Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biostat_dif.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.4 Кб
Скачать

35.Статистикалық зерттеулерде мәліметтерді жинау бағдарламасының негізгі сұрақтары.

1. Бақылаудың бірлігі болмаса, негізгі белгілерді аңықтау

2. Есепке алынатын қосымша белгілердің тізімі

3. Алғашқы статискалық құжаттың нұсқасы

4. Топтастыру тәсілдерін іріктеу және таблицалардың нұсқасын жасау

36. Орта шама түрлері және олардың медицина мен қоғамдық денсаулық сақтауда қолданылуы. Орта шама — жиынтықтың сандық белгілерін сипаттайтын қорытынды мөлшер. Сандық белгінің (мысалы бойдың, салмақтың), орта мөлшерлерін есептегенде орта шаманың бірнеше түрін табуға болады: орта арифметикалық, орта квадраттық,орта үйлесімдік(гармониялық). Статистикалық зерттеулерде жиі пайдаланатыны — орта арифметикалық шама. Орта шамалар медицинада және денсаулық сақтау саласында өте жиі қолданылады: дене өсуін сипаттауда; адамның ағзаларының физиологиялық шамасын бағалауда; санитарлық-эпидемиологиялық мөлшерді, нормативтік молшерлерді белгілеуде; денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысын сипаттауда т.б. жағдайларда. Бірақ орта шамаларды қолданғанда зерттелген статистикалық жиынтықтың бірыңғай болуын қадағалау керек. Орта шаманың бірнеше түрі бар: мода (Мо) — жиынтық белгісінің ең жиі кездесетін мөлшері; медиана (Mе- вариациялық қатардың тең ортасында тұрған мөлшер.

37.Үлестік (экстенсивті) көрсеткішті есептеу әдісі және графикалық бейнелеу әдістемесі. Үлестік көрсеткіш – жиынның бөлшегін немесе оның құрамын қөрсетеді. Мысалы, аурушандылық, мүгедектің, өлім себептерінің құрамы. Жалпы дәрігерлер санының құрамы түрлі мамандықтардан тұрады, халық құрамы жынысы, жас шамасы, мамандығы бойынша бөлінеді. Бұл көрсеткіш пайызбен белгіленеді. (барлығы 100% деп) үлестік көрсеткішһ = жиынның абсолюттік мөлшері*100%/жиынның жалпы абсолюттік мөлшері. Графикалық бейнелеудің бірнеше түрі бар: 1. Диаграмма сызықты, тарамдалған, бағаналы, ішкі бағаналы, секторлы, көлемді, болмаса суретті. 2. Картограммалар. 3. Картодиаграммалар.

38.Графикалық бейнелеу түрлері.Шеңберлік(секторлық) және радиальдық диаграммларды құруға қойылатын талаптар.

Графикалық бейнелеудің бірнеше түрі бар: 1. Диаграмма сызықты, тарамдалған, бағаналы, ішкі бағаналы, секторлы, көлемді, болмаса суретті. 2. Картограммалар. 3. Картодиаграммалар. Секторлық диаграмма бір құбылыстың құрамын бейнелеу үшін пайд. Шеңбер 100% теңейді, ал шеңбердің көлемі 360 тең болғандықтан 1%-3,6 тең, яғни көрсеткішті 3,6 көбейтеді. Шеібердің доғасы және оның екі радиусы мен шектелген бөлшектерді табады. Уақыт бойына өзгеретін әртүрлі мағыналық статистикалық жиынтықты көрнекі түрде көрсетуде радиалды диаграммалар қолданылады. Радиальді диаграммада бастапқы нүкте ретінде координата басы алынады, одан белгілі бір бұрыштан сәуле шығарылады. Осы сәулелерге статистикалық мағыналарға пропорциональді түрде кесінділер түсіріледі. Мысалға, айсай жүргізілген жылдық бақылауда барлық координаталық жазықтық координата басынан алынған 12 сәулеге бөлінген, әр көрші сәулелер арасындағы бұрыштар 360۫˚ : 12= 30˚.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]