Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
biostat_dif.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
68.4 Кб
Скачать

1. Орта шамалар, олардың түрлері. Өлшемді орта арифметикалық шаманы есептеу әдістемелері.Орта шама-жиынтықтың сандық белгілерін сипаттайтын қорытынды мөлшер. Түрлері: орта арифметикалық, орта квадраттық, орта үйлесімдік. Орта шаманы есептеу үшін вариациялық қатар құру қажет.Орта шаманың түрлері: Мода-жиынтық белгісінің ең жиі кездеметін мөлшері, Медиана-вариациялық қатардың ортасында тұрған мөлшер.Орта арифметикалық шаманың екі түрі болады жай және өлшемді: Жай М=ƸV/n Өлшемді М=Ƹv*P/n

2. Биостатистика, даму тарихы,әдістері, негізгі бөлімдері. Биостатистика- статистика ғылымының бөлімі ретінде биологиялық зерттеулердің тәжірибелер санының жоспарлауда тіжңрибе мен бақылау нәтижелерін статистикалық тәсілдер арқылы өңдеуде қолдану. Статистика бөлімдері: 1) статистиканың жалпы теориясы. 2)экономикалық статистика.3) әлеуметтік статистика. Даму тарихы: 1.неміс ғалымдарының сипаттау мектебі; Неміс ғалымдарынның өкілдерінің (Герман Конринг, Готфрид Ахенваль, Август Людвиг Шленцер) алдына қойған мақсаттары мемлекеттің жетістіктерін сипаттау болды: жердің көлемін, халық санын, ауа райын,саяси құрылымын, діни ұғымдар туралы,сауда жүргізу деңгейі және т.б. Бірақ неміс ғалымдары сипаттаған мәліметтеріне талдау жүргізбеген және олардың заңдылық байланысын анықтамаған.2.ағылшындар саяси арифметиктер мектебі.Ағылшын ғалымдарынның өкілдері (Уильям Петти, Джон Граунт, Эдмунд Галлей) бастапқы мақсаттар ретінде қоғамдағы түрлі құбылыстарды бақылау арқылы, олардың бір бірімен байланысын табу болған.

3.Орта квадратты ауытқу ( сигма)- жиынтықтың ішкі құрылымын сипаттайды. Екі әдіспен есептеледі 1) ; 2)

Орта квадратты ауытқу іс жүзінде бірталай жерде қолданылады, Мысалы: қалад және ауылда тұратын балалардың бойынвң, салмағының өзгерушілігін, салыстырғанда пайд-ды, емдеу мекемелерінде сау және ауру адамдар ағзасы қызметінің мөлшерін анықтау үшін

4.Салыстырмалы өлшемдер, мәні, қолданылуы. Салыстырмалы өлшемдер-статистикалық жиынтық белгілерінің бір бірімен байланысын тауып, оларды салыстыру қажет болғанда қолданылады. Салыстырмалы өлшемдер екі абсолюттік мөлшерлерді салыстыру, бөлу және сол бөлшекті 100,1000-ға көбейту арқылы табылады.Түрлері:1Үлестік, 2Қарқынды, 3Ара қатыстық 4Көрнекті

5.Биостатистика (биометрия) анықтамасы. Медицинада математикалық статистика әдістерін қолдануда ғалымдар Л.Пирсон, В.Госсет (Стъюдент) және т.б. қосқан үлесі. Қоғамдағы өзгерістерді сандық ж/е сапалық тұрғыдан зерттейтін ғылым. Статистика ғылым-ң бір бөлімі ретінде биологиялық зерттеулердің тәжірибелер санын жоспарлауда сонымен қатар тәжірибе мен бақылау нәтижелерін ста-лық тәсілдерді қолдану арқылы өңдеуде қолдану. Медицина мен денсаулық сақтаудағы ж/е эпидемиологиядағы ғылыми зерттеулерде статистикалық әдістерді қолдануды биоста-ң мед-лық н/се санитарлық статистика бөлімі дейді. Биост-ка 19 ғ-да қалыптасты.Биометрия термині ең алғаш Гальтон шығармаларында кездескен. Бірақ оны ғылым ретінде дәлелдеп, алғаш ғылымға енгізген,дамуына елеулі үлес қосқан Пирсон. Ол вариация коэфиценті мен орташа квадраттық ауытқуға алғаш түсінік беріп, корреляция мен регрессияны ашқан. Ал Фишер сынамаларды іріктеу бөлу теориясын, дисперсия және дискриминантты талдау,ықтималдық әдістерін ашқан.

6 Графикалық бейнелеулердің түрлері. Диаграммалар, оларды құрастыру ережелері және статистикалық зерттеулерде қолданылуы.Салыстырмалы мөлшерлерді есептегеннен кейін оларға графикалық бейнелеу жүргізіледы.Ондағы негізгі мақсат стат-қ көрсеткіштерді көрнекті етіп көрсету және талдауды жеңілдету.Графикалық бейнелеудің бірнеше түрі бар:Диаграммалар(сызықты,тарамдалған,бағаналы,ішкі бағаналы,секторлы,көлемді,болмаса суретті(фигуралық),картограммалар,картодиаграммалар,картограммаларГрафикалық бейнелеу үшін абсолюттік те,қатыстық та,орта өлшемдер де паййдаланылады.Қандан да бір графикалық бейнелеу қолданылса,мынандай тәртіптің сақталуы қажет: 1) әрбір графикалық бейнелеу арнайы атаумен аталады,онда оның мазмұны,уақыты және орны көрсетіледі.2) бейнелеу белгілі масштабпен жасалады.3) әрбір графикалық бейнелеу үшін тсініктеме беріледі. Сызықты диаграммалар құбылыстың немесе белгінің динамикалық өзгеруін көрсетеді.Бағаналы диаграммалар құбылыстардың динамикалық немесе тұрақты жағдайын бейнелеуге қолданылады.Ішкі бағаналы диаграммалар жалпы ауру көрсеткіштерін 100%ға теңейді,ал сонын құрамындағы аурудың түрлерін бағананың ішінде түрлі бояумен немесе сызықшалармен көрсетеді.Секторлық диаграммалар бір құбылыстың құрамын бейнелеу үшін пайдаланылады.Мысалы,шеңбер бөлшектері зерттелген құбылыстың құрамын бейнелейді.Тарамдалған диаграммалар сызықты диаграмманың бір түрі болып табылады,оны бір құбылыстың тәулік бойы және апталық,жылдық өзгеруін бейнелеуге пайдалынады.Көлемді немесе фигуралық диаграммаларда статистикалық көрсеткіштерді суретпен бейнелейды.Картограмма жасағанда географиялық картаға стат-лық көрсеткіштің мөлшеріне өарай соған сәйкес ауданды,аймақты,облысты, т.б. бояумен немесе сызықшалармен белгілейді. Картодиаграммада географиялық картаға түрлі диаграмма пайдаланылады.

7.Статистикадағы таңдамалы бақылауды қалыптастыру тәсілі.Зерттелетін құбылыстарды таңдау(іріктеу) әдістері. Таңдамалы жинақ- жалпы жиынтықтың зерттеуге алынған бөлігі, бірақ ол барлық жалпы жиынтықты сапалық және сан мөлшері жағынан сипаттауы қажет, яғни репрезентативті болу керек. Жалпы статистикалық зерттеу жүргізу көп күш пен уақыт, мол қаражат қажет етедң. Сондықтан стат-да таңдамалы әдіс қолданылады. Онда халықтың барлық санын алмай, іріктеу арқылы қажетті бақылау саны алынады.

9.Статистикалық кестелердің түрлері, оларды құрастыруережелері және статистикалық зерттеуде қолдану. 3Түрі бар:1)Жай статит-қ кесте:онда тек қана бір статистикалық бастауыш болады, барлық мәліметтер бір белгімен алынады. 2)топтастық стат-қ кесте:оның бір статистикалық бастауышы және бір-бірімен байланысы жоқ бірнеше белгілер статистикалық баяндауыштың құрамында болады. 3)Қисындастыру стат-қ кесте: оның бір статистикалық бастауышы және бір-бірімен байланысты бірнеше белгілер статистикалық баяндауыштың құрамында болады.

10. .Орта квадраттық ауытқу және орта арифметикалық қате. Орта квадратты ауытқу ( сигма)- жиынтықтың ішкі құрылымын сипаттайды. Екі әдіспен есептеледі 1) ; 2)

Орта квадратты ауытқу іс жүзінде бірталай жерде қолданылады, Мысалы: қалад және ауылда тұратын балалардың бойынвң, салмағының өзгерушілігін, салыстырғанда пайд-ды, емдеу мекемелерінде сау және ауру адамдар ағзасы қызметінің мөлшерін анықтау үшін

Орта арифметикалық қате мөлшері арқылы таңдамалы статистикалық жиынтықты зерттегендегі нәтижелердің жалпы жиынтық нәтижелерінен айырмашылығын қаншалыұты екенің көрсетеді. Есептеу формуласы: егер n˂30, m= / n-1; n˃30 m= / n

12.Корреляция коэффициентін есептеу әдістері. Корреляциялық байланыс- бір белгінің әрбір орта мөлшерінің мағынасы басқа бір белгімен өзара байланысу арқылы бірнеше мағынаға сәйкес келеді (нәрестенің бойы мен салмағының арасындағы өзара байланыс, әйелдердің бала туу жиілігі мен отбасының табысы арасындағы өзара бйланысы, т.б. Екі есептеу тәсілі қолданылады: 1) Квадратты (Пирсон) тәсілі ; 2)Рангілік(Спирмен) тәсілі ;

14.Корреляциялық және функционалды байланыс, анықтамасы және қолданылуы. Функционалдық байланыс- белгілердің бір-бірімен өзара қатынасын көрсетеді. Бұл белгілердің әрқайсысының мөлшеріне басқа белгілер мөлшерінің нақты сәйкес келуі талап етіледі. Негізгі функционалды байланыс – физикалық, химиялық құблыстарға тән. Мысалы, суда тұздың мөлшері көбейсе оның ащылығы да көбейеді. Корреляциялық байланыс- бір белгінің әрбір орта мөлшерінің мағынасы басқа бір белгімен өзара байланысу арқылы бірнеше мағынаға сәйкес келеді (нәрестенің бойы мен салмағының арасындағы өзара байланыс, әйелдердің бала туу жиілігі мен отбасының табысы арасындағы өзара бйланысы, т.б. Көбінесе ол әлеуметтік-медициналық, биологиялық, медициналық өзгерістерге тән.

15.Ара қатыстық көрсеткішті есептеу әдісі және сипаттамасы, оның қолданылуы: бір-біріне ұқсамайтын екі жиынтықтың қатынасын көрсетеді. Көбінесе бұл көрсеткіш жалпы халық санына есептелінеді. Мысалы тұрғындардың дәрігерлермен,жедел жәрдем машиналарымен,төсектермен,орта буындағы мамандармен қамтамасыз етілуі т.бАра қатыстық көрсеткіш=бір жиынтықтың абсолюттік саны * 10 000/екінші жиынтықтың абсолюттік саны.Мысалы: Тұрғындарды төсекпен қамтамасыз ету көрсеткіші=төсектер саны * 10 000/ Халық саны

16.Параметрлік әдістерді қолдану. Орта арифметикалық және салыстырмалы шамалардың орта қатесін есептеу әдістемесі.Орта арифметикалық өлшемдердің қатесі мына формуламен есептеледі:а) егер n<30, m=δ /√n-1б) егер n>30 m= δ /√n; Салыстырмалы өлшемдердің орта қатесін есептеу формуласы:а) m=√ P*q / n-1 егер n<30 б) m=√ P*q / n егер n>30;Бұл формулада: P=салыстырмалы көрсеткіштің мөлшері. q=100-P: егер P-ны 100емес, 1000,10000,100000 шағып есептелген болса, онда q=1000-P,q=10000 т.б. Қатенің мөлшері арқылы таңдамалы статистикалық жиынтықты зерттегендегі нәтижелердің жалпы жиынтықтық нәтижелерінен айырмашылығының қаншалықты екенін көрсетеді.

18.Белгінің репрезентативтілігі. Репрезентативтіліктің критерилері, оларды медицинада және денсаулық сақтауда қолданылуы. Сандық репрезентативтілік – үлкен сандар заңына негізделген арнайы формулалармен және кестелер арқылы есептеліп іріктелген жиынттық.Сапалы репрезентативтілік – ықтималдылық заңға негізделген, іріктелген жиынтық бірлігінің жалпы жиынтыққа қатынасты сәйкестігін көрсетеді.

19.Гипотезаларды тексеқрудің параметрлік (М,m, С ... ) және параметрлік емес критерийлері(нольдік гипотеза, мәндік деңгейі). Сапалық белгілермен жұмыс істегенде параметрлік емес критериилер қолданады, себебі зерттеулер нәтижесін салыстырғанда таралу түрін ескерудің қажеті жоқ және мұнда параметрлік критерилерді( М,m,C және т.б.) есептеудің қажеті болмайды.Сондықтан параметрлік емес тәсілдер таралудың қандай түрі болсада және бақылау саны өте аз болғанда да, көбіне сапалық белгілерді (емдеу нәтижесі, ауыртпалық түрі және т.б.)зерттегенде пайдаланады. Сонымен қатар параметрлік емес критериилерді есептеу жолдары қарапайым болғандықтан көп уақыт қажет болмайды. Нөлдік болжам-салыстырылған екі іріктелген эмпирикалық жинақ бір жалпы жиынтықтың құрамына қатысты болуы керек. Маңыздылық деңгей- гипотезаға статистикалық бағалау жасағанда болжамдық критерийді негізгі деп алады да маңыздылық деңгейінің ең жоғарғы мәнін 5%-ға тең дейді, егер маңыздылық деңгей 5%-дан жоғары болса, онда зерттеу нәтижелері нақты емес делінеді.

20. Жалпы және таңдамалы(іріктелген) статистикалық жиынтық, олардың анықтамалары.Математикалық үлкен сандар заңын қолдану. Статистикеалық жиынтық- дегеніміз белгілі бір кеңістікте және уақыт аралығында алынған, сапа жағынан салыстырмалы түрде біркелкі элементтердің (бақылау) тобы. Екі түрі бар: 1Жалпы(бас) 2іріктелмелі (таңдамалы) Жалпы статистикалық зерттеу жүргізу көп күш пен уақыт, мол қаражат қажет етедң. Сондықтан стат-да таңдамалы әдіс қолданылады. Онда халықтың барлық санын алмай, іріктеу арқылы қажетті бақылау саны алынады. Көп сандар заңның негізгі ережелері:1.Бақылау саны неғұрлым көп болса,соғұрлым зерттеу нәтижесі нақты болады;2.Бақылау саны бір мөлшерге жеткен соң зерттеу нәтижесі қайталана береді.Сондықтан ары қарай бақылау санын көбейту қажеті болмайды делінеді.

21.Варияциялық қатар, оны құру ережесі. Медиана, мода және орташа арифметикалық өлшемнің анықтамасы. Варианталық қатар- зерттелетін белгінің сандық мөлшерлерін жоғарлату немесе төмендету ретімен орналастыру. Вариациялық қатар статистикалық жиынтықтың белгілерінің сан түріндегі мәнін көрсетеді және орта шаманы есептегенде пайдаланылады. Вариациялық қатарды белгілеу кезеңдері: -Варианта(V) –зерттелетін белгінің сандық маңызы; -жиілік(P) –әр вариантаның кездесу жиілігі; - жалпы бақылау саны(n). Құру ережесі:1.Қатардағы топ санын белгілеу;2.Әр топ ортасын және шегін табу; 3.Зерттелетін жиынтықты топқа бөлу; 4.Вариациялық қатарды графикалық сызумен бейнелеу. Медиана (Ме) – варианталық қатардың тең ортасындағы тұрған мөлшері. Мода (Мо) – жиынтық белгісінің ең жиі кездесетін мөлшері. Өлшемді арифметикалық шама формуласы әр вариантаның жиілігі біркелкі болмай кездессе және бақылау санының қосындысы көп болса (n >30) пайдаланылады.

23. Стандарттау тәсілі. Тікелей стандарттау тәсілінің кезеңдері, қолдануы.

Стандарттау тәсілі шарттық көрсеткіштерді есептеу тәсілі.Себебі екі стат-лық жиынтықтың құрылымы бірыңғай болмағандықтан олардың жалпы қарқынды көрсеткіштерін немесе орта шамаларын салыстыру қиынға соғады.Сондықтан шартты түрде екі салыстырмалы жиынтықтың құрылымын бірдей етіп алады. Стандартталған көрсеткіштерді есептеудің үш әдісі бар:тікелей,кері,жанама.Осылардың ішінде ең жиі қолданылатын Тікелей әдісі.Бұл әдістің 5 кезеңі бар:1кезең жалпы әне жеке қарқынды көрсеткіштерді есептеу. 2кезең стандартты табу немесе есептеу. 3кезең стандарттың әрбір тобына сәйкес болжау көрсеткіштерін есептеу. 4кезең нақты стандарттық көрсеткіштерді табу. 5кезең әр топ бойынша қарқынды және стандартты көрсеткіштерді салысытырк.Қорытынды жасау.Стандарттау тәсілін барлық жүргізілген әлеуметтік медициналық зерттеулерде қолдана бермейді.Оны қолданудың тілейін екі жағдай бар:1 егер салыстырмалы топтардың арасындағы кқрсеткіштер деңгейлерінің айырмашылығы бірінен бірі көо болса(мысалы әйелдер мен ерлердің ауруға ұшырау деңгейінің айырмашылығы.ауруханадағы емдеу күндерінің ұзақтығы т.б.) 2 салыстырмалы статистикалық жиынтықтар құрамының айырмашылығының айтарлықтай көп болуы

26.Әртүрлі таңдамалы статистикалық жиынтықтардың айырмашылығын анықтау үшін параметрлік емес критерилерді қолдану . ( сәйкестік критериі- «хи квадрат».). Әртүрлі таңдамалы статистикалық жиынтықтардың айырмашылығының маңыздылығын анықтау үшін параметрлік емес критерилерді қолдану.Бұл критерийлер тәжірибелер нәтижелерін бағалауда жиі қолданылады, көбіне әртүрлі аурудың немесе аурулардың түрлі кезеңдерінің нәтижелерін салыстыру қажет болғанда. Сәйкестік критериі хи-квадрат бұл критери бірнеше жиынтықтар арасындағы айырмашылықтарды анықтауда және олардың нақты мөлшерлерін, өзара байланыс күшін білу қажет болмағанда. Хи квадрат критериі бойынша зерттелетін фактордың әсері маңызды ма әлде кездейсоқ па екендігі дәлелденеді.Денсаулық сақтауда хи квадрат әдісі жаңа дәрелердің әсерін,емдеу әдістерін,екпелер тиімділігін, еңбек және тұрмыс жағдайларының денсаулыққа әсерін зерттеуде қолданылады

28.Динамикалық қатардың анықтамасы, түрлері және көрсеткіштері. Динамикалық қатар деп біртекті статистикалық шамалардан тұратын және бір құбылыстың уақыт бойы өзгеруін көрсететін қатары айтады.Дин. қатарлар жай және күрделі болады. Жай түрі абсолюттік сандардан тұрады, ал күрделі түрі қатыстық немесе орта шамалардан құралады. Жай динамикалық қатардың екі түрі бар:Мезгілдік қатар бір уақытқа, мезгілге сай құбылыстың өзгеруінің шамасын көрсетеді.Тең аралық қатар белгілі бір уақыт арасында(тәулік,апта, ай,жыл) болған өзгерістердің қорытындысынан тұрады және уақыт аралығы бірдей болуы керек. Динамикалық қатарды талдау үшін мынадай көрсеткіштерді есептейді:1Абсолюттік көбею – (азаю,төмендеу) көрсеткішін есептеу үшін келесі деңгейден оның алдындағы деңгейі алынып отырады. 2 Көрнекті көрсеткіш қатардағы деігейлердің біреуін 100ге теңдеп қалғандарын осыған салыстырып есептеу қажет. 3 Қарқынды көбею (азаю) көрсеткіші абсолюттік алдыңғы деңгейге пайыздық қатысы ретінде есептелінеді. 4 Қарқынды өсу қарқынының көрсеткішін есептегенде келесі деңгейдің оның алдындағы денгейге пайыздық қатысы алынады. 5 Көбеюдің 1% маңызын есептеу үшін абсолюттік көрсеткіштерімен қарқынды өсу көрсеткішінің қатысын алады

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]