Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

4.Физиологиялық босанудың клиникалық ағымы. Кезеңдер, айдаушы босану күштері және олардың сипаттамалары.

Босану жалпы физиологиялық процесс болып табылады,ол жатырдан және босану жолдарынан ұрықты ,плацентаны оның қабықшалары мен ұрықмаңы суын айдап шығарумен сипатталады. Физиологиялық босану 10 акушерлік ай (280 күн және 40апта) соң,ұрықтың дамып құрсақтан тыс өмір сүруіне қабілетті болады. Босану кезеңдері үш периодтан тұрады:І−ашылу кезеңі алғашқы регулярлы (ретті) толғақтармен басталып,сыртқы аңқаның ашылуымен аяқталады. Жатыр мойныныңтегістеліп, жамбасқа кіреберіске келіп тірелетін бас үшін жатыр аңқасының ашылуы. Күшену кезінде жатыр денесінің бұлшықеттерінде:а)бұлшықет талшықтарының жиырылуы−контракция,б)жиырылып жатқан бұлшықет талшықтарының бір біріне қарай қозғалуы−ретракция. Әрбір жиырылу кезінде бұлш.талшықтарының қысқарып,көршілес бұлш.талшықтарына өріле еніп орналасады. Кушену арасындағы мезгілде бұлш.орны сақталады. Сонымен қатар ретракция төменгі сегменттің созылуы мен каналдың кеңеюі –дистракция жүреді.

ІІ−айдау кезеңіжатырдың мойнының толық ашылуымен басталып, нәресте туылуымен аяқталады. ІІІ− кезең нәрестенің туылып,ұрықжолдасының бөлінуімен аяқталады.

Айдаушы босану күштері : Толғақтар− жатырдың бұлш.толқын тәрізді жиырылуы. Толғақ нәтижесінде ұрық құрсақтан айдалып шығады. Жатыр мойнының ашылуынан соң, күшену пайда болады. Ол бір мезгілде екі күш әсерлерінен жатыр денесінен плацентаның бөлініп,оның шығуына ықпал етеді. Толғақ алдымен жатыр түбінің оң жақ бұрышынан басталып,доминантты қозу ошағы болып саналады. Қозудың таралу толқыны бүкіл бұлш.жайыла төменге қарай бағытталады. Жатырдың төменгі сегментінде тегіс бұлш. аз,сондықтан ол босану кезінде жұқарып,созылады. Босану кезеңінің басында толғақтар 10−15 секундтан, соңына қарай 1,5 мин ішінде 60-80ретке дейін. Толғақтар арасындағы паузалар 10−15 мин,кейіннен әрбір 2-3минут сайын,тіпті одан жиі. Толғақ кезінде жатырішілік қысым артады. Күшену – жатыр мойнына ұрықтың келіп тұрған бөлігінің тіреліп, ондағы нерв талшықтарын және параметральді аймақтағы,жамбас түбі бұлш.нервтерін тітіркендірумен рефлекторлы түрде пайда болады. Күшену еріксіз туатын процесс алайда босанушы оның күшінің интенсивтілігін қадағалай алады. Күшенудің маңыздылығы тек айдау кезеңі мен последовый кезеңде,ббұл кезде құрсақішілік қысым артып,жатыр ішіндегілерін қысым аз жаққа,кіші жамбасқа қарай шығаруға тырысады.

5.Сыртқы акушерлік зерттеулер.Леопольд-Левицкий тәсілдері.

Сыртқы акушерлік қарау кезінде төрт Леопольд-Левицкийтәсілі қолданады. Дәрігер босанушы не жүкті әйелдің оң жағында әйелдің бетіне қарап тұрады.

І ші тәсіл− жатыр түбінің биіктігін және нәрестенің қай бөлігіне сәкес екендігін анықтайды. Екі қолдың алақандары жатыр түбінде орналасып, саусақтар бір біріне қарай бағытталады,бірақ жанаспайды. Жатыр түбі биіктігін семсер тәрізді өсінді мен кіндікпен салыстыра анықтай отырып, жатыр түбіндегі ұрық бөлігін анықтайды. Жамбас бөлігі ірі,жұмсақ,қозғалмайтын бөлік болса, ұрықтың басы−ірі,тығыз,қозғалмалы бөлік болады.

Ұрықтың көлденең не қиғаш орналасуындажатыр түбі бос болады да,ірі бөліктер кіндік деңгейінде оң не сол жақтан,кейде мықын аймақтарында байқалады.

ІІ ші тәсіл−ұрықтың қалпы,позициясы мен түрі анықталады. Қолдың білезіктері жатыр түбінен бүйірлеріне қарай сырғи отырып, алақан бетімен жатырдың бүйір беттерін пальпациялаймыз. Ұрықтың арқасы мен ұсақ бөліктерін анықтаған соң,ұрықтың позициясын айта аламыз. Егер ұсақ бөліктер оң жақтан да,сол жақтан пальпацияланса,егіздер жайлы ойлауға болады. Ұрықтың арқасы тегіс,еш бұдырсыз беткей болады. Егер арқасы артына қарай бағытталған болса, онда артқы түр жайлы ойлауға болады. Ұсақ бөліктер бұл кезде айқын білінеді.

ІІІ ші тәсіл − ұрықтың кіші жамбасқа қатысты келіп тұрған бөлігін анықтаймыз. Тәсілді оң қолдың алақан бөлігімен келіп тұрған бөлікті ұстап,үлкен саусақты барынша алшақтатып,үлкен және ортаңғы саусақтар арасымен ұстаймыз. Бұл кезде симптом баллотирования анықтау шарт,егер келіп тұрған бөлік ұрықтың басы болса.

ІV ші тәсіл− ұрықтың келіп тұрған бөлігі мен жамбас қуысы кеңістіктеріне сәйкес орналасуын анықтау. Дәрігер зерттелуші әйелдің аяқтарына қарап тұрып, қасаға сүйегінің горизантальді линиясы бойынан латеральді жаққа қарай қолын орналастырып, жамбасқа кіреберіс кеңістік пен келіп тұрған бөлік арасына енгізеді. Ол арқылы келіп тұрған бөліктің орналасуы мен қозғалғыштығы,кіші жамбасқа кіреберіске келіп тірелуі немесе кіші және үлкен сегменттер арасында фиксациялануы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]