Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

58.Трихоманадтыкольпит. Клиникасы, диагностикасы, емделуі. Алдын алу

Трихомонадтыкольпит-қынаптың трихомонадпен коздырылатын инфекциялық ауруы.

Клиникасына байланысты: балғын(жедел,жеделдеу,торпидті)-ұзақтығы 2 айдан аспайды,созылмалы-ұзақтығы 2 айдан асады,және трихомонадатасымалдаушы болып бөлінеді.Инкубациялық кезеңі 3-5 күннен 20-30 күнге созылады.Жедел және жеделдеу трихомониазда әйелдер жыныс жолдарынан сұр-сарғыш түсті көп,іріңді,сұйық және көпіршікті жағымсыз иісті бөліністер, жыныс органдарыың аймағында ашу,қышу сезімдерінің болуына шағымданады.Жыныстық қатынастан кейін ауырсыну.Іштің төменгі бөлімінде ауырсыну байқалады.Кей кезде зәр шығару аймағында да қышу, ашу және ауырсыну байқалады.Торпидті түрінде шағымдары болмауы мүмкін.Созылмалы стадиясында вульва аймағында қышу және бөліністермен көрінеді.

Диагностика:1.шағымдары2.Айнамен қарағанда: қынаптың шырышты қабырғасында гиперемия,ісіну және жеңіл қанталау,көпіршікті сұйықтықпен жабылған және қынаптың артқы күмбезіне жиналып тұрғаны байқалады.Торпидті түрінде жоғарыдағы белгілер байқалмайды.Созылмалы түрін тек кольпоскопиямен анықтауға болады.

3.Микроскопиялық зерттеу.Зақымдалған ошақтан жұғынды алып Грамм және Романовский бойынша бояғанда анықтауға болады.Сол кезде қынаптың III және IV тазалық дәрежесінде трихомонадтар анықталады.

4.Кольпоскопия-торпидті формасын анықтау үшін қолданылады.5.ПЦР

Дифференциальды диагноз гонореямен жүргізіледі.

Тактика: Әйел мен күйеуінің емі бірге бірдей уақытта жүргізіледі.Ем уақытында жыныстық қатынасқа түсуге,ішімдік қабылдауға болмайды.

Этиотропты ем.Трихомониаздың негізгі эффективті емі метронидазол(трихопол,флагил)

Емдеу схемасы:1-ші күні-0,5г трихополды тәулігіне 2 рет 12сағат интервалмен, 2-ші күні-0,25г тәулігіне 3рет 8сағат интервалмен.Қалған 4 күнде 1,25г тәулігіне 2 рет. Немесе 10 күн бойы тәулігіне 0,25г.

Тинидазол 2,0г 1рет ішке қабылдайды.

Жергілікті ем ретінде кешкісін 0,5г метронидазолы бар свеча қынапқа енгізіледі,тержинан ұйықтар алдында 1 қынаптық свеча 10күн. Вакцина солкотриховак 3рет бұлшықет ішіне 0,5мл 2 ай интервалмен.Ревакцинация 12 айдан соң.Профилактика.Ретсіз жыныстық қатынаспен күресу.Ерлі –зайыптылардың екеуі де емделуі міндетті.Жеке бас гигиенасын сақтау,гинекологтың қабылдауында тексеріліп отыру.

59.Әйел жыныс мүшелерінің кандидозы. Клиникасы, диагностиксы, емделуі. Алдын алу

Негізгі қоздырғышы-шартты-патогенді ашытқытәрізді саңырауұлақтар әсіресе C.albicans болып табылады.

Клиникасы: cүт тәріздес ақ түсті бөліністер,жыныс органдарында ашу,қышу сезімдері.Қышу ұйқы уақытында, жыныстық қатынастан кейін күшейеді.Жыныстық қатынастан кезінде ауырсыну, жағымсыз иістің шығуы тән. Кандидотасмалдаушылық көбіне симптомсыз түрде өтеді.

Диагностика: шағымына, анамнез жинауға, айнамен қарағанда қынаптың және вульваның шырышты қабықшасында және терісінде везикула тәріздес бөртепелер,ісіну,гиперемия болуына байланысты және де қынаптан алған жұғындыны микроскопиялық зерттегенде әр түрлі даму стадиясындағы ашытқытәріздес саңырауқұлақтардан тұратын ақ түсті клеткалар және дөңгелек жабындылар болуына байланысты қоямыз. Сонымен қатар дақылдық,ПЦР,ИФА, серологиялық әдістерді қолданамыз.Аурудың созылмалы түрінде қынапта атрофиялық өзгерістер мен тіннің инфилтрациясы болады.Соңғы кезде кандидоз трихомониаз,гонореямен қоса көрінінеді.

Емі: этиотропты,патогенетикалық,симптоматикалық түрде жүргізіледі.Жалпы және жергілікті ем.Ерлі-зайыптылар екеуіне де бірдей жүргізіледі.

Саңырауқұлаққа қарсы антибиотик -нистатин 250 000 және 500 000ЕД , 1-2 таблетка күніне 3-4 рет 10-14 күн, және қынаптық свеча түрінде 250 000-500 000ЕД күніне 2 рет 10-15 күн.

Клотримазол қынаптық таблетка 0,2-0,5г және 1,2,10% мазь 5-7күн

Полижинакс,тержинан қынаптық капсула түрінде 12 күн бойына-интравагинальды.Созылмалы түрінде –дифлюкан,орунгал.

Егер трихомониазбен қосарланса- Клион Д қынаптық таблетка 1 рет,10күн бойына.Профилактикасы: жеке бас гигиенасын сақтау, қорғанусыз жыныстық қатынастан бас тарту,медикаментозды препараттарды дұрыс қолдану,ауруды ерте анықтап, уақытында емдеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]