
- •1.Қр акушерлік- гинекологиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі.
- •2..Жүкті әйелдің ағзасының босануға дайындығының клиникалық көрсеткіштері (босану жаршылары, жатыр мойнының пісіп жетілуі).Ұрықтың болжамды салмағын анықтау
- •3.Уақытына жеткен және шала туылған кездегі, нәрестенің морфофункционалды жетілулерінің белгілері.
- •4.Физиологиялық босанудың клиникалық ағымы. Кезеңдер, айдаушы босану күштері және олардың сипаттамалары.
- •5.Сыртқы акушерлік зерттеулер.Леопольд-Левицкий тәсілдері.
- •6.Сыртқы акушерлік зерттеу әдістері. Жүкті әйелді қарау. Жамбасты өлшеу. Соловьев индексі. Михаэлис ромбысы.
- •7.Босанудың бірінші кезеңінің клиникалық ағымы мен жүргізу. Партограмманы жүргізу.
- •8.Босанудың екінші кезеңінің клиникалық ағымы мен жүргізу. Акушерлік тәсіл.
- •9.Босанудың 3ші кезеңін клиникалық жүргізу.Плацентаның ажырау белгілерін анықтау.
- •10.. Қалыпты босанғаннан кейінгі кезең.Босанған әйелді күту.
- •11. Физиологиялық босанғаннан кейінгі кезең. Сүт бездерін күту.
- •12. Нәрестелерді күту, алғашқы дәреті, гонобленореяның алдын алу.
- •13. Жүктіліктің кеш мерзімін диагностикалау Ұрықтың жүрек соғысының тыңдау техникасы.
- •14. Жүктіліктің ерте мерзімін диагностикалау. Жүктілік мерзімін анықтау..
- •15.Ұрықтың құрсақ ішілік жағдайын зерттеу әдістері.
- •17) Ддұ ұсыныстары бойынша қауіпсіз жүктілікті жүргізу.
- •18) Апгар шкаласы бойынша нәресте жағдайын бағалау. Кіндік қалдығын өңдеу.
- •19) Ұрықтың шүйдемен келудің алдыңғы түріндегі босану биомеханизмі.
- •20) Босануды жансыздандыру әдістері.
- •21) Етеккір қызметі бұзылысының жіктелуі
- •22) Жыныс мүшелерінің қабыну ауруларының жіктелуі.
- •23) Дисфункциональды жатырдан қан кетудің жіктелуі.
- •24) Контрацепцияның гормональды әдістерінің жіктелуі.
- •25.Контрацепциянын жіктелуі
- •26. Кольпоскопия (қарапайым және кеңейтілген). Жатыр мойнының қатерлі ісігін ерте анықтаудағы кольпоскопияның ролі.
- •28. Ректовагинальды зерттеу
- •29.Онкоцитологияға жұғынды алу. Көрсеткіштер. Техникасы
- •30. Гинекологиялық науқастарды эндоскопиялық зерттеу әдістері.
- •31.Гинекологиялық науқастарды рентгенологиялық зерттеу әдістері.
- •33.Бимануальды гинекологиялық зерттеу
- •Етеккір қызметін. Етеккір қызметін реттеудің деңгейлері
- •34.Бедеу некені тексеру алгоритмі.
- •39.Ауыр дәрежелі преэклампсия. Клиникасы, диагностикасы, емделуі. Босануды аяқтау әдістері.
- •40.Жеңіл дәрежелі преэклампсия. Клиникасы, диагностикасы, емделуі. Босануды аяқтау әдістері.
- •Плацентаның алда жатуы. Себептері, жіктелуі, дифференциалды диагноз, клиникасы, акушерлік тактикасы.
- •Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы.Себептері, дифференциалды диагноз. Клиникасы. Кідіріссіз көмек көрсету.
- •43.Эклампсия. Клиникасы. Диагностикасы. Эклампсиялық ұстама кезіндегі кідіріссіз көмек.
- •44.Ұрықтың жамбаспен келуі. Жіктелуі. Этиологиясы. Таза жамбаспен келген кездегі босану биомеханизмі.
- •45.Анемия және жүктілік. Жүктілік пен босануды жүргізу ерекшеліктері.
- •46. Жүктілердің ерте токсикозы. Диагностикасы. Емделуі.
- •47. Тар жамбас. Жіктелуі. Тар жамбас кезіндегі жүктілік ағымы мен босануды жүргізу.
- •48. Босану қызметінің әлсіздігі. Этиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емделуі.
- •49. Қант диабеті кезіндегі жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктері.
- •50.Атониялық акушерлік қан кетулер. Себептері. Кідіріссіз көмек және дәрігер тактикасы.
- •51. Жіті пиелонефрит және жүктілік. Клиникасы. Диагностикасы. Емделуі.
- •52. Клиникалық тар жамбас. Диагностикасы. Босануды жүргізу.
- •53. Акушерліктегі геморрагиялық шок. Жіктелуі. Диагностикасы, дәрігер тактикасы.
- •54.Жатырдың жыртылу қаупі. Клиникасы. Диагностикасы. Тактикасы.
- •55.Hellp-синдром: диагностикасы, қарқынды терапия.
- •56.Цитомегаловирустыинфекция және жүктілік.Жүргізу ерекшеліктері, ұрыққа әсері.
- •57.Герпестік, хламидиялық инфекция және жүктілік. Жүргізу ерекшеліктері, ұрыққа әсері.
- •58.Трихоманадтыкольпит. Клиникасы, диагностикасы, емделуі. Алдын алу
- •59.Әйел жыныс мүшелерінің кандидозы. Клиникасы, диагностиксы, емделуі. Алдын алу
- •60.Репродуктивті жастағы дисфункционалды жатырдан қан кету. Этиологиясы, патогенезі, диагностика мен емдеу әдістері.
- •62.Гонореялықпельвиоперитонит. Клиникасы, диагностикасы, емделуі.
- •63.Аналық без апоплексиясы. Клиникасы. Диагностикасы. Дифференциалдыдиагноз. Дәрігер тактикасы.
- •64.Жатыр қосалқыларының арнайы емес қабыну аурулары. Жіктелуі. Диагностикасы. Емдеу принциптері.
- •65. Жатырдан тыс жүктілік. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы.Емделуі. Алдын алу.
- •66.Гениталдыэндометриоз. Жіктелуі. Клиникасы. Диагностикасы. Емделуі.
- •67.Етеккір алды синдром. Патогенезі. Клиникасы, диагностикасы, емделуі.
- •68. Климактерлік синдром. Клиникасы, диагностикасы, емделуі.
- •69.Жедел сальпингоофорит. Этиологиясы. Диагностикасы. Емделуі. Әйелдің репродуктивті қызметінің реабилитациясы.
- •71.Аналық бездің кисталары. Жіктелуі.Этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы,емделуі.
- •76.Жатырішілік контрацепция. Әсер ету механизмі. Көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері.
- •77.Контрацепцияның тосқауыл әдістері. Әсер ету механизмі. Көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері. Қолдану әдістері .
- •78.Лактациялық аменорея әдісі (лаә), әсер ету механизмі, артықшылығы, кемшілігі.
- •79.Спермицидтер. Әсер ету механизмі. Қолдануға көрсеткіштер. Кемшіліктері.
- •80.Кешенделген ауыздық контрацептивтер. Артықшылығы, тағайындауға көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштер, жанама әсерлері. Қабылдау шарттары.
20) Босануды жансыздандыру әдістері.
Көптеген әйелдерде босану әрекеті ауырсыну сезімімен жүреді. Бұл жағдай әсіресе жатыр мойыны ашылуы кезінде және ұрықтың айдалуы кезінде айқын байқалады. Босану кезінде жатырда, жатыр байламдарында және параметрийде нерв соңдарының, талшықтарының және өрімдерінің тітіркенуіне жағдай туындайды. Айдау кезеңінде жамбас түбі бұлшықеттерінің және сыртқы жыныс мүшелері нерв соңдарының тітіркенуі жүреді.
Ауырсыну қоздырғыштары жатыр және жатыр мойыны нерв соңдарынан миелинсіз нерв талшықтары бойымен вегетативті нерв бағандарына түседі, Tx-LII деңгейінде жұлынға немесе бас миының бағандық бөліміне енеді. Осы жерде олар соматикалық ауырсыну жолына бірігіп, соның құрамында ауырсыну сезімінің жоғары бөлімдеріне жетеді. Қозу процессіне сопақша ми, көпір және гипоталамустың нерв құрылымдарының қосылуына нәтижесінде ауырсыну тітіркендіргішімен байланысты вегетативті реакциялар туындайды. Бұл жерден импульсация үлкен ми жарты шарының қыртысына беріледі, осы жерде ауырсыну қоздырғыштары ауырсыну сезіміне ауысады.
Ауырсынудың қалыптасу механизмінде үш негізгі нысанын ажыратуға болады:
Жатыр, жатыр мойыны, жамбас түбі бұлшықеттері т.б. орналасқан нервтік рецепторлардан, нерв талшықтарынан шығатын афферентті импульсация;
Келіп түскен импульсацияға орталықтардың (гипоталамус, үлкен ми қыртысы) әсері;
Вегетативті және қозғалғыш реакциялардан тұратын эфферентті жауап.
Ауырсынудың эфферентті механизмі вегетативті нерв жүйесінің симпатикалық бөлімі арқылы іске асады. Ауырсыну сезімі қалыптасу үшін қанда және тіндерде катехоламиндер мен биологиялық активті заттардың (адреналин, норадреналин, серотонин, дофамин) , гистаминдер мен кининдердің жиналуы маңызды. Биологиялық активті заттар сонымен бірге ауырсыну сезімін күшейтетін дистрофиялық өзгерістерді дамытады.
Босануды жансыздандырудың екі әдісі бар:
Дәрілік;
Дәрілік емес: психопрофилактикалық дайындық, гипнотерапия, аутогенді және гетерогенді жаттығулар, иглорефлексотерапия.
Психопрофилактикалық дайындық мақсаты ауырсынудың психогенді компонентін жою, қорқыныш сезімін басу, босанудың физиологиялық ағымында ауырсыну міндетті еместігін түсіндіру. Дайындық жүктілік бсталған кезеңнен бастап жүргізіледі, босанудан 4 апта бұрын әйелдерге арнайы 4-5 сабақ жүргізіледі, мұнда оларға босану кезеңдерімен таныстырады, босану кезінде ауырсыну сезімін басатын іс-әрекеттерге үйретеді.
Босануды фармакологиялық заттармен жансыздандыру босану әрекеті тұрақты болған кезде және жатыр мойыны 3-4см ашылған кезде жүргізіледі. Кең қолданысқа ие препараттар: үлкен транквилизатор тобындағы психотропты заттар және кіші транквилизаторлар анальгетик, спазмолитиктермен бірге.
Транквилизаторлар ауырсыну сезімі кезінде үлкен ми қыртысының функциональды жағдайын қалпына келтіреді. Егер босану актісі қалыпты ағыммен жүрсе, әйелге транквилизаторлар тағайындалады. Жатыр мойыны 3-4см ашылған кезде және босану әрекеті жақсы болған кезде бұлшықетке промедол және пипольфен енгізіледі. Егер босанушы әйелде нерв-психикалық әрекет жоғары болса, онда транквилизаторлардың көлемін екі есе ұлғайтады, бұлшықетке промедол, пипольфен, димедрол енгізеді. Нейролептанальгезия дроперидол және фентанил препараттарының көмегімен жүргізіледі.
Кең көлемде перидуральды анестезия жүргізіледі. Ол LI-II немесе LIII-IVдеңгейінде жасалады. Анестетик ретінде тримекаин және лидокаин қолданылады. Бұл әдіс айқын акушерлік және экстрагенитальды патологияларда ғана қолданылады:гестоздың ауыр формалары, дискоординациялық босану әрекеті, жатыр мойны дистоциясы, жүрек, тыныс алу ақаулары т.б. Перидуральды анестезия кезінде жамбас түбі бұлшықеттері рефлексін блокадалауына және аралық бұлшықеттерінің релаксациясын шақыруына байланысты ашылу кезеңінің соңында анестетиктердің енгізілуі тоқтатылуы тиіс.
Ингаляциялық анестетиктерге закись азота, трихлорэтилен жатады.