Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

19) Ұрықтың шүйдемен келудің алдыңғы түріндегі босану биомеханизмі.

Бұл босану механизмінің ең жиі кездесетін түрі. 4 кезеңін ажыратады.

  1. Бірінші кезең- бастың бүгілуі, жатыр мойынының ашылу кезеңінің соңында ұрық басы кіші жамбас астауына кіре беріске орналасады және оның сагиттальды жігі жамбастың көлденең немесе қиғаш өлшемінде тұрады. Айдау кезеңінде жатыр және құрсақ қуысы қысымы жоғарыдан жамбас соңына, ал одан ұрықтың омыртқа жотасы мен басына беріледі. Омыртқа баспен орталығында емес, шүйде маңына жақын байланысқан, соған байланысты рычаг қалыптасады, оның қысқа иығының соңында шүйде, ал ұзын иығының соңында маңдай орналасады. Жатырішілік және құрсақішілік қысым омыртқадан ең алдымен шүйде аймағына беріледі. Шүйде төмен түседі, ал иек кеуде торына жақындайды, кіші еңбек үлкен еңбңектен төмен орналасады. Кіші еңбек шүйдемен келудің алдыңғы түрінде бастаушы(ведущая, проводная точка) нүкте болып табылады.

Ұрық басының бүгілуі нәтижесінде ол кіші жамбас астауына кіші қиғаш өлшемімен (9,5 см) енеді.

  1. Екінші кезең- шүйдемен алдыға қарай бастың ішкі айналымы немесе дұрыс ротация. Ұрық басы алдыға қарай бағытталған іс –әрекеттер жасайды және сонымен бірге поворачивается вокруг продольной оси. Осы кезде шүйде (және кіші еңбек) алдыға қарай бұрылады, ал маңдай (және үлкен еңбек) артқа қарай бұрылады. Көлденең өлшемде тұрған сагиттальды жік өзінің орнын ауыстырады. Ұрық басы жамбас кеңістігіне түскен кезде сагиттальды жік қиғаш өлшемге келеді, бірінші позицияда- оң жақ қиғаш, екінші позицияда-сол жақ қиғаш. Жамбас кеңістігінен шыға берісте сагиттальды жік оның тік өлшемінде орналасады. Осымен бастың ішкі айналымы аяқталады, кіші еңбек тікелей симфизге бағытталады.

Ұрық басы жамбас кеңістігінде қозғалғанда 90ᵒ бұрыш жасап айналады.Ішкі айналым жамбас кеңістігіне кіргеннен жамбас түбіне жеткенше жалғасады.

  1. Үшінші кезең- бастың жазылуы. Бүгілген бас жамбас шыға берісіне жеткен кезде, оған жамбас түбі бұлшықеттерінен қарсылық кездеседі. Жатыр және құрсақ бұлшықеттерінің жиырылуы ұрықты төменге бағыттайды. Жамбас түбі бұлшықеттері бұл бағытта ұрықтың қозғалуына кедергі жасап, оны алдыға немесе жоғары қарай бұрады. Осы екі күш нәтижесінде ұрық басы жазылады. Шүйдеасты шұңқыры шап асты доғасына тікелей бекіген соң бастың толығымен жазылуы жүреді.Бұл аймақ бекіту нүктесі болып табылады. Бас жазылған кезде жыныс саңылауынан ретті қалыппен: төбе аймағы, маңдай, бет, иек туылады. При переднем виде затылочного предлежания головка прорезываетсячерез вульву плоскрстью, проходящей через малый косой размер (окружность 32см) .

  2. Төртінші кезең- кеуденің ішкі және бастың сыртқы айналымы. Ұрық басы туылған соң өзінің позициясына байланысты бетімен анасының санының оң немесе сол жағына қарайды. Бастың сыртқы айналымы кеуденің ішкі айналымына тікелей тәуелді. Иықтар өзінің көлденең өлшемімен жамбастың қиғаш немесе көлденең өлшеміне барып тұрады, жамбас кеңістігінде иықтардың айналымы жүреді және олар қиғаш өлшемге ауысады. Жамбас түбінде иықтардың ішкі айналымы аяқталады, нәтижесінде олар жамбас шыға берісінде тік өлшемге сәйкес келіп тұрады. Иықтардың айналымы басқа беріледі, иықтар жамбас шыға берісінің тік өлшеміне келген кезде ұрық басы анасының санына қарай бұрылады. Иық белдеуі туылған соң ұрықтың басқа дене мүшелерінің айдалуы жүреді. Бұл үрдіс тез әрі кедергісіз өтеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]