепсияға, эпигастрий аймағының ауырсынуына, іш қатуына, потенцияның төмендеуіне шағымданады. Тексергенде: қанның сары суындағы глюкоза - 3,7 ммоль/л, зәрдегі глюкоза – теріс, тәуліктік диурез – 4700 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,002. Осы анықталған өзгерістерге қандай гормонның жетіспеушілігі әкеледі?://
инсулиннің//
глюкагонның//
адреналиннің//
+вазопрессиннің//
трийодтирониннің
***
Панкреатикалық инсулиндік жеткіліксіздік осының нәтижесінде дамиды://
+ Лангенгарс аралшықтарындағы бета-жасушалардың деструкциясы//
бауырда инсулиназа белсенділігінің жоғарылауы//
инсулин рецепторларының бөгелуі//
адреналин өндірілуінің жоғарылауы//
синальбумин түзілуі
***
Науқасты тексергенде анықталды: қанның сары суындағы глюкоза - 4,5 ммоль/л, зәрдегі глюкоза – оң, тәуліктік диурез – 4200 мл, зәрдің салыстырмалы тығыздығы – 1,041. Осы анықталған өзгерістер қандай дерттің біртектес түрлеріне тән?://
фосфат-диабет//
+бүйректік диабет//
қантсыз диабет//
1 типті қантты диабет//
2 типті қантты диабет
***
Аурухананың қабылдау бөліміне науқас естүссіз жеткізілді. Науқаста терең, шулы тыныс байқалады, терісі және шырышты қабаттары құрғақ. Дем алатын ауада ацетонның иісі сезіледі. Қанның сары суындағы глюкоза –25 ммоль/л, кетонды денелер – оң. Осындай жағдай қандай гормонның жетіспеушілігі кезінде дамуы мүмкін?//
кортизолдың//
+инсулиннің//
окситоциннің//
вазопрессиннің//
норадреналиннің
***
21 жасар Р. науқас 2 жыл бұрын байқалған мойынның алдыңғы беткейінің айтарлықтай жуандалуына шағымданды. Бірақ, науқас дәрігерге бұл жағдаймен қаралмаған. Соңғы кездері құрғақ жөтелді, дауысының қарылуын, тез шаршағыштықты, қоршаған ортаға қызығушылығының жоғалуын, ұйқышылдықты байқаған болатын. Көбіне өсімдік тағаммен тамақтанады. Топырағы сортаң ауданда тұрады, сол ауданның тұрғындарының көбісі зобпен ауырады. Тексергенде негізгі алмасу төмендеген, қанда тироксиннің мөлшері төмендеген, қалқанша бездің радиоактивті иодты қабылдауы тездеген. Осындай өзгерістер қалқанша безі қызметі бұзылысының қандай біртектес дерттік үрдістеріне тән?://
гипотиреоз//
Хашимото зобы//
+эндемиялық зоб//
диффузды токсикалық зоб//
қалқанша безінің аденомасы
***
Тиреоидты гормондардың артығымен жиналуы, тиреоид ынталандырушы антиденелердің түзілуі, Т-хелперлер мен Т-супрессорлар арасындағы қызметтік тепе-теңдіктің бұзылыстарының нәтижесінде дамитын ішкі секреция бездерінің аутоиммунды ауруларына жатады -://
+диффузды токсикалық зоб//
қалқанша безінің аденомасы//
жеделше тиреоидит//
эндемиялық зоб//
түйінді зоб
***
Науқас 25 жаста, тез шаршайтынына, жоғарылаған тітіркенгіштігіне, жыламсырауына, ыстықтау сезіміне, тершеңдігіне, қолының қалтырауына, жүрек соғуына, жүдегеніне шағымданады. Кешке қарай дене температурасы 37,50С дейін көтеріледі. Тексергенде: терісі жылы, жұқа, ылғал, көзі бадырақ тәрізді, қолдың саусақтарымен зерттегенде қалқанша безі жалпы үлғайған. Қанда трийодтиронин және тироксиннің мөлшері жоғарылаған. Осы эндокринопатияға қандай өзгерістер тән?://
гипогликемия//
гипонатриемия//
гиперпротеинемия//
гиперхолестеринемия//
+негізгі зат алмасудың жоғарылауы
***
Науқас 37 жаста, жалпы әлсіздікке, ұйқышылдыққа, апатия, еске сақтау қабілетінің төмендеуіне, естудің нашарлауына, денесінің қалтырауына, іштің қатуына шағымданады. Объективті: дене температурасы - 35,20С, Терісі сарғыш-бозғылт, қалың, қатты ұстағанда суық, қабыршақтанады. Беті ісінген, қөзқарасы сөнік, басында шашы сирек, құрғақ; қимылдары баяу, қозғалысы бөгелген; сөзі анық емес. Брадипноэ, брадикардия, артериялық гипотензия. Қан құрамында -гипоальбуминемия, гиперхолестеринемия, глюкозаның мөлшері қалыпты. Негізгі алмасу төмендеген. Диагнозды нақтылау үшін қандай гормондардың деңгейін анықтау қажет?://
катехоламиндердің//
жыныс гормондардың//
+тиреоидты гормондардың//
глюкокортикостероидтардың//
минералокортикостероидтардың
***
Гиперпаратиреозға тән болып саналады://
гиперкалиемия//
гипернатриемия//
гипермагниемия//
гиперфосфатемия
+гиперкальциемия
***
Науқас 32 жаста, кезеңді түрде дамитын, ауыру сезімін тудыратын бет пен қолдардың бұлшық еттерінің құрысқақ ұстамаларына, тыныс алудың қиындауына, іш аумағындағы ауырсынуға шағымданады. Құрысқақ ұстамасының алдында аяқ-қолдары тоңады, жансызданады, денесі түршігеді. Ауру қалқанша бездің уытты аденомасына байланысты осы без бөлігінің резекциясын жасағаннан кейін пайда болды. Эндокринді жүйедегі осындай біртектес дерттік үрдістерге электролиттер алмасуының қандай бұзылыстары тән?
қанда кальций және фосфаттың мөлшерінің көбеюі//
қанда кальций және фосфаттың мөлшерінің төмендеуі//
+қанда кальцийдің төмендеуі және фосфаттың жоғарылауы//
қанда калцийдің қалыпты болуы және фосфаттың азаюы//
қанда кальцийдің жоғарылауы және фосфаттың азаюы
***
Бүйрекүсті безінің екі жақты зақымдануы нәтижесінде дамитын бүйрек үсті безі қыртысының созылмалы біріншілікті жеткіліксіздігі осының дамуына әкеледі://
Конн ауруына//
Грейвс ауруына//
Аддисон ауруына//
Симмонд ауруына//
+Иценко-Кушинг ауруына
***
