Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

56.Цитомегаловирустыинфекция және жүктілік.Жүргізу ерекшеліктері, ұрыққа әсері.

Цитомегаловирустыинфекцияның қоздырғышы-цитомегаловирус,ол герпестік вирустар туыстығына жатады.Көбіне жүкті әйелдер ЦМВ-ты инфекциямен жүкті болмай тұрып жұқтырады.Вирустың инфекциясы сүйіскенде,қорғалмаған жыныстық қатынас кезінде және ауалы-тамшылы жолмен жұғады.ЦМВ инфекциясы сілекейде,қанда,спермада кездеседі.Вирус анасына ұрыққа келесі жолдармен жұғады.Трансплацентарлы,босану кезінде босану жолдары арқылы өткенде,босанғаннан кейін баланы сүйгенде, және емізгенде жұғады.Жүкті әйелде вирустың клиникасы симптомсыз түрде өтеді. Кейде жай суық тиюге ұқсас белгілер байқалады.Температураның аздап жоғарылауы,құрғақ жөтел,қалтыраумен жүреді.ЦМВ инфекциясы ұрыққа және жаңа туылған балаға қауіп төндіреді.Вирус нерв жүйесімен қатар,бауыр бүйрек,сілекей бездерінде көбеюге қабілетті.

Диагностика:вирусологиялық,иммунологиялық әдістер,ПЦР,қанның жалпы және биохимиялық анализі,УДЗ және амнион сұйықтығын зерттеу. Жүктіліктің 1-ші жартысында ұрықтың вирусты жұқтырса онда ұрықта гидроцефалия,жүрек ақаулары,АІЖ даму ақаулары болып,жиі өздігімен жүктілікті үзумен аяқталады.Жүктіліктің 20-32 аптасында мерзінен бұрын босану немесе ұрықтың іште өліп қалуы байқалады.Ал 32-аптасынан кейін жұқтырса онда бла тері аурулары(герпестік бөртпелер),катаракта,микрофтальмия,хориоретинит және ОЖЖ зақымдалуымен(микро- гидроцефалия) туылады. Егер вирус жүктіліктің 1 -ші және 2-ші жартысында анықталса, онда жүктілікті үзу керек.Егерде анасы вирусты іріншілік жұқтырса және амниоцентезде анықталса.Ал егер 3-ші жартысында анықталса әлі ұрық вирусты жұқтырмаса,кесар тілігі арқылы босандырамыз

57.Герпестік, хламидиялық инфекция және жүктілік. Жүргізу ерекшеліктері, ұрыққа әсері.

Қарапайым герпес вирусы 75-80%жағдайда ұрықтың неонатальды өліміне алып келеді,ал созылмалы ағымды болса 0,5-1% жағдайда ұрық инфицирленеді, жедел генитальды герпесте инфицирлену қаупі 40% құрайды. Герпестік инфекция кезінде плацента мен ұрықтың зақымдалуы жүктілікің кез-келген мерзімінде болуы мүмкін, ол ұрықтың антенатальды өліміне, тау пайда болған ақауларға, мерзімінен бұрын босануға әкеледі.

Инфекция трансплацентарлы жолмен немесе өрлеуші жол арқылы таралуы мүмкін. Ұрықтың инфицирленуі жүктіліктің 20 аптасында болса, ол спонтанды түсікке әкеледі, 20-32 аптада инфицирлену мерзімінен бұрын босану немесе ұрықтың антенатальды өліміне соқтырады, 32 аптадан кейін инфицирленуден балада тері(герпестік бөртпе, жара), көз(катаракта), ОЖЖ(микро-гидроцефалия) зақымдалуларымен туылады. Егер әйел жүктіліктің ерте мерзімінде алғаш рет инфицирленген болса, онда жүктілікті үзу туралы сұрақтар шешіледі. Ал ауру жүктіліктің кеш мерзімдерінде туындаса ұрықтың жағдайына динамикалық бақылау жүргізіп, курстық терапия тағайындалады. Жүкті әйелдерде инфекция біріншілік немесе рецидивті болуы мүмкін. Босануды жүргізу тактикасы жүктіліктің соңында жыныс мүшелерінің зақымдалуына, ұрық көпіршігі жарылған сәттен бастап герпес вирусының бөлінуі мен уақытына байланысты таңдалады. Жүктіліктің соңында жыныс мүшелері герпестік зақымдалған болса босануды кесерев тілігі арқылы жүргізу қажет.

Хламидиоз хламидия шақыратын, жыныстық жолмен берілетін инфекциялық ауру, ауру көбіне симптомсыз өтеді, жүкті әйелдер көбіне жағымсыз иісті іріңді-шырышы, шырышты бөліністерге,

сыртқы және ішкі жыныс мүшелері аймағында аздап ауырсыну, қышу, ашу сезімдеріне шағымданады. Жүктіліктің ерте мерзімдерінде инфицирлену түсікке, ұрықтың құрсақішілік дамуының тоқтауына алып келеді яғни инфекция плацентарлық жеткіліксіздікке алып келіп,ұрықта асфиксия дамиды.Сонымен қатар ұрыққа қоректік заттар жетпей қалуынан бала аз салмақпен,анемиямен,авитаминозбен туылуы мүмкін.Жүктіліктің кеш мерзімдерінде инфицирлену балаларда мынадай асқыныстарға алып келеді: офтальмохламидиоз, пневмония, Фитца-Хью-Куртис синдромы. Жүктілік кезінде хламидиозды жергілікті және жалпы емдейді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]