- •3) Қарым-қатынас дағдыларының маңыздылығы
- •4) Императивті қатынас Диалогтық қатынас Сөзсіз қатынасу.
- •6) Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас
- •7)Темперамент бойынша типтері
- •8) Сұхбаттасудың(интервью) түрлері.
- •9) Медициналық сұхбатгасудың кезеңдері:
- •11) Индивидуальді психологиялық факторлар: • темперамент қасиеттері;мінезінің ерекшеліктері ; • жеке бас қасиеттері.
- •2) Дәрігердщ коммуникативтік білгерлігі (компетенттілігі)
- •3) Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін жеке тұлғалық бөгеттер
- •4.Науқастардың сырқатқа деген көзқарасы
- •5. Медициналық сұхбаттасу: түсініктеме, негізгі принциптері, құрылымы
- •6. Әртүрлі псих-қ және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу
- •7. Науқастың психологиясы және псих-қ ерекшеліктері
- •8.Психологиялық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу
- •9.Дене және сезім мүшелерінің ақауы бар науқастармен арақатынас құру
- •10.Мәдениетінде, тілінде айырмашылығы бар ,есту,сөйлеу және көру бұзылыстары бар пациенттермен әңгімелесудің ерекшеліктері
- •11 Қиын және ерекше жағдайларда дәрігер мен науқас арасындағы қатынас құрылуының тәсілдері
- •12 Дәрігер тұлғасы.Қазіргі таңдағы дәрігердің келбеті
- •13.Дәрігер тұлғасына қойылатын психолгиялық талаптар
- •14.Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату
4.Науқастардың сырқатқа деген көзқарасы
Науқас адамның өз ауруына қатынасының түрлері:
Гармониялық- өзінің хал-жағдайын адекватты, қальшты түсінетін, және барлық жағдайды жамандық жағынан қарамай, бірақ қуа-ныш сезімінсіз бағалайды, емдеуге белсенді түрде қатысады. Науқас басқа адамдарға өзінің салмағын түсіргісі келмейді. Егер дертінің жагымсыз болжауы (прогнозы) болса, мүгедектікке үшыраса, өз күш-қайратын жақьшдарына көмектесуге, өз шамасына, денсаулығына қарай, өмірде өз орнын табуға тырысады.
Әргопатиялыц - науқастың аурудан алшақтау үшін жүмысқа берілуімен сипатталады. Тіпті дерттің ауырлық дәрежесінде де науқас өз жұмысын ары қарай атқарады. Онда өте жоғары жауапкершілік, жұмысқа деген құштарлық болады. Науқас зерттеулерге және емдеуге енжарлықпен қарайды. Науқастьщ бұндай көзқарасының себебі - өзінің профессионалды статусын сақтаумен және белсенді жүмыс қызметін ары қарай жалғастыруға құштарлығымен сипатталады.
Анозогностикалыц - ауру туралы ойлардан, оның асқынуынан, теріс жақтарынан белсенді түрде алшақ тү_ру.
Ипохондриялыц типте субъективті жағымсыз сезімдерге көп көңіл бөлуі және олар туралы айналадағы адамдарға әңгіме түрінде жиі айтуы, кездеседі.
Мазасыз типте - аурудың жагымсыз дамуына, ауру ағымына, оның асқынуының пайда болуына, тиімсіз, және тіпті емдеудің өмірге қауіпті болуына күдікпен қарайды, жаңа емдеудің тәсілдерін іздестіреді. Бүндай науқастардың ауруға реакциясы қозғыштық-пен сипатталады, олар көбінесе ауыру сезімі кезінде қатгы мазасызданады. Бұл типтегі реакция ауру туралы қосымша мәліметгерді және емдеу тәсілдерін қарастыруға қүштарлықпен сипатталады, «беделді мамандарды» іздестіру байқалады.
Неврастениялъщ - іс-әрекеті «әлсіз күйгелектену» түрімен сипатталады, күйгеліктігі шапшаң болады, көбінесе аурудың, жағымсыз сезімдері дамығанда және емдеудің әсері болмаған кезде байқалады. Күйгеліктік жылаумен немесе күлкімен аяқталады.
Меланхолиялыц — жазылуына толық сенбеуі, пессимистикалық қатынасы айқындалып, жағымды объективті нәтижелер кезінде де пассивті көзқарасын депрессивті айтып, жазылуға деген сенімсіздігі
158
білінеді, тіпті суицидальді ойларға дейін барады. Аурудың көрінісі бойынша, саналы түрде «өз-өзін физикалық жақтырмау» бірінші орында тұрады.
Апатиялыц - өзінің тағдырына, аурудың ағымына, емдеудің нәтижесіне немқүрайлықпен қарау, процедураларға пассивті көзқараста болу және емдеу басқа адамдардың қадағалауымен гана қабылданады. Науқас «өмірге деген ынтасын» жоғалтады. Апатикалық түрінде өзіне және ауру ағымына деген немқұрайлықтың болуы, өмірге қүштарлықтың болмауы анықталады.
Әгоцентриялыц ~ «ауруға ену, бас ұру» деп сипатталады, науқас өзінің ауыру сезімі туралы, өзіне көңіл аудару үшін жақын адамдар-ға, туысқандарға әңгімелей береді. Науқас адам өзіне басқалардың көп көңіл аударғанын қалайды.
Параноялды - ауру «біреудің жаман ойының бірі» деп санайды. Науқас дәрі-дәрмектерге және процедураларға күдікпен қарап, айналадағы адамдарды кінәлаумен сипатталады.
Дисфорпяльщ - науқастьщ көңіл күйі нашар, сау адамдарға қызғанышпен қарайды, жақындарына деспотиялық қатынаста болуы
белгіленеді.
Сенситивті - науқас өзінің ауруы туралы мәліметтің, айнала-дағы ортага қандай әсерін тигізетінін ойлап тұрады. Науқас «айналасындағы адамдар өзін айналып өтеді» — деп ойлайды, өзін толымсыз, кем сезініп, ауру туралы сөз қозғауға, ауруға байланысты жақын адамдарға күш түсіруге корқады. Науқастың айналадағы адамдардан ұялуы, масыл болғысы келмеуі байқалады.
