
- •1.Өндірісті электрмен жабдықтау туралы қысқаша мәлімет.
- •5. Электр қабылдағыштарының категорияларға бөлінуі.
- •6.Тұтынушыларды электрмен сапалы қаматамасыз етуді анықтайтын
- •14. Жабық таратушы қосалқы станциялар.
- •15. Жабық таратушы құрылғылар.
- •8.Кернеуі 1 кВ дейінгі электр тораптарын қызметі.
- •9. Кернеуі 1-кВ жоғары электр тораптарының қызметі.
- •12. Ашық төмендеткіш қосалқы станциялар.
- •13. Ашық төмендеткіш құрылғылар
8.Кернеуі 1 кВ дейінгі электр тораптарын қызметі.
А) Кабель желілері туралы жалпы мәліметтер.
Кабель желілері әуе сым желілеріне қарағанда күрделі жолмен жасалынады, түсті металдары көп болады, сонымен қатар олардың жөндеу жұмыстары көп уақыт бөлуді және квалификациясы жоғары жұмыскерлер болуды талап етеді. Сондықтан да кабель желілерін әуе желілерін қолануға болмайтын жағдайларда, мысалы : қалаларда, кәсіпорындар аймағында, ауқымы үлкен су қоймасф арқылы және де (жасырын) көрінбейтін етіп жүргізуді қажет ететін жерлерде қолданады.
Кабель желілерінің артықшылықтары :
а) атмосфералық әсерлерге ұшырамайтындығы, мысалы : жел, мұз қату, найзағай түсу арқылы зақымдау, т.б.;
б) кабель трассасының бейтаныс адамдарға көрінбей және қол тигізбестей болып орналасуы.
Кабель желілерінің кемшіліктері :
а) әуе сым желілерімен салыстырғанда кабель тораптарын салу көп уақытты қажет етпейді;
б) кабель торабын жүргізу және монтаждау – бұл күрделі жұмыс, сондықтан оған квалификациясы жоғары жұмыскерлер қажет;
Кабельдер бір, екі, үш және төрт талшықты болып бөлінеді. Тоқ өткізетін талшықты кабельдер мыс пен алюминийден жасалады. Талшықтар қима формасы бойынша жұмыс жасайды. Күштік кабельдердің стандартты қималары : 1,5; 2,5; 4; 6; 10; 16; 25; 35; 50; 70; 95; 120; 150; 185; 240; 300; 400; 500 және 600мм2 болады.
9. Кернеуі 1-кВ жоғары электр тораптарының қызметі.
«Электрлік ауа желісі»- деп электр энергиясын сымдар арқылы жеткізуге және тасымалдауға арналған қондырғы. Жалаңаш сымдар ашық ауада орналасып, бағаналарға оқшаулама және арматура жәрдемімен бекітіледі.
Кез келген ауа желісінің басты конструкциялық элементтері болып келесілер табылады (1-суретте көрсетілген) :
а) электр энергиясын тасымалдауға арналған сымдар;
б) Қорғаныс тростары. Олар бағаналардың жоғарғы бөлігінде монтаждалады, сымдарды атмосфералық (найзағай әсерінен туатын) асқын кернеуден қорғайды;
в) бағаналар, олар сымдар мен тростарды жер мен судың бетінен белгілі-бір биіктікте ұстап, тұрады;
г) оқшауламалар (изоляторлар), олар сымдарды бағаналардың қаңқасынан оқшаулап тұрады;
д) арматура, олардың жәрдемімен сымдар оқшауламаға, ал оқшауламалар бағанаға бекітіледі.
Ауа желілерінің көп тарағандары : бір тізбекті; екі тізбекті (2-х цепные). Тізбек (цепь) дегеніміз жеке-бір 3-фазалы линияның үш сымы. Ауа желісінің сымдары мен қорғаныс тростары белгілі бір жерлерде, трассаның жер жағдайына байланысты, анкерлі бағаналарға мықтап бекітілуі тиіс, қажеті тапсырыс бойынша сымдар керіліуі қажет.
Конструкцисы бойынша сымдар келесілерге бөлінеді :
бір талшықты сымдар;
бір тектес металдан жасалынған көп талшықты сымдар;
екі түрлі металдан жасалынған көп талшықты сымдар.
Көпшілігінде екі металдың бірі алюминий, екіншісі – болат не қола болып келеді.
Болаталюминий сымының (маркасы АС) ортасында болат орналасады, ал оның сыртына алюминий сымдары өріледі.
Мыс
сымдар “М” әріпімен маркіленеді.
Мысалы қимасы
мыс сым М-50 болып белгіленеді.