- •46.Дезинфекция түрлері.
- •47.Дезинфекция әдістері.
- •48,Дезинфекциялық
- •49.Микроорганизмдердің дезинфекциялық заттарға төзімділігі.
- •50.Дезинфекцияның эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі орны.
- •51.Стерилизация, анықтамасына түсінік, асептика.
- •52.Медициналық бұйымдарды стерилизациялау әдістері.
- •53.Стерилизацияның физикалық әдісі, ауа әдісі және иондаушы сәулемен стерилизациялау.
- •54.Стерилизацияның химиялық әдісі: газ әдісі, химиялық препараттар ерітіндісімен стерилизациялау.
- •55.Ішек жұқпалы ауруларыны топтарының жалпы сипаттамасы.
- •56.Ішек жұқпалы аурулары топтарының берілу механизмі,берілу механизмі сатылары,берілу факторлары.
- •57.Ішек жұқпалы аурулары топтарының берілу жолдары,берілу факторлары.
- •58.Ішек жұқпалы аурулары топтары қоздырғыштың адам ағзасымен бірлескен әрекеттерінің ерекшеліктері.
- •59.Ішек аурулары топтарының манифестік,инкубациялық және жұқтыру кезеңі.
- •60.Ішек жұқпалы аурулары топтарында эпидемиялық прцестің жалпы сипаттамасы.
- •61.Ішек жұқпалы аурулары топтарында әлеуметтік және табиғи факторлардың эпидемиялық процеске әсер ету механизмі.
- •62.Ішек инфекциялары мәселесін шешуде санитарлық-техникалық және гигиеналық жолдары.
- •64.Тыныс алу жолдарының инфекцияларының жіктелуі.
- •66.Аэрозольдік антропоноздар проблемаларын шешетін иммунологиялық жолдары.
- •67.Қан инфекцияларының жалпы сипаттамасы. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
- •68.Қан инфекцияларында адам мен тасымалдаушы организмдегі инфекция қорының ерекшелігі. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
- •69.Вирусты геморрагиялық қызбалар,жалпы сипаттамасы,алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •70.Оба,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •71.Туляремия,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •72.Жанасу механизммен берілетін инфекциялардың жалпы сипаттамасы.
- •73.Сыртқы қабат инфекцияларының жалпы сипаттамасы.
- •74.Вирусты және бактериалды этиологиялы сыртқы қабат инфекциялары.
- •75.Қоздырғышы тікелей қатынас арқылы берілетін инфекциялар.
- •76.Қоздырғышы қоршаған орта объектілері,көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы жанасу механизмінен берілетін аурулардың жалпы сипаттамасы.
- •77.Сыртқы қабат инфекцияларының арнайы және арнайы емес алдын алу шаралары.
- •78.Сыртқы қабат инфекцияларының алдын алуда санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің ролі.
- •79.Әлемнің барлық мемлекеттерінің денсаулық сақтауы үшін өзекті мәселе.
- •Сферы деятельности воз
71.Туляремия,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
Туляремия-қоздырғышының таралу механизмі әр түрлі болып келетін табиғи ошақты клиникасында интосикациямен, қызбамен, лимфа түйіндерінің және басқа жүйелердің зақымдалуымен жүретін, зоонозды жедел инфекциялық ауру.
Этиологиясы: Қоздырғышы-Frahcisella tularehsis, Francezella туысы, Brucellaceae тұқымдасына жатады. Екі антигендік комплексі бар:
қабықтық Vi антиген
соматикалық О антиген
Ұсақ кокк тәрізді және таяқшалар, капсула түзеді, эндотоксин бөледі, сыртқы ортада төзімді. Гр «-». Қоздырғыштың 3 түрі бар:
арктикалық емес (американдық)
орта азиаттық
галарктикалық (европа-азиаттық)
Эпидемиологиясы: Туляремия кең тараған, спородикалық вспышкамен өтетін, табиғи ошақты болып кездесетін ауру. Табиғи ошақтың 5 түрі бар: орманда, қырда, таулы-өзенді, тоғайсыз, тундралық. Әрқайсысының өз ерекшелігі бар.
Инфекция көзі:
әр түрлі жабайы омыртқалы жануарлар (кеміргіштер, қояндар, тышқандар)
ауылшаруашлық жануарлар (қой, шошқа, ірі қара малдар, солтүстік бұғысы)
үй жануарлары (иттер)
инод кенелері (қосымша резервуар)
Таралу механизмі:
контактілі, қарым-қатынас арқылы (зақымдалған тері жабыны, шырышты қабат арқылы).
тағам арқылы
ауа-шаң
трансмиссивті (тістеп алса немесе кене, масаны езіп жіберсе жұғады)
Мерзімділігі: жаз-күз айлары.
Иммунитет: өмір бойы сақталады.
Патогенезі: туляремия патогенезінде 3 маңызды фактор бар:
1. инфекциялық
2.токсикалық
3.аллергиялық
Клиникасы: Инкубациялық кезең бірнеше сағаттан 7 күнге дейін, кейде 10 күн болады.
Асқынулары:
екіншілік туляремиялық пневмония
менингит, менингоэнцефалит
миокардиодистрофия, перикардит
жедел өкпе немесе жүрек тамыр жетіспеушілігі
Диагностикасы:
биологиялық
серологиялық
аллергиялық
Емі:
этиотропты препараттар
патогенетикалық дезинтоксикациялық заттар
физиотерапия
72.Жанасу механизммен берілетін инфекциялардың жалпы сипаттамасы.
Қоздырғыштар тері және шырышты қабаттар ішінде тіршілік етеді. Бұл топқа сіреспе, тілме, сібір жарасы, ящур, құтыру ауруы, газды гангрена кіреді.
Тарау механизмі:
-инфекция сыртқы ортаға тері және шырышты қабаттардың бөліктерімен, лимфа, қанмен шығады;
-басқа организмге терінің және шырышты қабаттардың болар-болмас жарақаттары арқылы түседі.
Бұл топтың инфекциялардың тарауында сыртқы ортаның факторлары роль ойнамайды-тікелей қатынас арқылы жұғады (жыныс қатынас арқылы)
кей кезде мал хайуандар қапқан кезде жұғады (құтыру)
- тарау факторлар ретінде тұрмыстық заттар, киімдер болуына тиісті.
Ерекшеліктері:
бұл топтың инфекцияларының тарауы-тұрмыстық жағдайға байланысты болады
кейбір инфекциялардың тарауы травматизммен байланысты (сіреспе, газды гангрена)
кейбір инфекциялардың тарауы таратушыларға байланысты (құтыру, ящур)
5 топқа бөлінеді:
1.Типті инфекция-қоздырғыш және патологиялық процесс терінің үстіңгі қабаттарында орналасады (чесотка, трахома)
2.Жарақатты инфекциялар – терінің бүтіндігі бұзылған кезде (тілме, сіреспе, газды гангрена)
3.Қоздырғыш жарақаттанған шырышты қабаттар арқылы, немесе өзі терінің тегістігін бұзып қанға тарап, екіншіден теріні зақымдайды (сап, яшур)
4.Мал-хайуандардың тістеуінен тарайтын аурулар (құтыру)
5.Жыныс ағзалар арқылы тарайтын инфекциялар (сифилис, гонорея ж.т.б.).
Алдын алу: санитарлы мәдениет, тұрмыстық жағдайды жақсарту, травматизммен күресу.
