Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_zhanat.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
417.99 Кб
Скачать

17) Ддұ ұсыныстары бойынша қауіпсіз жүктілікті жүргізу.

Қауіпсіз жүктілік – бұл әйел денсаулығына зиян келтірмейтін қолайлы жаста қалаулы сәбилердің дүниеге келуін қамтамасыз ететін, олардың өмірін сақтап, мүгедектіктің алдын алатын, сәбилердің тәрбиеленуіне жағдай жасайтын әлеуметтік- экономикалық,, құқықтық және медициналық шаралардың жиынтығы.

Қауіпсіз жүктілік инициативасы репродуктивті денсаулықты және неонатальды күтімді қорғаудың 5 принципін қарасатырады:

  1. Аналар мен сәбилерге босануға дейінгі, перинатальды, босанудан кейінгі көмекті ұйымдастыруды жақсарту;

  2. Отбасыны жоспарлауда жоғары сапалы ұсыныстар беру;

  3. Қауіпті аборттардың алдын алу;

  4. Жыныстық жолмен берілітін инфекциялармен және ВИЧ/СПИД – пен күресу;

  5. Сексуальды денсаулықты нығайту.

Босану бөлмесі:

  1. Жеке әйелге арналған

  2. Таза, бірақ стерильді емес

  3. Жылы (температурасы 25С-тан төмен емес, ешбір жерден жел соқпайды)

  4. Мерзімінен ерте босану болса температурасы-28С-тан кем болмауы керек

  5. Жақсы жарықтанған

  6. Ана мен нәрестеге арналған реанимациялық құралдары бар

  7. Жанұяға бағытталған

  8. Өз-өзін неғұрлым жақсы, “үйдегідей” сезінуі қажет.

Босанудың 1-кезеңіндегі ана қалыптары:

  1. Вертикальды қалып және еркін қозғалыс:

  • Босану ұзақтығы қысқарады

  • Босануды жансыздандыру сирек

Ауырсынуды басатын фармациялық емес әдістер:

  • Релаксация техникалары

  • Ысқылау мен сипау

  • Контрқысым

  • Суда болу (ванна, душ)

  • Суық немесе ыстық компресс

  • Көңілді дыбыстық тітіркендіргіштерге аудару (музыка).

Босанудың 2-кезеңіндегі вертикальды қалыптар:

Негізгі артықшылықтары:

  • Ұрық жүрек қағысының бұзылыстары төмендейді;

Кемшіліктері:

  • 2-дәрежелі аралық жыртылу дәрежесін жоғарлатады;

  • Қан жоғалту көлемі 500 мл-ден жоғары болады.

Босанудың 3-кезеңін күтіп жүргізу:

  • Аса сақтықпен бақылау

  • Кіндікті тарпаусыз және жатырды басусыз

Босанудың 3- кезеңін белсенді жүргізу:

  • Бала туылғаннан кейін 1-минутасында окситоцинді (10ME б/е) немесе жатыр жиырылуын шақыратн басқа препараттарды енгізу;

  • Бақыланатын кіндік тракциясы жолымен плацентаның туылуы;

  • Плацента туылғаннан кейін жатырға сыртқы массаж жасау.

18) Апгар шкаласы бойынша нәресте жағдайын бағалау. Кіндік қалдығын өңдеу.

Жаңа туылған сәбидің жағдайын Апгар шкаласы бойынша туылған соң 1мин кейін және 5мин кейін бағалайды.

Cәби туылған соң стерильді ватамен немесе марлямен үстін сүртеді. Стерильді баллончикпен сәбидің мұрнындағы және аузындағы сілекейді сорып алады. Акушер сәбидің жалпы қимыл қозғалысын, түр бейнесін бақылайды. Ең бірінші офтальмобленнореяның профилактикасы жасалады. Ол үшін сульфацил –натрий ерітіндісі қолданылады. Кіндікті өңдеу 2 кезеңнен тұрады: Бұл әрекеттің алдында акушер қолын спиртпен өңдеп, қолғап киеді.

  • Кіндікті біріншілік өңдеу: кіндіктегі қан тамырлардың пульсациясы аяқталған соң кіндік сақинасынан 10-15 см қашықтықта Кохер қысқышы салынады , екінші қысқыш біріншісінен 2 см сыртқа қойылады. Қысқыштар арасындағы кіндік бөлігін 5% йодтың спиртті ерітіндісімен немесе 95% спиртпен өңдейді және кеседі.

  • Кіндікті екіншілік өңдеу: кіндік сақинасы мен Кохер қысқышы арасында орналасқан кіндік қалдығын 95% спиртке салынған мақтамен өңдейді. Кіндік сақинасынан 0,3-0,5 см қашықтықта Кохер қысқышын салады және оны 1-2 мин қалдырады. Осыдан кейін Кохер қысқышының орнына Роговиннің металл скобкасын қояды және кіндік қалдығын қатты қысады. Скобкадан жоғары кіндік тінін кеседі, қанды алып тастайды. Қалған кіндік бөлігін 5% калий перманганаты ерітіндісімен өңдейді және оған стерильденген марля байламын салады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]