- •46.Дезинфекция түрлері.
- •47.Дезинфекция әдістері.
- •48,Дезинфекциялық
- •49.Микроорганизмдердің дезинфекциялық заттарға төзімділігі.
- •50.Дезинфекцияның эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі орны.
- •51.Стерилизация, анықтамасына түсінік, асептика.
- •52.Медициналық бұйымдарды стерилизациялау әдістері.
- •53.Стерилизацияның физикалық әдісі, ауа әдісі және иондаушы сәулемен стерилизациялау.
- •54.Стерилизацияның химиялық әдісі: газ әдісі, химиялық препараттар ерітіндісімен стерилизациялау.
- •55.Ішек жұқпалы ауруларыны топтарының жалпы сипаттамасы.
- •56.Ішек жұқпалы аурулары топтарының берілу механизмі,берілу механизмі сатылары,берілу факторлары.
- •57.Ішек жұқпалы аурулары топтарының берілу жолдары,берілу факторлары.
- •58.Ішек жұқпалы аурулары топтары қоздырғыштың адам ағзасымен бірлескен әрекеттерінің ерекшеліктері.
- •59.Ішек аурулары топтарының манифестік,инкубациялық және жұқтыру кезеңі.
- •60.Ішек жұқпалы аурулары топтарында эпидемиялық прцестің жалпы сипаттамасы.
- •61.Ішек жұқпалы аурулары топтарында әлеуметтік және табиғи факторлардың эпидемиялық процеске әсер ету механизмі.
- •62.Ішек инфекциялары мәселесін шешуде санитарлық-техникалық және гигиеналық жолдары.
- •64.Тыныс алу жолдарының инфекцияларының жіктелуі.
- •66.Аэрозольдік антропоноздар проблемаларын шешетін иммунологиялық жолдары.
- •67.Қан инфекцияларының жалпы сипаттамасы. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
- •68.Қан инфекцияларында адам мен тасымалдаушы организмдегі инфекция қорының ерекшелігі. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
- •69.Вирусты геморрагиялық қызбалар,жалпы сипаттамасы,алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •70.Оба,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •71.Туляремия,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •72.Жанасу механизммен берілетін инфекциялардың жалпы сипаттамасы.
- •73.Сыртқы қабат инфекцияларының жалпы сипаттамасы.
- •74.Вирусты және бактериалды этиологиялы сыртқы қабат инфекциялары.
- •75.Қоздырғышы тікелей қатынас арқылы берілетін инфекциялар.
- •76.Қоздырғышы қоршаған орта объектілері,көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы жанасу механизмінен берілетін аурулардың жалпы сипаттамасы.
- •77.Сыртқы қабат инфекцияларының арнайы және арнайы емес алдын алу шаралары.
- •78.Сыртқы қабат инфекцияларының алдын алуда санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің ролі.
- •79.Әлемнің барлық мемлекеттерінің денсаулық сақтауы үшін өзекті мәселе.
- •Сферы деятельности воз
53.Стерилизацияның физикалық әдісі, ауа әдісі және иондаушы сәулемен стерилизациялау.
Стерилизация –
бұл физикалық факторлармен қатар химиялық заттар арқылы әсер ете отырып,
микроорганизмдер мен олардың спораларын жою.
Стерилизация-залалсыздандырылатын заттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Физикалық:
Қайнату Ыстық бу Жоғары қысым
Құрғақ ыстық
Автоклавтау
Құрғақ ауамен стерилизациялау
Қайнату
Ультракүлгін сәулелермен стерили-
зациялау
Стерилденген заттардың сақталу мерзімі:
Жабық биксте – 72 сағат
Ашық биксте – 24 сағат
Клейленген крафт пакетте – 20 тәулік
Скрипкамен жабылған крафт пакетте – 3 тәулік сақталады.
Ашық крафт пакеттегі құралдарды дәл сол кезде қолдану керек.
Сәуле мен залалсыздандыру. Бұл әдіс иондаушы және ультракүлгін сәулелердің көмегімен жүзеге асады. Бұл әдіс пен бір рет қолданылатын медициналық құралдар (катетрлер және дәрілік ерітінділер т.б) заласыздандырылады.
54.Стерилизацияның химиялық әдісі: газ әдісі, химиялық препараттар ерітіндісімен стерилизациялау.
Стерилизация –
бұл физикалық факторлармен қатар химиялық заттар арқылы әсер ете отырып,
микроорганизмдер мен олардың спораларын жою.
Стерилизация-залалсыздандырылатын заттарға байланысты бірнеше түрге бөлінеді.
Химиялық- газдарды пайдалану, өңдеуге тиісті заттарды ерітіндіге батыру.
Есте сақтайтын нәрсе- стерилизациядан кейін газдан тазалау(газ әдісі қолданылса) немесе жақсы жуу(химиялық ерітінді пайдаланылса).
Химиялық заттармен залалсыздандыру аса сақтықты қажет етеді.Химиялық ерітіндіні дайындаушы мейірбике формасы:
- Халат
- Қалпақ
- Маска
- Арнайы қолғап
- Аяқ киім
Газ әдісі- термиялық әдіске жарамайтын заттарды стерилизациялайды. Газ әдісімен стерилизацияланатын заттар: хирург аспаптар, әйнек заттар, кетгут, зонд, катетер және пласмассалар. Стерилизацияға қолд.заттар: оксид этилен,метил бромид, екеуінің қоспасы, формалдегид. Портативті газды стерилизатор- газды әдіс өтетін құрал.МЕталдан жасалған цилиндрлі корпусы, алынатын қақпағы бар.
Азопирам ерітіндісін дайындау:
Реактивтер:порошоктағы амидопирин,тұзқышқылды анолин,3℅сутегі тотығы,95% этил спирті,дистилденген су.Су 3% тотығын дайындауға қолданылады.
Бастапқы ерітіндіні дайындау.
1л ерітіндіге 100г амидопирин және 1,0-5,0г тұзқышқыл анилинді өлшеп алады.Заттарды құрғақ ыдыста араластырып,1литрге дейін 95% этил спиртін құяды.Қоспаны заттардың түгелі ерігенше араластырады
55.Ішек жұқпалы ауруларыны топтарының жалпы сипаттамасы.
Тарау механизмі-фекальды-оральды.
ие организмде асқорыту жолында көбейіп, тіршілік етеді.
сыртқы ортаға нәжіспен, құсықпен шығады
жаңа организмге ауыз арқылы (су, тағаммен түседі)
Сыртқы ортаның инфекциялануы көптеген жағдайларға байланысты: элеуметтік жағдай, санитарлы-гигиеналық шараларға (водопровод, канализация бар немесе жоқ болуы, олардың қалпы, шыбынның көптігіне, халықтың санитарлы мәденитетіне және басқа).
Ішек ауруларының ерекшеліктері:
1) маусымдық болуы;
2) лап етіп көпшілікке тарап кету, немесе сиректеу эпидемияға айналып кетуі;
3) халықтың санитарлы мәдениетіне байланысты;
4) ішек аурулары ешуақытта жаппай тарамайды, сондықтан коллективті иммунитет құралмайды да, ішек аурулар өз бетімен шектелінбейді.
Айтылған ерекшеліктерге байланысты ішек аурулардың тарауына қарсы келесі жалпы шаралар өткізіледі:
1) ауырған адамдарды изоляцияландыру (көбінесе үйде); қоздырғыш тасымалдаушыларды су және тамақ өндірістер, жұмыс орнына жібермеу
2) әлеуметтік және санитарлы гигиеналық шаралармен мәдениетті көтеру -негізгі шаралар)
3) спецификалық профилактика кең қолданылмайды. Іш сүзек, холера эпидемия кездерінде ғана.
Ішек аурулары 4 топқа бөлінеді:
І.Типті ішек аурулары-қоздырғыштары ішектен басқа ағзаларға тарамайды:
- холера
- дизентерия
- кейбір гельминтоздар (гименолипидоз, энтеробиоз)
2.Токсикоинфекциялар – қоздырғыштар алдан-ала тағамдар ішінде көбейіп, кейбір кезде олардың ішінде токсиндерді бөледі:
- ботулизм
- сальмонеллез
- ас-токсикоинфекциялар (стафилококкты ж.б.)
3.Бұл да типті ішек аурулар, бірақта қоздырғыштары ішектен шығу мүмкіншілігін тауып басқа ағзаларды зақымға ұшыратады. Сыртқы ортаға шығармайды:
- амебиаз
- аскаридоз
- трихинеллез
4.Бұл ішек ауруларында, қоздырғыштар қанға тарап, сыртқы ортаға шығуына қосымша жолдар болады (бөліп шығару ағзалары арқылы бүйрек, тері, өт жолдары т.б.)
- іш сүзек
- вирусты гепатит
