
- •46.Дезинфекция түрлері.
- •47.Дезинфекция әдістері.
- •48,Дезинфекциялық
- •49.Микроорганизмдердің дезинфекциялық заттарға төзімділігі.
- •50.Дезинфекцияның эпидемияға қарсы шаралар жүйесіндегі орны.
- •51.Стерилизация, анықтамасына түсінік, асептика.
- •52.Медициналық бұйымдарды стерилизациялау әдістері.
- •53.Стерилизацияның физикалық әдісі, ауа әдісі және иондаушы сәулемен стерилизациялау.
- •54.Стерилизацияның химиялық әдісі: газ әдісі, химиялық препараттар ерітіндісімен стерилизациялау.
- •55.Ішек жұқпалы ауруларыны топтарының жалпы сипаттамасы.
- •56.Ішек жұқпалы аурулары топтарының берілу механизмі,берілу механизмі сатылары,берілу факторлары.
- •57.Ішек жұқпалы аурулары топтарының берілу жолдары,берілу факторлары.
- •58.Ішек жұқпалы аурулары топтары қоздырғыштың адам ағзасымен бірлескен әрекеттерінің ерекшеліктері.
- •59.Ішек аурулары топтарының манифестік,инкубациялық және жұқтыру кезеңі.
- •60.Ішек жұқпалы аурулары топтарында эпидемиялық прцестің жалпы сипаттамасы.
- •61.Ішек жұқпалы аурулары топтарында әлеуметтік және табиғи факторлардың эпидемиялық процеске әсер ету механизмі.
- •62.Ішек инфекциялары мәселесін шешуде санитарлық-техникалық және гигиеналық жолдары.
- •64.Тыныс алу жолдарының инфекцияларының жіктелуі.
- •66.Аэрозольдік антропоноздар проблемаларын шешетін иммунологиялық жолдары.
- •67.Қан инфекцияларының жалпы сипаттамасы. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
- •68.Қан инфекцияларында адам мен тасымалдаушы организмдегі инфекция қорының ерекшелігі. Қан арқылы тарайтын инфекциялар:
- •69.Вирусты геморрагиялық қызбалар,жалпы сипаттамасы,алдын-алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •70.Оба,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •71.Туляремия,жалпы сипаттамасы,алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар қағидалары.
- •72.Жанасу механизммен берілетін инфекциялардың жалпы сипаттамасы.
- •73.Сыртқы қабат инфекцияларының жалпы сипаттамасы.
- •74.Вирусты және бактериалды этиологиялы сыртқы қабат инфекциялары.
- •75.Қоздырғышы тікелей қатынас арқылы берілетін инфекциялар.
- •76.Қоздырғышы қоршаған орта объектілері,көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы жанасу механизмінен берілетін аурулардың жалпы сипаттамасы.
- •77.Сыртқы қабат инфекцияларының арнайы және арнайы емес алдын алу шаралары.
- •78.Сыртқы қабат инфекцияларының алдын алуда санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің ролі.
- •79.Әлемнің барлық мемлекеттерінің денсаулық сақтауы үшін өзекті мәселе.
- •Сферы деятельности воз
46.Дезинфекция түрлері.
«дезинфекция» деген түсінік ықшам түрінде патогенді микробтарды жою немесе обьектілерден аластатуға арналған ұтымды әдістер мен тәсілдердің жиынтығы болып есептеледі.
Мақсатқа байланысты дезинфекцияны ошақтық және алдын алу түрлеріне бөледі. Ошақтық дезинфекцияны жұқпалы аурудың (немесе тасымалдаушылықтың) ошағы табылғанда жасалады. Эпидемия ошағында қоздырғыштың көзінің бар жоғына байланысты дезинфекцияның күнделікті және қорытынды түрі де болады.
Күнделікті дезинфекция қоздырғыш көзінің қатысуы арқылы қоздырғыш денеден шыққан бойда оны тез құрту мақсатында жасалады. Ол қоздырғыштар жұққан немесе жұғуы мүмкін науқас маңындағы нәжісті, құсықты, қақырықты, таңу заттарын және басқа да бұйымдарды үнемі зарарсыздандыруға бағытталған. Бұл жұмыс ауру немесе тасымалдаушы жұқпа қоздырғышының көзі болатын уақыттың ішінде үздіксіз жүргізіліп отырады.
Қорытынды дезинфекция қоздырғыштың көзінің жоқ уақытында, яғни науқас ауруханаға түскеннен кейін , сосын ол үйге кеткеннен кейін аурухана бөлімшесінде жасалады. Сирек жағдайларда – емдеу – алдын алу мекемелерінде мамандық бағыты өзгергенде де қорытынды дезинфекция өткізіледі.
Қорытынды дезинфекцияның мақсаты – ошақтан қоздырғыш көзін аластағаннан кейін, ошақтағы әр түрлі заттарда қалып қойған патогендік микробтарды жою.
Алдын – алу дезинфекциясы деп, эпидемиологиялық маңызы бар заттардан орын алуып, жұқпалы аурудың қоздырғыштарын кетіруге немесе жоюға арналған шараларды айтады. Алдын – алу дезинфекциясы жұқпалы ауру пайда болмай тұрғанда, оның алдын – алу және таралып кетпеу мақсатында жасалады.
Бактерия тасымалдаушылык немесе жұқпалы ауру жеңіл клиникалық түрде өтетін жағдайларда осындай адамдар дәрігер қарауынан тыс қалады және қоздырғыштарды қоршаған ортаға таратып отырады.
Алдын – алу дезинфекциясы қоғамдық тамақ мекемелерінде, ветеренария, ауыл шаруашылық және агрономия саласында, тамақ өндірісінде және басқа салаларда қолданылады. Ол сумен қамтамасыз ету жүйелерінде, канализацияда, қоғамдық тамақтандыру, өсімдік және малдың шикізаттарынан тағам дайындап, тарататын мекемелерінде, асханаларда, т.б. үнемі қолданылады. Дезинфекциялық шаралар таза және лас ғимараттарды, құрал – жабдықтарды бөлек пайдалану және оларды жуу арқылы іске асырылады.
47.Дезинфекция әдістері.
Қолданылған заттардың ерекшеліктеріне байланысты дезинфекцияның физикалық, химиялық және биологиялық әдістері бар.
Дезинфекцияның физикалық әдістері әртүрлі жолмен іске асырылады, олардың ішінде кең тарағандары және жиі қолданылатындары - объектілерден микробтарды механикалық жолмен жою. Ол үшін, ылғалды түрде жинау, жуу, шаңсорғышты қолдану, желдету, ауаны және суды сүзу, сыпыру, заттарды шаю әдістерін қолданамыз.
Жоғары температура дезинфекция әдісі ретінде қайнату,пастерлеу,қыздыру,өртеу,судың буы,ыстық ауа,кептіру жолдарымен жүзеге асырылады.
Қыздыру әдісі микробиологияда,құрал-жабдықтарды,лаборатория және дәріхана ыдыстарын өңдеу үшін кеңінен қолданылады.
Ыстық ауа. Лаборатория ыдыстарын,аспаптарды және металдан,әйнектен,силиконнан жасалған залалсыздандыру үшін ауа стерилизаторында температура 160-180 градус құрғақ ыстық ауа қолданылады.ал камераларда киім,жастық,матрацтарды осы температурада қыздыру қажет.
Қайнату-заттарды өңдеудің қарапайым,оңай және сенімді әдісі.Қайнаған суда қоздырғыштың вегетативті түрі бірден немесе 2-5 мин өледі.Қайнатуға болатын заттар:залады киім,кейбір тамақ,хирург аспаптар,әйнек резеңкеден жасалған заттар.Жүннен,теріден және вискоздан жасалған заттарды қайнатуға болмайды.
Химиялық әдіс. Заттардың,микроорганизмдердің физиологиялық,морфологиялық қасиеттерін бұзуға негізделген. Дезинфекцияға арналған заттың мынадай қасиеттері болу керек:бактерецидтік,вирулицидтік әсерін тез арада көрсету,өңделуге тиісті заттардың құрамында органикалық қосымшалар болу,өз қасиетін сақтау,адамдарды және жануарларды уландырмау,заттарды бұзбау,біршама арзан және тасуға ыңғайлы болу.