Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

68. Климактерлік синдром. Клиникасы, диагностикасы, емделуі.

Ерте перименопаузальды кезеңде эндокринді, вазоматорлы, психоэмоцианальды бұзылыстармен сипатталатын симптомокомплекс – климактерлік синдром деп аталады.Бұл кезеңде эстроген жеткіліксіздігіен ОЖЖ-де айқын өзгерістер пайда болады, нейротрансмиттерлер мен эндогенді опиаттардың продукциясы өзгереді. Организмнің жүрек-қантармыр, тыныс алу жүйесі, термореттеу орталығы мен психоэмоционалды орталықтардың функциясын реттеуге қатысатын гипоталамус пен гипофиздің тропты гормондарының өндірілуі мен айналымы бұзылады.

Клиникасы: валоматорлы, эндокринді және психоэмоцианальды өзгерістермен көрінеді.Вазоматорлы көріністерге:түңгі уақытта тершеңдік, қалтырау, гипергидроз, бас ауру, гипертензия, гипотензия, тахикардия, қызба сезімі. Ыстық көтерілу(приливы жара) бетке, басқа, дененің жоғарғы бөлігінде сезіледі, және кенеттен пайда болады,оған бас айналу, әлсіздік, тыныстың жиілеуі, жүрек айнумен сезімдері қатарласып жүреді. Психоэмоциональды өзгерістерге: тітіркенгіштік, мазасыздық,тез шаршағыштық, есте сақтаудық төмендеуі, қорқыныш пен үрей сезімінің орын алуы, тәбетінің төмендеуі, депрессия сезімдері жатады. КС ағымында атипиялық формалары кездеседі: эндокринді жүйедегі көптеген өзгерістер, симпатоадреналды криздермен, климактериялық кардиодистрофиялармен көрінеді.Эндокринді-зат алмасулық бұзылыстар: перифериялық эндоеринді бездер қызметінің бұзылуы, семіздік, қант диабеті, жыныс мүшелерінде атрофиялық өзгерістер, дисфункциональды жатырдан қант кетулер, гипергидрозбен көрінеді. Гиперлипедемия, гипергликемия зат алмасу процестерінің бұзылыстары нәтижесінде дамиды.

Диагностика аса қиындық тудырмайды, негізінен жиі кездесетін сиптомдар арқылы, лабораториялық гормональды зерттеу әдістері, рентгендік зерттеу, және Куппенман индексін қолдену тиімді. Емі эстроген гормонының жеткіліксіздігі болғандықтан орынбасушы горманальды терапия жүргізіледі: «табиғи эстроген препараттары» - дивигель 1мг, климара 39мг аптасына, эсрофем 2мг, премарин 1,25мг; Комбинирленген эстроген-гестагенді терапияға прогестерондар қосылады: медроксипрогестерон ацетат, норгестрел, ципротерон ацетат, дезогестрол т.б.ОГТ-ны толық және тұрақты эффект беру үшін 1-2 жыл үздіксіз қолдану қажет. Сонымен қатар витаминотерапия, физиотерапиялық емдер тағайындауға болады.

69.Жедел сальпингоофорит. Этиологиясы. Диагностикасы. Емделуі. Әйелдің репродуктивті қызметінің реабилитациясы.

Жедел сальпингоофорит қабыну ауруларының ішінде 75% жағдайде кездеседі.Ауру әсіресе активті жыныстық өмір сүретін жас әйелдерде кездеседі. Жедел сальпингоофорит полимикробты этиологиялы ауруға жатады, соның ішінде ішек таяқшасы, энтерококк, стафилакокк, стрептококк, клебсиелла қоздырғыштары тудырады. Инфекция өрлеуші жол арқылы таралады, әсіресе менструация, ЖІС қолданғанда, диагностикалық трансцервикальды араласуларда, жүктілікті үзгенде инфекцияның жұғу қаупі жоғары.Қабыну процесі эндосальпинкстен басталып оның шырышасты, бұлшықетті қабатына жайылады, түтікшеге іріңді қабынулық экссудат жинақталады. Аналық бездің қабыну процесіне қосылуы екіншілік болып саналады. Алдымен жедел периоофорит дамиды. Клиникасы: әйел іштің төменгі бөлігінде сегізкөзге, санға, тік ішекке иррадиацияланатын ауырсынуға шағымданады, жыныс жолдарынан іріңді, қан аралас бөліністермен көрінеді, және жалпы интоксикациялық белгілермен қатар жүреді. Аурудың әр бір асқынысы алдыңғысынан ауыр түрде өтеді.Диагностикасы анамнез мәліметтеріне, ауру ағымының ерекшеліктеріне, клиникалық және лабораториялық, аппаратық зерттеу мәліметтеріне сүйенеді.Әйелді жалпы қарағанда өзгерістер байқалмайды, бірақ іштің төменгі бөлігінің пальпациясында ауырсынумен көрінеді.Жатыр мойны мен қынапты айнамен қарағанда цервикальды каналдан іріңді, серозды-іріңді, қанаралас бөліністер анықталады. Цервикальды каналдан жұғынды бактериологиялық зерттеуге жұмсайды Жалпы қан және зәр анализдеріне талдау жасау қажет. Нақты диагнозды қоюға УЗИ көмектеседі. Жатыр қосалқыларының қабыну дәрежелерін нақты көрсететін лапароскопия әдісі арқылы жедел сальпингоофортті анықтап қана қоймай, бактериологиялық зерттеуге материал алып, іріңнен тазартып ,қабыну ошағына антибиотик енгізуге мүмкіндік береді.

Емі: катаральды сальпингоофоритте 7-10 күнге келесі антибиотиктер тағайындалады: ампициллин 0,5г әр 6 сағат сайын+0,5г метронидазолды күніне 3 рет бірге қабылдау қажет; Цефуроксим 0,75г әр 8сағат сайын метранидазолмен бірге тағайындау қажет; Цефотаксим 1,0г әр 8 сағат сайын метранидазолмен 0,5г 2-3рет тәулігіне бірге қабылдау керек; Клиндамицин 300мг әр 6сағат сайын, гентамицин 80 мг 8-12 сағаттан кейін. Қабыну этиологиясы хламидиялық болса макролидтер, фторхиналондар, тетрациклин тағайындауға көшеді. Іріңді сальпингоофоритте келесі емдеу схемасы ұсынылады: амоксиклав в\в 1,2г 8-12сағ кейін+доксициклин0,1г, тиментин 3,1г әр 6 сағат сайын в\в+доксициклин 0,1г; цефотаксим3,0г+доксициллин0,1г+метронидазол 500 мг в\в; клиндамицин 900мг әр 8 сағат сайын в\в+гентамицин180-240мг 1 рет тәуліне тағайындалады. Ауру ағымының ерекшелігінед байланысты инфузионды детоксикация, антигистаминді препараттар, қабынуға қарсы препараттар, знзимотерапия жалпы емге қосылуы мүмкін. Комплексті ем қатарына физиотерапия: магнитолазеротерапия, төментолқынды магнитотерапия қосылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]