Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

6.Сыртқы акушерлік зерттеу әдістері. Жүкті әйелді қарау. Жамбасты өлшеу. Соловьев индексі. Михаэлис ромбысы.

Жүкті әйелді қарау жалпы қараудан бастайды.Бойын,дене қалпын,әйел салмағын және тері жабындысын тексереміз. Бойы 150 см және одан төмен әйелдер қатары жүктіліктің үзілу қаупі жоғары топқа жатады. Дене массасы 70кг және бойы 170см ден жоғары әйелдерде ірі ұрықтың туылу қаупі жоғары. Семіздік түрлі әдістермен анықталады. Ең кең таралған Брок көрсеткіші: Бойы(см) минус 100 қалыпты дене массасына сәйкес. Семіздігі бар әйелдерде жүктілік(кеш гестоздар,мерзімі асып кеткен жүктілік) пен босануда(босанудың әлсіздігі,қан кетулер) асқыныстар пайда болады. Жүктілік кезінде беттің,іштің ақ линиясының, үрпімаңы шеңберлердің күшейген пигментациясы болуы мүмкін. Іштің терісінде,кейде сан мен сүт бездерінде қызыл−қошқыл түсті жүктілік стрияларын көруге болады. Іштің пішінін анықтау маңызды болып саналады. Ұрықтың бойлай орналасуы кезінде іш сопақ пішінді болады,ал ұрықтың қиғаш және көлденең орналасуында іштің қиғаш бағытта созылуы байқалады. Әйелдердегі түктену типін де қарап, мүмкін болатын адреногенитальді синдромды анықтау керек.

Жамбасты өлшеу арнайы инструмент Мартин жамбас өлшеуішін пайдаланамыз. Зерттелуші әйел қатты кушеткада өзара ашылып,тізе және сан буынында аяғын бүгеді. Әйелге қарама қарсы бағытта тұрып дәрігер аспаптың аяқшаларын үлкен және сұқ саусақтарымен ұстап, ІІІ ші және ІV ші саусақтарымен сүйектегі қажет нүктелерді тауып, аспаптың аяқшаларын орналастырады. Негізінен жамбастың үш көлденең өлшемді арқасымен жатқызып және бір тік өлшемін бүйір жағына жатқызып анықтайды.

1.Distantia spinarum− алдыңғы жоғарғы мықын қырлары арасындағы өлшем, ол 25-26 см ге тең.

2.Distantia cristarum− мықын қырларының ең алыс орналасқан нүктелері арасындағы қашықтық 28-29 см ге тен.

3.Distantia trochanterica− ортан жіліктің үлкен ұршықтары арасындағы қашықтың 31-32см.

Қалыпта көлденең өлшемдер арасындағы қашықтық 3см ден кем не артық болмауы қажет.

4.Conjugata externa−(Боделок диаметрі) қасағаның жоғарғы сыртқы қырының ортасы мен V бел омыртқасы мен I сегізкөз омыртқаларының қосылған жерінде. Сыртқы конъюгата қалыпта 20-21см ге тең. Бұл өлшем бойынша шынайы конъюгатаны(11см) анықтауға болады. Шынайы конъюгатаны

Михаэлис ромбы− V бел омыртқасы мен I сегізкөз омыртқасының бірікккен жерін анықтауға болады. Сегізкөз ромбы сегізкөздің артқы бетінде орналасып, жамбасы дұрыс жетілген әйелдерде формасы квадратқа ұқсас,бұрыштары 90ºқа сәйкес келеді. Ромбтың вертикаль не көлденең өлшемдерінің өзгеруі, ассиметриясы жамбас өлшемдерінің аномалиясын білдіреді. Ромбтың жоғ.қабырғасы− V бел омыртқасының қылқанды өсіндісіне сәйкес келеді. Бүйір бұрыштары−жоғарғы артқы мықын қырларына сәйкес,төменгі бұрышы−сегізкөздің құйымшақпен қосылған жеріне сәйкес. Сыртқы конъюгатаны анықтағанда тазомерді, михаэлис ромбының бүйір бұрыштарын қосатын линия бойынан 1,5-2 см жоғары орналастырады.

Соловьев индексі− сүйектердің қалыңдығы жайлы анықтау үшін қажет. Саниметрлік лентамен білезік буынында өлшемді анықтайды. Әйелдің сүйегі жіңішке болған сайын индекс кіші болады,ал сүйегі жуандаған сайын индекс артады. Дене дамуы қалыпты әйелдерде индекс 14,5-15,0см ге тең. Бұл жағдайда диагональді конъюгатадан 9см ді азайтады. Егер білезік буынында өлшем 15,5см және жоғары болса,онда диагональді конъюгатадан 10см азайтады. Егер білезік буыны 14см ден аз болса,онда жамбас қуысы мен ішкі өлшемдері үлкен болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]