Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

10.. Қалыпты босанғаннан кейінгі кезең.Босанған әйелді күту.

Босанғаннан кейінгі кезең ұрық жолдасының туылуынан басталып 6 аптаға дейін созылады. Босанудан кейінгі алғашқы екі сағат босанудан кейінгі ерте кезең болып есептеледі.

Босанудан кейінгі ерте кезеңде босанғаннан кейінгі алғашқы бир сағатта әр 15 минут, екінші сағатынды әр 30 минут сайын жатыр тонусын және қынаптық бөліндіні лохииді тексереді. Босанғаннан 30 минуттан кейін және 2ші сағатының соңында артериялық қысымын, температура және пульсін өлшейді. Және де қан жоғалту мөлшері анықталады. Егер әйелдің және нәресте жағдайы қанағаттандырарлық болса босанудан кейінгі бөлімшеге ауыстырылады. Кеш босанудан кейінгі кезеңде жүктілік және босану кезіндегі ана организміндагі өзгерістер қалпына келеді. Жатыр. Босанғаннан кейін жатыр жиырылуы нәтижесінде жатыр көлемі кішірейіп, қабырғасы қалыңдап шар тәрізді пішінге ие болады. Жатыр түбі қасағадан 12-15 см жоғары орналасады, қуысының ұз 15-20см, қаб қалыңдығы түбінде -4-5см, ені- 10см, массасы 1000гр құрайды. Қалыпты босанудан кейінгі кезеңде жатыр түбі күн сайын шамамаен 2 см төмендеп отырады. Массасы 3 апта соңында 250гр, ал босанудан кейінгі кезең соңында бастапқы 50гр жетеді. Жатыр мойнының инволюциясы өте баяу жүреді. Босанғаннан 10-12 сағаттан кейін жатыр мойны қалың кайма тәрізді болады. Каналы воронка тәр. 3 тәуліктен кейін ішкі аңқа 1 саусақ енгізеді. 10 тәу.кейін ішкі аңқа толық жабылады, ал 3 аптадан соң сыртқы аңқа жабылып саңылау тәрізді болады. Жатырдың ішкі шырышты қабатының қалпына келуі 3-4 тәулік ішінде болады. Шырышты қабаты қалпына келу барысында децидуальды қабықтың сыдырылуы, сыдырылған тіндік элементтер және қан ұйындылары-лохии бөлінеді. Қынап босанғаннан кейінгі кезеңде тонусы қалпына келіп, көлемі кішірейеді, ісіну мен гиперемиясы жойылады. 6-7 тәулікте тыртықтары толық жазылады. Жамбас түбі бұлшық еттері тонусы да біртіндеп қалпына келеді.

Жатыр түтікшелері. Ісіну мен гиперемия қайтқаннан кейін жатыр түтікшелері жаиырмен бірге жамбас қуысына түседі. 10 тәу соңында әдеттегі горизонтальды қалпына ие болады.

Жатырдың байлам аппараттарының тонусы 3 апта соңында толық қалпына келеді.

Аналық безі. Сары денеің регрессиясы аяқталып, фолликулдер жетіле бастайды. Бала емізбейтін әйелдерде 6 аптаның соңында етеккірі келе бастайды. Бала емізетін әйелдерде бірнеше ай немесе бала емізу мерзімінде етеккір болмайды. іш қабырғасының қайта қалпына келуі 6 апта соңында аяқталады. Жүктілік жолақтары ағарады. Кейбір әйелдерде іштің тік бұлш етінің ажырауы қалып қояды.

Сүт безі. Босанудан кейінгі кезде сүт безі жақсы дамиды. Уыз бөлінеді.

11. Физиологиялық босанғаннан кейінгі кезең. Сүт бездерін күту.

10сурак.

Сүт безінде үрпіде жарықшалар (трещина) және лактациялық мастит дамымауы үшін әйел гигиеналық талаптарды сақтауы, сонымен қатар нәрестені төске дұрыс салуыды білуі қажет. Тәулігіне бір рет бала емізер алдында душ қабылдау, немесе төсін жылы сумен жуып туруы қажет. Бала емізер алдында қолды жуу қажет. Жарықшалар пайда болмау үшін баланы төске дұрыс салу қажет. Баланың төске дұрыс салынуының 4 000белгісі:

  1. бала аузы ашық

  2. Баланың еріндері сыртқа қайырылған

  3. Егер бала төске дұрыс салынса оның еріндері ареоланың үлкен бөлігін ішке алады. Ареоланың жоғарғы бөлігі төменгі бөлігіне қарағанды көбірек көрінеді.

  4. Баланың иегі анасының кеудесіне тиіп тұрады.

Ана емізу барысында баланың мұрнының төспен жабылып қалмауын қадағалау қажет. Сонымен қатар екі төспен де кезектеп емізген дұрыс. Әр емізуден кейін сүт безін сауу керек. Егер бала ембесе, немесе сүт безі толып тұрса сауып тастау керек .

Емізудің техникасының бұзылуы, баланың күшпен емуі, лактостаз жарықшалардың туындауына әкелуі мүмкін. Оның клиникалық көрінісі емізу кезінде ауырсынумен, жергілікті гиперемия, жарықша беткейінен қан бөлінуімен сипатталады. Сонымен қатар босанудан кейінгі септикалық асқыныстардан алдын алу үшін палатадағы және жеке гигиеналық талаптар орындалуы қажет. Ананың сүт безімен және жыныс мүшесімен контактке түсетін барлық зат стерильді болуы керек. .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]