
- •23. Стандарттау тәсілі. Тікелей стандарттау тәсілінің кезеңдері, қолдануы.
- •30.Орта шамалар, олардың түрлері. Өлшемді орта
- •32. Статистикалық зерттеу бағдарламасының негізгі сұрақтары. Статистикалық кестелердің түрлері.
- •33.Варияциялық қатар анықтамасы, түрлері және олардың негізгі белгілері ( варианта, жиілік, бақылау саны және т.Б.).
- •34.Корреляция коэффицентін рангылы әдіспен есептеудің негізгі
- •35.Статистикалық зерттеулерде мәліметтерді жинау бағдарламасының негізгі сұрақтары.
- •38.Графикалық бейнелеу түрлері.Шеңберлік(секторлық) және радиальдық диаграммларды құруға қойылатын талаптар.
- •39.Нөлдік және балама (альтернативті) гипотезалар туралы түсінік,олардың қолданылуы.
- •40. Жай орташа арифметикалық және өлшемді орташа арифметикалық шамаларды есептеу әдістері.
- •41.Критерийдің қуаттылығы (сезімталдығы).Сенім шегі.(интервал).
- •50.Корреляция коэффициентін қолдануға қойылатын талаптар , корреляциялық байланыстың күшін сипаттау.
- •51.Дисперсиялық талдау туралы түсінік,олардың түрлері.Дисперсиялық талдау жүргізу әдісі.Р. Фишердің критериі(f- критериі).
- •52.Стандартизациялау әдісінің мәні және қолданылуы.Стандарттаудың тікелей әдісінің кезеңдері Стандарттау ұғымы
- •57. Кезеңдік(моменттік) әдісімен жай орташа арифметикалық шаманы
- •58.Статистикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Статистикалық
- •59.Салыстырмалы шамалардың түрлері. Үлестік көрсеткіштерді
- •60. Орта шамалар дың түрлері, оларды медицинада және денсаулық сақтауда қолдану.
57. Кезеңдік(моменттік) әдісімен жай орташа арифметикалық шаманы
есептеу әдістемесі.
Орта арифметикалық шаманы (М) есептеудің үш түрі болады: жай арифметикалық орта шама, өлшемді арифметикалық шама және шарттық немесе “кезеңдік” .
- жай арифметикалық орта шама формуласы әр вариантаның біркелкі жиілікпен кездесуінде және бақылау санының қосындысы n≤30 болған жағдайларда пайдаланылады.
-өлшемді арифметикалық шама формуласы әр вариантаның жиілігі біркелкі болмай кездессе және бақылау санының қосындысы көп болса
(n >30) пайдаланылады.
-Шарттық немесе “кезеңдік” Бұл әдісті бақылау саны көп (жүз, мың) болып жөне варианталар үлкен сандармен (мысалы, нәрестелердің салмағын граммен есептейді) көрсетілгенде қолдану ыңғайлы.
Орта шамалар бірыңғай жиынтыкта есептелгенмен зерттелетін белгінің мөлшерін жекелеп алғанда бірдей болмайды. Мысалы, 10 жасар ер балалардың немесе қыздардың бойларының бір-бірінен айырмашылығы болады; әр адамның қан кысымы әр түрлі, сондыктан зерттелетін жиынтық белгілерінің өзгешілігін, құбылмалығын білу керек.
58.Статистикалық зерттеулерді ұйымдастыру. Статистикалық
зерттеулердің кезеңдері
Статистикалық зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау – зерттеудің негізгі мақсаты мен қойылған міндеттерді аңықтаудан басталады. Мақсатты белгілегенде бұл зерттеу не үшін қандай зерттеу жүргізіледі деген сұраққа жауап болу керек. Біріншіден , зерттеу немесе бақылау объектісі аңықталады. Мысалы, халық денсаулығына әсер ететін жағдайларды білу үшін бүкіл РК халқын зерттеу объектісі деп аламыз. Мұны жалпы статистикалық жиынтық дейді.
Статистикалық зерттеулердің негізгі кезеңдері мынадай:
1.Зерттеудің жоспары мен бағдарламасын жасау.
2. Мәліметтерді жинау
3. Мәліметтерді өңдеу және топтастыру
4. Мәліметтерді талдау және қорытынды жасау
5. Зерттеудің нәтижелерің іс жүзінде енгізу.
Дәрігерлер СЗ жүргізу,статистикалық мәліметтерді дұрыс пайдалану, халық денсаулығының негізгі көрсеткіштерін, денсаулық сақтау мекемелеріннің жұмысын талдау үшін қажет.
59.Салыстырмалы шамалардың түрлері. Үлестік көрсеткіштерді
есептеу әдісі және оның сипаттамасы.
Егерде СЖ белгілерін бір-бірімен байланысын зерттеп, оларды салыстыру қажет болса, онда салыстырмалы мөлшерлер пайдаланады.
Салыстырмалы шамалардың түрлері:
1. Үлестік көрсеткіш
2. Қарқынды көрсеткіш
3. Ара қатыстық көрсеткіш
4. Көрнекті көрсеткіш
Үлестік (экстенсивтік) көрсеткіш — жиынның (бүтіннің)
бөлшегін немесе оның құрамын көрсетеді. Мысалы: аурушандық,
мүгедектіктің, өлім себептерінің құрамы. Жалпы дəрігерлер санының
құрамы түрлі мамандықтардан тұрады, халық құрамы — жынысы,
жас шамасы, мамандығы бойынша бөлінеді. Бүл көрсеткіш пайызбен
белгіленеді
(барлығы 100%-деп алынады).
Үлестік (экстенсивтік) көрсеткіш = жиынның бөлшегінің абсолюттік мөлшері х 100 жиынның жалпы абсолюттік мөлшері
60. Орта шамалар дың түрлері, оларды медицинада және денсаулық сақтауда қолдану.
Орташа шама – құбылыстың біртектес жиынтығының нақты белгісі бойынша қорытылған сипаттамасы. Орташа шаманың мәні:
- жиынтықтың бір белгі сипаттамасының барлығына тән және жалпы;
-орта шамаларда кездейсоқ жағдайлармен өзара байланыстағы жиынтық бірліктерінің жеке әртүрлілігі жойылады;
-кез-келген бір белгі бойынша әртүрлі жиынтықты салыстыруға орташа шама мүмкіндік береді.
Сонымен орта шама — жиынтықтың сандық белгілерін сипаттайтын қорытынды мөлшер. Сандық белгінің (мысалы бойдың, салмақтың), орта мөлшерлерін есептегенде орта шаманың бірнеше түрін табуға болады: орта арифметикалық, орта квадраттық,орта үйлесімдік(гармониялық).
Орта шамалар медицинада және денсаулық сақтау саласында өте жиі қолданылады:
-дене өсуін сипаттауда;
-адамның ағзаларының физиологиялық шамасын бағалауда;
-санитарлық-эпидемиологиялық мөлшерді, нормативтік молшерлерді белгілеуде;
-денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын сипаттауда т.б. жағдайларда.