Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
De_1187_gey_1_1257_ndiris.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
33.34 Кб
Скачать

Деңгей 1

1.Өндірісті электрмен жабдықтау туралы қысқаша мәлімет.

Еңбек өнімділігін соңғы өнеркәсіп салаларынада жоғарлатуға деген ұмтылыс және де технологиялық процестердің күделене түсуі реттелетін вентильді электрөткізгіштерін, қуатты доғалы пештерді, пісіру қондырғыларын кеңінен пайдалануды қамтамасыз етеді. Осы тұтынушылар жұмыстарынының сипатты ерекшелігі олардың қоректендіруші желі электр энергиясының сапасына әсер етуі болып табылады. өз кезегінде электр жабдықтардың қалыпты түрде жұмыс істеуі қоректнедіруші жүйесінің электр энергиясына тәуелді. Электр жабдықтармен қоректендіру жүйесінің өзара әсерін бірлестік деп атайды.

Электрмагнитті бірлестік проблемаларының шешімі электр энергия сапасының тиімді көрссеткіштерін анықтаумен ұстануға байланысты, ол кезде электр энергиялар: экономикалық, математикалық және техникалық болып бөлінеді.

Экономикалық мәселелер өөнеркәсіпті электр жабдықтау жүйелеріндегі сапасыз электр энергия шығындарын есептеу әдістерінен тұрады. Техникалық аспектілер электр энергия сапасын жақсартатын техникалық құралдар мен шараларды өңдеуді және де сапаны бақылау мен басқару жүйесін ұйымдастырудан тұрады.

Өнеркәсіп мекемелерін электрмен жабдықтау үшін келесі өлшеу периодтағы олардың бақылануы қарастырылады:

1) кернеудің ауытқуын бақылау кезінде: а) бес күндік жұмыс апталы мекемелермен бір жұмыспен демалыс тәуліктегі энергия жүйелерінің тораптары үшін;

б) үздіксіз өндірістік кем дегенде бір тәулікті мекемелер үшін;

в) қалған барлық жағдайлар үшін – кем дегенде екі жұмыспен бір демалыс күндік;

г) кернеудің синусойдалы еместік коэффициентін, кернеудің өзгеруінің тиісті шегі, жиілік тербелісінің тербелу шегін бақылау кезінде;

5. Электр қабылдағыштарының категорияларға бөлінуі.

Электр қондырғыларының құрылысы Ережесіне сәйкес Электр энергиясының қабылдағыштары келесі үш категорияға бөлінеді:

I категориядағы электр қабылдағыштары – бұл категорияға электрмен қамтамасыздандыруды доғарған кезде адам өміріне қауіп төндіретін, шаруашылыққа едәуір зиянын тигізетін қымбат тұратын негізгі жабдықтардың бұзылуына алып келетін, өнімнің жалпы жарамсыздығын тудыратын, күрделі тезхнологиялық процесстің бұзылуына, коммуналдық шаруашылықтың ерекше маңызды элементтерінің жұмысына зиянын тигізетін электр қабылдағыштары жатады.

I категориядағы электр қабылдағыштарының құрамынан электр қабылдағыштарының жеке тобын бөліп алуға болады, оларға – адам өміріне қауіп төнуін адын алу мақсатында, жарылуды, өрттің және қымбат тұратын негізгі жабдықтардың бұзылуын болдырмау мақсатында өндірісі авариясыз, мүлтіксіз жұмыс істеу үшін үздіксіз жұмыс істейтін электр қабылдағыштары жатады;

II категориядағы электр қабылдағыштарға - электрмен қамтамасыздандыруды доғарған кезде өнімнің массалық түрде шықпауына, жұмысшылардың, механизмдердің және өндіріс транспортының босқа тұрып қалуына, қала және ауыл тұрғындарының шаруасының тұрып қалуына алып келетін қабылдағыштар жатады;

III категориядағы электр қабылдағыштарға - I және II категориялы қабылдағыштарға келмейтін, электр қабылдағыштарының барлығы жатады.

I категориядағы электр қабылдағыштары электр энергиясымен екі тәуелсіз бірін бірі өзара резервтейтін энергия көзімен қамтамысздандырылуы қажет, және энергия көзінің біреуімен электрмен қаматасыздандыру бұзылуы кезінде оларды электрмен қамтамсындарудың үзілісі қоректі автоматты түрде қалпына келтіру кезінде ғана мүмкін болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]