- •3) Қарым-қатынас дағдыларының маңыздылығы
- •4) Императивті қатынас Диалогтық қатынас Сөзсіз қатынасу.
- •6) Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас
- •7)Темперамент бойынша типтері
- •8) Сұхбаттасудың(интервью) түрлері.
- •9) Медициналық сұхбатгасудың кезеңдері:
- •11) Индивидуальді психологиялық факторлар: • темперамент қасиеттері;мінезінің ерекшеліктері ; • жеке бас қасиеттері.
- •2) Дәрігердщ коммуникативтік білгерлігі (компетенттілігі)
- •3) Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін жеке тұлғалық бөгеттер
- •4.Науқастардың сырқатқа деген көзқарасы
- •5. Медициналық сұхбаттасу: түсініктеме, негізгі принциптері, құрылымы
- •6. Әртүрлі псих-қ және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу
- •7. Науқастың психологиясы және псих-қ ерекшеліктері
- •8.Психологиялық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу
- •9.Дене және сезім мүшелерінің ақауы бар науқастармен арақатынас құру
- •10.Мәдениетінде, тілінде айырмашылығы бар ,есту,сөйлеу және көру бұзылыстары бар пациенттермен әңгімелесудің ерекшеліктері
- •11 Қиын және ерекше жағдайларда дәрігер мен науқас арасындағы қатынас құрылуының тәсілдері
- •12 Дәрігер тұлғасы.Қазіргі таңдағы дәрігердің келбеті
- •13.Дәрігер тұлғасына қойылатын психолгиялық талаптар
- •14.Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату
11) Индивидуальді психологиялық факторлар: • темперамент қасиеттері;мінезінің ерекшеліктері ; • жеке бас қасиеттері.
Темперамент ерекшеліктері. Темперамент индивидтің психикалық жүйесінің, психикалық үрдістер мен жағдайының ырғағы, қарқыны, ритмінің динамикалық ерекшеліктерімен сипатталады. Темперамент параметрлеріне сәйкес, дертке деген науқастың психологиялық реакциясын анықтауда, эмоциональдық, ауырсынуды кетеру, дене қимылының шектелуі секілді қиындықтарды көтеру маңызды қызмет атқарады.
Ауырсыну сезімі нейрофизиологиялық феномен секілді, бас миындағы «нонцрецепторлар» және «антинонцрецепторлар» жүйесі мен механизмдері арқылы интеграцияланады (бірігеді). Экстраверттер мен интроверттер, ауырсыну сезіміне түрліше жауап береді. Интроверттерге қарағанда, экстраверттер де ауырсыну сезімін қабылдау қарқындылығы төмен болып табылады.
Түрлі адамдарда ауырсыну сезімін қабылдау, ауырсыну табалдырығына байланысты болып табылады. Мысалы, кей адамдарда, патофизиологиялық ерекшеліктеріне байланысты, ауырсыну табалдырығы төмен болғандықтан, сәл ауырсыну сезімін көтере алмайды,ал кейбір адамдарда ауырсыну табалдырығы жоғары болғандықтан, үлкен жарақаттанғанда да ауырсыну сезімін жақсы көтереді.
Көбінесе ауырсыну сезімі, науқастың эмоциональдық жағдайымен байланысты болады. Темперамент типтеріне байланысіы ауырсыну табалдырығы холерик пен меланхоликтерде, сангвиникпен флегматикпен салыстырғанда, төмен екені анықталған.
Темпераменттің негізгі бөлімі болып, түқым қуалайтын патофизиологиялық факторлармен сипатталатын қимыл белсенділігі, импульсивтілігі, басқа да адамның қасиеттері табылады. Осының нәтижесінде, науқастың қимылының шектелуі және қимылсыздануға әкелетін аурулар белсенді қимыл жасайтындарға психологиялық фрустрация көзі болып табылады. Психологияльқ фрустрация дегеніміз, науқастың үйренішікті қимыл-әрекеттерінің едәуір немесе мүлдем тоқталуына мәжбүрлігі салдарынан туатын психикалық бейімделуі және ол бейімделудің бұзылу қаупінің жоғары болуы. Бұл қимыл-қозғалыстың шектелуі, психологиялық фрустрация көлемінде немқұрайлылыққа, аса қозғыштыққа, агрессияға, тежелуге әкеліп соғуы мүмкін.
Мінезінің ерекшеліктері. Науқастың өз дертіне феноменологиялық синдромологиялық және психологиялық әсер ету типі науқастың мінезінің ерекшеліктеріне тәуелді. Акцентуация типі қандай да бір жауап берудің жолын анықтайды. Сырқатқа деген субъективті жауап беру науқастың отбасындағы тәрбиесіне, соның ішінде ауыру сезіміне төзімділік, шыдамдылық, жас баланың денсаулық параметрлеріндегі иерархиялық қасиеттеріне байланысты.
Ауруға субъективті әсерді отбасында тәрбиелеудің екі жолы бар: «ұстамдылық» және «ипохондриялық». Бірінші түрінде бала өзін нашар сезінгенімен, күрескені үшін ата-анасының тарабынан мадақтау алады, бағаланады. Олар баланы ақтап, пайда болған ауырсьну сезіміне аса көп назар аудармайды. Бұл баланы шыдамдылыққа баулиды. «Ипохондриялық» түрінде отбасында денсаулық аса жоғары бағаланады. Бұл кезде ата-аналар, сырқаттың бастапқы симптомдарын байқап, анықтағаны үшін баласын бағалайды. Отбасында, баланың денсаулығында қандай да бір өзгерістер туған жағдайда, осы пайда болған өзгерістерге қоршаған адамдардың барлығы да назар аударуы керек деп бала тәрбиеленеді.
Жеке қасиеттері (діни, мәдени, әлеуметтік). Науқастардың жеке қасиеттеріне адамның ориентациясы (бағдарлануы), моральдік критерийлері, қоғамдық әлеуметтік феномендері жатады. Науқастың жеке қасиеттерінің, оның ішінде, сырқатқа деген субъективті әсерінің қалыптасуына, әлем тануы және өмір немесе өлімнен кейінгі өмір секілді тақырыптарға философиялық көзқарасы маңызды орын алады.
12)Жасы егде ауру адамдармен қарым-қатынас. Жастары ұлғайған наукастармен сұхбаттасудың өзіндік ерекшеліктері бар, Үлкен жастағы науқастардың реакциясы, есту, көру кабілеті төмен болуы мүмкін. Олар көбінесе қимылдарын шектейтін, қиындықтар тугызатын созылмалы аурулармен сырқаттанады. Үлкен жастағы науқастар, емдеу акысын жоғарылатудан қорыққанан немесе диагностикалық, емдеу процедураларымен байланысты туатын қиындықтардан қашу мақсатында өзінің симптомдарын ашық айту-дан бас тартады. Кейбір наукастар көрініс берген симптомдарды кәрілік әсерінен деп қабылдап, кейде тіпті ұмытып кетуі де мүмкін. «жастарға қарағанда, жасы үлкен науқастар сырқаты туралы аздап қана баяу айтады. Сондықтан мұндай науқастардың сұрақтарына жауап беруге көбірек уақыт бөлген жөн. Дәрігер сабырлы, байыпты сөйлеуі керек. Жылы әрі тыныш, сұхбатқа ешнәрсе кедергі келтірмейтін бөлмеде науқастан мәлімет жиналады. Дәрігер мәліметті бір сұхбаттан кейін «толық жинадым» - дегені қате, себебі бірнещі рет сұхбаттасудан кейінгі жиналған мәлімет продуктивті, толығырақ болады.
Жасы келген кісілер өз жастарын сезіне отырып, енді қанша өмір сүретінін есептей бастайды. Үлкен жастағы науқастар өткен өмірдегі күндерді, қуаныштарды, реніштерді еске алуға бейім болып табылады. Науқастың өмірі туралы дәрігер ести отырып, оны жақсы түсініп, уайымын басуға қол ұшын бергені дұрыс. Жасы үлкен науқастардың бұрын ауырған ауруымен қалай күрескені туралы мәлімет алынады. Науқастың өз денсаулығына, жасына байланысты көзқарасын білу мақсатында мынадай сұрақтар қойылады: «Сізді қазір не қуантады немесе не уайымдатады, егер қолыңыздан келсе өз өміріңізге қандай өзгерістер енгізер едіңіз, өтінемін?».
Созылмалы аурулармен сырқаттанған жасы үлкен науқастардан күнделікггі өмірде қандай көмек керек екенін, қалай өз бетінше тамақтана, киіне, жуына алатыны туралы мәліметтерді де дәрігер анықтайды. «несеп немесе нәжістің ұстамауына шағымдана ма, жиі құлай ма, телефонмен сөйлесе ала ма, көшеге өздігінен шыға ала ма, тамақты өзі пісіре ме, машина жүргізе ме немесе коғамдық транспорттарды қолдана ма, финанстық жағдайы, ягни төлемақы төлей ме, баспалдақпен көтеріле ала ма» - деген сұрақтарға дәрігер жауап іздейді. Мұның барлығы дәрігерге науқастың жағдайының ауырлығын, өзгерістерін анықтауға, бағалауға, науқастарды жақсы түсініп, емдеуге көмек береді.
Қария адамдардың ұмытшақ, екпешіл, маңайындағыларға жоғары талап қоюы, созылмалы дерттерге жиі шалдығуы және ем шаралары нақтылы нәтиже бермеуі дәрігердің олармен қарым-қатынас жасауына бірталай киыншылықтар тудырады. Сондықтан дәрігердің, бұндай адамдармен қатынасып, ем жүргізген кезіндегі қарым-қатынасы төменде келтірілген принциптерге негізделеді:
1. Дәрігер жасы егде адамдармен құрмет сыйлы қарым-қатынас жасауы қажет. Оларға ерекше назар аударып, жағдайына қамқорлық: жатқан төсегі жайлы және ыңғайлы, тамақтануы дұрьіс болуы, т.б., дәрігер карамағындағы науқасының әдетіне, ауруханадағы (палата) жағдайына назар аударып, оны жеңілдетуге тырысуы
2 Дәрігер аурулардың әлеуметтік, жанұялық жағдайын да ескере отырып психологиялық проблемаларын шешуге жәрдем беруі
3 Дәрігер аурудың жағдайын, ауру белгілерін мәліметтеген кезде ешқашан оның егде жасымен байланыстырмауы керек. Емдеу жүргізгенген кезде де, ауру адамға оның қарт болуына байланысты, нәтижесіз болатындығын айтпаған жөн, мысалы, атеросклероз, стенокардия және т.б.
4.Егде адамдардың ұмытшақ болатындығын ескере отырып, дәрігер оларға ем шараларын, әсіресе дәрі қабылдау ережелерін (дозасы, қабылдау уақыты, т.б.) асықпай, толық түсіндіреді. Кейбір жағдайда олардын туған-туысқандарын шақыртып, олар арқылы түсініктеме береді немесе оны жазбаша түрде ұсынады.
5. Қарт аурулар өкпешіл, уайымшыл болуына байланысты, дәрігер олармен қарым-қатынас жасағанда ерекше шыдамдылық көрсетіп, төзімді болып, оларды өкпелетіп алмау үшін әр сөзін, іс әрекетін бақылаап, қадағалап отырады.
13)Балалармен карым-қатынасы. Балалармен қарым-қатынас жасағанда дәрігер олардың спецификалық ерекшеліктерін ескеріп, білуі қажет. Мысалы, организмі, психикасы даму үстінде болуы, тұрақталмағаны, әлсіз және нәзік болуы, т.б. ерекшеліктері, қарым-қатынас жасауға шектеу болып, кедергілер тудырады. Осыған байланысты науқастанған балаларды емдеп, қарым-қатынас жасаған кезде дәрігер келесі принциптерді қолданып, арқа тұтады:
1. Баланың жасына байланысты дәрігер қатынасу түрін тандауы қажет болады. Дәрігер сөз байлығын, артистік қасиетін және мимика мен жест әдістерін кең қолданады.
2. Психогенді бұзылыстар балаларда жиі дамып, нақтылы және ашық түрде айқындалады. Олардың вегетативтік функциялары әлсіз болуына байланысты, жиі жағдайларда құсуы, диарея, ентігуі, жөтелуі байқалады.
3. Балаларда аурудың ішкі бейнесінің. үлкендерге қарағанда, айырмашылығы көп. Балаларда үрейлену және қорқу, демонстративтік және депрессивті-астениялық қатынастар байқалады.
Балаларда госпитализм құбылыстары да жиі кездеседі. Олардың организмі даму үстінде болып. тұрақталмауына байланысты, aypухана жағдайына түсуі, жекешеленуі оларға қатты әсер береді. Балада депрессия пайда болып, қарсылық білдіреді. Мұнда әке-шешесі- нің тыс болуы да әсерін тигізеді.Сондықтан, сәбилер ауруханаға шешесімен бірге жатқызылуы керек, үлкен балаларға, әке-шешесінің жиі келіп тұруына жағдай жасалады.
Ауруханада балаларға ойнауға жағдай жасалуы қажет. Дәрігер қарым-қатынас жасағанда сұхбатты ойын түрінде жүргізгені тиімді болады.
13)Жасөспірімдермен сұхбаттасу. Үлкен кісілер жасөспірімдермен сұхбаттасқанда көптеген қиыншылықтарға тап болады. Бірақ, ол әркашанда дұрыс бола бермейді. Жасөспірімдер басқа адамдар секілді, айналадағыларына мейірімді, адам ретінде сыйлап, қызығушылық білдіреді. Жасөспірімдер, сұрақтарды ауруына байланысты емес, өздеріне тиісті қойылғанын қалайды. Сондықтан сұхбаттасуды формальді емес әңгімелесуден, яғни оның достары, мектеп, отбасы туралы сұраудан бастау қажет.
Жасөспірімдермен сұхбаттасқан кезде олардың ойлау қабілетінін айтарлықтай жетілмеуіне байланысты, дәрігердің рефлексиядан аулақ болуы қажет. Конфронтация, жасөспірімде қорқыныш сезімін және сөйлесуге деген кұмарлыктьң жоғалуына әкеледі, себебі жасөспірім сезіміне қатысты сұрақтар жөнінде, үлкен кісілермен сөйлесу - көптеген қиындықтарға әкеледі. Аталған мәселелер, жасөспіріммен сұхбаттасудан бас тартута әкелмеуі тиіс. Көптеген жағдайда мейірімді, формалъді емес орта құру арқылы, жасөспіріммен тілдесуге болады. Дәрігер жасына лайықты өз-өзін ұстап үлкен жетістіктерге жетеді.
15) Соматонозогнозия түрлері Сырқаттанудың нәтижесінде, адам алдымен түсініксіз жағдайының өзгеруін, жағымсыз сезімдердің пайда болғанын байқайды. Осыған байланысты адам ойында ауру туралы көзқарас, әрекеттер, уайымдар байқалады.
Адамның ауру туралы көзқарасы, реакциясы соматонозогнозия деп аталады. Оның келесі түрлері болады: нормосоматонозогнозия,гиперсоматонозогнозия,гипосоматонозогнозия, диссоматонозогнозия.
Нормосоматонозогнозия - адам өз ауруына, жағдайына және сауығу мүмкіншілігіне қалыпты баға береді. Бүл - дәрігердің бағалауына да сай келеді. Емдеуге аурудың ынтасы оңды, дұрыс, дертпен күресіп, қарсы тұруға белсенділік көрсетеді. Бүл қасиет, салмақты және бірқалыпты адамдарға тән.
Гиперсоматонозогнозия - адам аурудың жеке белгілеріне қалыптан тыс, өте жоғары баға береді. Бұндай адам дертіне өте көп көңіл бөліп, қатты қапаланып, үрейленеді. Оның емдеу кезіндегі белсенділігі де өте жоғары, арнайы медициналық әдебиетгі оқуға құмар және дәрігерді жиі ауыстырып, әртүрлі емге жүгіреді. Көңіл-күйі болмай, дәрігердің айтқанын толық орындағанымен, келешегіне күмән болады. Бұл қасиет үрейленген, өзіне өзі сенбеген, көп қайғыға берілетін адамдарға тән.
Гипосоматонозогнозия - адам ауруын, жағдайын өте төмен багалап, мән бермейді. Олардың белсенділігі төмен, тексерілуге және емделуге мүддесі жоқ, келешегіне жоғары нәтиже бере алмайды. Ем шараларын толық орындамайды. Бүл қасиет жеңілтек, үстірт ойлы адамдарға тән. Дәрігерге барудан бас тартады, емдеуге теріс көзқарас жасайды.
Диссоматонозогнозия - адам ауырғанын жоққа шығарып, мойындамайды, әсіресе онкологиялық аурулардың басталқы кезінде. Кейбіреулері өз дертін жасыруға ынталанады, мысалы, сифилисқа шалдыққан адамдар.
2 деңгей
1)Дәрігердің қарым-қатынас маңыздылығы:Ежелгі заманда дәрігерлердің саны өте шамалы болғандықтан, олар кызметін өзі ғана атқарып, басқа әріптестерімен қарым-қатынас жүргізбеген. Мысалы, «земский» дәрігер жалғыз өзі белгілі аймақты мекендейтін тұрғындарға толық медициналық жәрдем көрсеткен, барлық ауруларды өзі емдеген. Яғни, бұл дәрігерлердің медициналық тәжірибесі өте кең болған, олар терапевтік, хирургиялық, акушерлік және гинекологиялық, стоматологиялық, т.б. дәрігерлік мамандықтар бойынша халыкқа жәрдем беріп отырған.Қазіргі таңда дәрігерлер қатары күрт өсті, осыған орай медициналық мамандар саны да көбейді. Бүгінгі күні дәрігерлік жәр¬дем 300-ден астам медициналық мамандық бойынша көрсетіледі. Сонымен катар, жаңа диагностикалық және емдеу технологияларын, аппараттарды колдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандар да жұмыс атқарады. Осыған байланысты, бүгінгі дәрігер жұмыс бабына қарай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды кызметкерлермен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, карамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына бай¬ланысты болады. Мысалы, емдеуші дәрігер ауруханада жатқан немесе емханаға қабылдауға келген науқастарының ауруын анықтау үшін түрлі арнайы зерттеу жүргізетін әріптестерімен қатынасады Оларға аурудын дерті жөнінде мәліметті ортаға салып ақылдасады тиімді, зерттеу тәсіл түрін таңдауға, дерттің назар аударарлықтай ерекшеліктерін ескертаді. Ал жедел, адамньщ өміріне қауіп туған жағдайларда, аурудың диагнозын тез арада анықтап, жедел жәрдем беру үшін, дәрігер зерттеу жүргізуші әріптестерін ескертіп, келісіп, диагностикалық шраларын кезектен тыс ұйымдастырады.
