Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
De_1187_gey_1_1257_ndiris.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.34 Кб
Скачать

12. Ашық төмендеткіш қосалқы станциялар.

13. Ашық төмендеткіш құрылғылар

Тарату құрылғысы - электр энергиясын қабылдап алатын және оны бөлетін электрлік қондырғы. Тарату құрылғысына қойылатын жалпы талаптар: сенімділігі; үнемділігі; қолайлылығы; өртке, жарылысқа және адамға қауіпсіздігі; экологиялық тазалығы; тарату аймағын кеңейтуге мүмкіндігі.

Тарату құрылғысының құрылысын жобалауға төмендегідей құжаттар анықталғанда ғана кіріседі: толық электрлік жалғану схемалары; электр аппараттары (коммутациялық, өлшеуіш, зарядсыздандырғыш - разрядник, жерге қосқыш және т.с.с.); байланыс сымдары - өткізгіштері; станциялардың (қосалқы станциялардың) қасында негізгі және көмекші ғимараттардың орналасуы.

Тарату құрылғысының құрылысына байланысты мынадай түрлері бар:

- Жабық тарату құрылғысы (ЖТҚ-ЗРУ);

- Ашық тарату құрылғысы (АТҚ-ОРУ);

- Үйдің ішінде орнатылатын тарату құрылғысы комплектісі (КТҚ-КРУ);

- Сыртта (ауада) орнатылатын тарату құрылғысының комплек­те (СКТҚ-КРУН);

- Комплектілі трансформаторлы қосалқы станция (КТП).

Ауада (сыртта) орнатылатын тарату құрылғысын ашық тарату құрылғысы деп атайды (АТҚ-ОРУ). Әдетте, АТҚ кернеуі 35-1150 кВ электр қондырғыларында қолданылады.

Ашық тарату құрылғысының (АТҚ) жабық тарату құрылғысынан мынадай артықшылығы бар: құрылыс жұмыстарының көлемі аз; электр тізбегінің бұзылуының одан әрі өрбу мүмкіндігі аз; тарату құрылғысының ғимаратын салу мерзімі қысқа; жабдықтары, аппараты жақсы көрінеді; жабдықтарды, аппараттарды, өткізгіштерді ауыстыру жеңіл

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]