- •3) Қарым-қатынас дағдыларының маңыздылығы
- •4) Императивті қатынас Диалогтық қатынас Сөзсіз қатынасу.
- •6) Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас
- •7)Темперамент бойынша типтері
- •8) Сұхбаттасудың(интервью) түрлері.
- •9) Медициналық сұхбатгасудың кезеңдері:
- •11) Индивидуальді психологиялық факторлар: • темперамент қасиеттері;мінезінің ерекшеліктері ; • жеке бас қасиеттері.
- •2) Дәрігердщ коммуникативтік білгерлігі (компетенттілігі)
- •3) Тиімді қатынасқа кедергі келтіретін жеке тұлғалық бөгеттер
- •4.Науқастардың сырқатқа деген көзқарасы
- •5. Медициналық сұхбаттасу: түсініктеме, негізгі принциптері, құрылымы
- •6. Әртүрлі псих-қ және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар науқастармен қатынасу
- •7. Науқастың психологиясы және псих-қ ерекшеліктері
- •8.Психологиялық бұзылыстары бар науқастармен қатынасу
- •9.Дене және сезім мүшелерінің ақауы бар науқастармен арақатынас құру
- •10.Мәдениетінде, тілінде айырмашылығы бар ,есту,сөйлеу және көру бұзылыстары бар пациенттермен әңгімелесудің ерекшеліктері
- •11 Қиын және ерекше жағдайларда дәрігер мен науқас арасындағы қатынас құрылуының тәсілдері
- •12 Дәрігер тұлғасы.Қазіргі таңдағы дәрігердің келбеті
- •13.Дәрігер тұлғасына қойылатын психолгиялық талаптар
- •14.Әр жас аралығындағы науқастармен қатынас орнату
6) Вербальды және вербальды емес қарым-қатынас
Адамдардың арақатынасы белгі (знак) жүйесі арқылы іске асырылып, осылайша мәлімет алмасу және әрекеттесуі болуы мүмкін. Арақатынастың (коммуникадияның) екі түрі болады:
1) вербальды коммуникация; 2) вербальды емес коммуникация,
Бұлардың әрқайсысында өзіне тән знак жүйелері болады.
Вербальды коммуникация (сөз арқылы қатынасу)Адамдар қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолданады, яғни табиғи фонетикалық белгілер (тіл дыбыстары). Бұл - әмбебап коммуникативтік құрал, ақпарат (информация) алмасу кезінде оның мағынасы өзгермейді. Сөз арқылы мәлімет адамнан адамға ұсынылып, қатынасушылар бір-біріне әрекет жасайды, бағыт береді, өз ойын түсіндіруте тырысады. Егер қатынасуда сөзден басқа белгі жүйелері (вербальды емес) қосымша қолданылса, коммуникацияның мағынасы есе түседі.
Сөз арқылы науқасқа әсер ету - өте мағыналы ем құралы, себебі, бұл әмбебап әдістік ауру адамға әсері жоғары және тиімді, ал дәрігер қолдануына ең бір күрделі, қиын түсетін құрал. Бұл әдісті нәтижелі қолдану үшін дәрігерге арнайы дайындық, ерекше адамгершілік қасиеттер және жоғары тәжірибе қажет. Сондықтан, жоғары медициналық оқу орнында, дәрігерлерді даярлау кезінен бастап, оған ерекше мән беру, студенттер арасында арнайы дайындық жүргізу маңызды.
Вербальды қатынасуда белгілер жүйесі ретінде адамның сөйлей алу қабілеті пайдаланылады, ол коммуникацияның негізгі бөлшегі болып табылды, себебі, сөйлеу арқылы мәлімет берілгенде мән-мағынасы барынша сақталады. Бұл жағдайда коммуникативтік үрдіске қатысушылардың барлығы да әңгіме желісін өз дәрежесінде бағалай білуі керек.
Сөйлеу арқылы ақпаратты кодтау (жасыру) және декодтау (шешу) жүйесі жүзеге асырылады: дәрігер сұхбат барысында ақпаратты декодтайды. Науқастың айтылған мәліметті қабылдағанын «коммуникативті ролдер» ауысқанда ғана байқауға болады, яғни науқас коммуникаторға (өзара байланыстырушы) айналып, қабылдаған мәліметті қалай түсінгені жөнінде баяндайды.
Сөз - ақпарат көзі және науқаспен сұхбаттасу әдісі ретінде қолданылады. Әрине, қарым-қатынас нәтижесін толығымен суреттеу үшін коммуникативтік үрдістің құрамын білу жеткіліксіз, онымен қатар, сұхбаттың мақсатын, міндетін жан-жақты түсіну маңызды орын алады. Сондықтан, сөйлеу барысындағы белгілер жүйесіне аса көп назар аудару керек.
Дәрігердің қажетті сөзді дұрыс қолдана білуі, науқасқа сөз арқылы нақтылы және тиімді әсер етуі - өте күрделі, ерекше дайындықты қажет ететін және тәжірибе арқылы қалыптасатын қасиет. Бұл- дәрігердің жоғары мәдениетті, білімді, талантты және актерлік кейбір қасиеттерінің болуын талап етеді. Дәрігер өзін сырттан, басқа адамның (науқас) көзімен көріп, ести білуі қажет, аурудың реакциясын ойымен және жүрегімен сезініп, оның көңіл-күйін түсініп, өз сөздері арқылы әңгімені дұрыс бағыттай алатындай болуы керек.
Сөз арқылы әрекет - вербальды коммуникацияда (қарым-қатынас) жатады. Мұнда, қосымша вербальды емес әрекеттер де міндетті түрде колданылады. Оларға жататындар:
• мимика (бет қимылы);
• жест (қол қимылдары);
• поза (дене қалпы);
• көзқарасы;
• дауыс ерекшеліктері (тон, тембр).
Науқаспен қатынасу кезінде бұл құралдар тек кешенді (комплексті) түрде қолданылады, себебі мұндай жағдайда оның әсері және тиімділігі өте жоғары дәрежеде болады.
Науқаспен жанасуы, көріп зерттеуі, ем тағайындап, нұсқау беруі тек сөз арқылы бейнеленіп, іске асырылуына байланысты дәрігердің науқасқа айтылатын сөзіне ерекше талап қойылады.
