Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Epid_shpor.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
250.37 Кб
Скачать

62.Ішек инфекциялары мәселесін шешуде санитарлық-техникалық және гигиеналық жолдары.

Егу-емдеу және тамақ шығаратын мекемелердің қызметкерлерімен сальмонеллездың алдын алу мен анықтау жөнінде семинар-кеңестер өткізіліп тұрады, сондай-ақ апта сайын жұқпалы аурулар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау жүргізіліп, соның қорытындысымен санитарлық-гигиеналық, эпидемиологияға қарсы шаралар жүргізіледі.

Әрбір педиатриялық учаскеде мақсатты топтағы балалар мен тұрғындарды егу-емдеу жұмыстары бойынша мониторинг жүргізіледі.

Барлық егу-емдеу мекемелері вакциналарды сақтау үшін термоконтейнерлермен, хладоэлементтермен, шокқа қарсы салулармен, тоңазытқыш жабдықтарымен толығымен жасақталған.

Ай сайын лабораториялық байқау кестесі жасалады және сапалы ауыз суға лабораториялық бақылау қамтамасыз етіледі. Су өткізетін құбырлардың санитарлық-техникалық жағдайы мен сапалы ауыз суды жақсарту бойынша шаруашылық субъектілермен бірлескен іс-шаралар өткізіледі. Орталықтандырылған су көздерінің аумағында қоршауларды ағымды жөндеу, тиіс аумақтарды көріктендіру жүргізілді, малдардың су ішуіне тыйым салатын белгілер орнатылды. Барлық су өткізетін құбырлардың ауыз суын зарарсыздандыру үшін реагенттермен қамтамасыз етілген.

Тарау механизмі-фекальды-оральды.

  • ие организмде асқорыту жолында көбейіп, тіршілік етеді.

  • сыртқы ортаға нәжіспен, құсықпен шығады

  • жаңа организмге ауыз арқылы (су, тағаммен түседі)

Берілу факторлары инфицирленген заттар төсек

орны,ойыншық,тамақ ыдыстары,су,почва.

Сыртқы ортаның инфекциялануы көптеген жағдайларға байланысты: элеуметтік жағдай, санитарлы-гигиеналық шараларға (водопровод, канализация бар немесе жоқ болуы, олардың қалпы, шыбынның көптігіне, халықтың санитарлы мәденитетіне және басқа).

2) лап етіп көпшілікке тарап кету, немесе сиректеу эпидемияға айналып кетуі;

3) халықтың санитарлы мәдениетіне байланысты;

4) ішек аурулары ешуақытта жаппай тарамайды, сондықтан коллективті иммунитет құралмайды да, ішек аурулар өз бетімен шектелінбейді.

Айтылған ерекшеліктерге байланысты ішек аурулардың тарауына қарсы келесі жалпы шаралар өткізіледі:

1) ауырған адамдарды изоляцияландыру (көбінесе үйде); қоздырғыш тасымалдаушыларды су және

тамақ өндірістер, жұмыс орнына жібермеу

2) әлеуметтік және санитарлы гигиеналық шаралармен мәдениетті көтеру -негізгі шаралар)

3) спецификалық профилактика кең қолданылмайды. Іш сүзек, холера эпидемия кездерінде ғана.

Ішек аурулары 4 топқа бөлінеді:

І.Типті ішек аурулары-қоздырғыштары ішектен басқа ағзаларға тарамайды:

- холера

- дизентерия

- кейбір гельминтоздар (гименолипидоз, энтеробиоз)

2.Токсикоинфекциялар – қоздырғыштар алдан-ала тағамдар ішінде көбейіп, кейбір кезде олардың ішінде токсиндерді бөледі:

- ботулизм

- сальмонеллез

- ас-токсикоинфекциялар (стафилококкты ж.б.)

3.Бұл да типті ішек аурулар, бірақта қоздырғыштары ішектен шығу мүмкіншілігін тауып басқа ағзаларды зақымға ұшыратады. Сыртқы ортаға шығармайды:

- амебиаз

- аскаридоз

- трихинеллез

4.Бұл ішек ауруларында, қоздырғыштар қанға тарап, сыртқы ортаға шығуына қосымша жолдар болады (бөліп шығару ағзалары арқылы бүйрек, тері, өт жолдары т.б.)

- іш сүзек

- вирусты гепатит

63.АУА-ТАМШЫ МЕХАНИЗММЕН БЕРІЛЕТІН ИНФЕКЦИЯЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

Қоздырғыш тыныс алу жолдарының жоғарғы бөліктерінде орналасады (ауыз, мұрын, көмейде)

  • сыртқы ортаға жөтел, түшкіру, сөйлеу арқылы шығады;

  • - сыртқы ортада (аэрозоль түрде сақталады)

Ерекшеліктері:

1)тарау жолы өте оңай, аз уақытта көп тарап, адамдарды көптеп инфекцияландырады

2) халық арасында кең тарауда

3) кейбір инфекциялар жаппай тарап, иммунитет жоқ адамдарды 100% зақымға ұшырату мүмкіншілігі болады

- қызылша

- жел шешек т.б.

4) сондықтан бұл инфекциялар эпидемия түрінде тарау бейімі жоғары болады

5) бұл инфекциялардың тарауы халық арасындағы топты иммунитеттің деңгейіне байланысты болады

6) көбінесе балалар арасында тарайтыны

7) маусымдық

8) мерзімдік

9) бұл инфекциялардың алдын алатын негізгі шаралары ішінде – бірінші қатарда-иммунизация (қызылша, дифтерия т.б.)

Тыныс алу жолдарының инфекциялары да 4 топқа бөлінеді:

І.Типті инфекциялар (қоздырғыштар орналасқан жерінен ары тарамайды)

- риновирусты инфекция

ІІ. Қоздырғыштар енген жерінен қан арқылы басқа ағзаларға жетеді:

  • менингококкты инфекция

  • - менингоэнцефалит

ІІІ.Қоздырғыштар қан арқылы басқа ағзаларға жетіп, спецификалық қабыну туғызып, сыртқы ортаға шығу жолын табады:

  • шешек

  • жел шешек

  • лепра

ІУ.Қоздырғыштар ауыз-көмей қуыстарында орналасқан себептен сыртқы ортаға тек қана ауамен емес, сілекеймен де шығады. Сондықтан тарау жолдары кеңейіп инфекция тұрмыстық заттар және қатынас арқылы тарауға мүмкіншілік туады:

  • дифтерия

  • скарлатина

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]