Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

62.Гонореялықпельвиоперитонит. Клиникасы, диагностикасы, емделуі.

Құрсақ қуысына гонореялық инфекцияның түсуінен дамиды.Ол инфекция жатыр түтікшесіндегі іріңнің түсуінен,пиосальпинкс,пиовардың,тубоовориальды түзілімнің жарылуы кезінде пайда болады.Клиника: іштегі оте жылдам ауырсыну,жүрек айну,құсу,үлкен дәрет пен газдың шықпауы тән.Тіл құрғақ,ақ жабынмен жабылған, пульсі 100-120соққы/мин,температура 40градус.Щеткин-блюмберг симптомы оң.СОЭ-60-70мм/сағ лейкоцитозбен сай келмейді.Диагностика аурусыну өте күшті интенсивті болады.УДЗ,лапороскопия, және қынаптың артқы күмбезінен пункция жасау арқылы және уретрадан,жатыр мойнынан,тік ішектен жұғын алып оны тексеру арқылы,пальпация жасау кезінде анықтауға болады.Гонореялық инфекцияда экссудат сұр-фиброзды,фибринге бай болады.Сол себепті ішті пальпациялағанда түзілім анықталады. Өйткені фибрин өте пластикалық болғандықтан тез арада ол шарбымен және ішек ілмектерімен жабысып түзілім түзеді.Түзілім жамбас қабырғасына жабыспай,жатырдың кішкене артқы жағында кездеседі.Уретрадан жұғынды алып бактериоскопиялық зерттегенде гонорея бар екені анықталуы мүмкін.Және де лабораториялық көрсеткішке сүйенеміз.Емі консервативті және оперативті ем.Емі науқастың жағдайына,процестің жайылуына байланысты жүргізіледі.Жедел түрінде стационарға жатқызу керек.Төсектік режим,антибактериальды ем жүргізіледі.Бензилпенициллин 300000ЕД б/і 3сағат сайын,анальгетиктер-ауырсынуды басу үшін,канамицин б/і 500 000ЕД күніне 2рет,және сульфаниламидтер тобындағы препараттар тағайындалады.Тамыр ішіне кальций хлордин енгізеді.Іштің төменгі бөлігіне мұз басу.Аутогемотерапия жүргізіледі.Температура төмендегеннен соң физиотерапия жүргізіледі.5-6 күннен соң температура төмендегеннен соң,гоновакциина б/і,200млн микробтық денешіктер тағайындайды.Егерде қапшықтәріздес түзілім анықталса, онда қынаптың артқы күмбезі арқылы пункция жасаймыз да антибиотик енгіземіз.Ал егерде қосалқыларда қапшықтәрізді ісік болса,концервативті ем көмектеспесе хирургиялық ем жасаймыз.

63.Аналық без апоплексиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Дифференциалдыдиагноз. Дәрігер тактикасы.

Аналық бездің жыртылуымен көрінетін жедел көмекті қажет ететін патологиялық жағдай.Клиника аурудың 3 түрлі дәрежесінде көрінеді.1.Жеңіл дәрежесінде-қысқа ұстамалы ауырсыну,ішті пальпациялағанда әлсіз ауырсыну,жүрек айну.2.Орташа дәрежесінде-ауырсыну айқын және ұзақ,ирадиацияланады,жалпы әлсіздік,тері бозаруы,жүрек айну,құсу,перитонеальды симптомдар.3.Ауыр дәрежесінде-іштің төменгі бөлімінде үнемі, өатты ауырсыну,ирадицияланады,АҚ төмендеген,суық тер,бозару,тахикардия,перитонеальды симптомдар айқын, ішек парезі.Диагностика шағымдарына,клиникасына жэәне лабораториялық көрсеткіштерге,УДЗ,күмбез арқылы пункция,лапораскопия негізінде қойылады.Қан анализінде гематокриттің,гемоглобиннің,эритроциттің деңгейінің төмендеуі.Бимануальды тексергенде-жатыр өзгермеген,қосалқылар зақымдалған жақта үлкейген,ауырсынады,қынаптың артқы күмбезі ісінген,жатыр мойнын жылжытқанда ауырсынады.Диффдиагностика эктопиялық жүктілікпен,жедел аппендицитпен,аднекситпен жүргізіледі.Эктопиялық жүктілік кезінде зәрді хориондық гонадотропинге тест жасау керек.Аппендицит кезінде қанда лейкоцитоз бен СОЭ жоғарылауы және Кохер,Ровзинг,Воскресеньский,Ситковский симптомдары орын алады.Тактика апоплексияның дәрежесіне байланысты концервативті және оперативті түрде жүргізіледі.Жеңіл дәрежесінде төсектік режим,ішке суық басу,ауырсыну басу және динамикада ұстау.Ал орташа және ауыр дәрежесінде операция жасалады.Операциядан алдын реанимациялық шаралар жүргізіледі.Операциялық емде органды сақтап қалуға тырысу керек.Лапапороскопиялық операцияда құрсақ қуысын қаннан тазартып,аналық бездің зақымдалған аймағынн коагуляциялау жүргізіледі.Жүкті әйелдерде сары денешікті алып қалуға тырысу керек.Егер безде киста анықталса операция көлемі ұлғаяды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]