Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НЕВРО ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
271.31 Кб
Скачать

4. Шизофрения (даж-10 б-ша жіктелуі). Ағымдық үлгісі мен түрі.

F2 Шизофрения, шизотипті және сандырақтық бұзылыстар:

F 20 – шизофрения, ішінде келесі түрлерін ажыратады:

F 20.0 – параноидты

F 20.1 – гебефренді

F 20.2 – кататониялық

F 20.3 – дифференциалданбаған

F 20.4 – постшизофрениялық депрессия

F 20.5 – резидуальды

F 20.6 - қарапайым

F 20.8 – басқа

F 20.9 – анықталмаған

Ағымы бойынша келесі түрлерін ажыратады:

F 20.*0 – үздіксіз

F 20.*1 – ақаудың үдеуімен эпизодты

F 20.*2 – ақаудың тұрақталуымен эпизодты

F 20.*3 – эпизодты ремиттирлеуші

F 20.*4 – толық емес ремиссия

F 20.*5 – толық ремиссия

F 20.*8 – басқа

F 20.*9 – бақылау мерзімі 1 жылдан аз

F 21 – шизотипті бұзылыс

F 22 – созылмалы сандырақтық бұзылыстар

F 23 – жедел және транзиторлы сандырақтық бұзылыстар

F 24- индуцирленген сандырақ

F 25 - шизоактивті психоздар

F 28 - басқа бейорганикалық психоздар

F 29- анықталмаған сандырақтық психоз

Шизофренияның негізгі 3 түрі бар:

  1. Параноидты.Аутизм, ойлау құрылымының бұзылысы, адекватты емес және төмендеген эмоциялар түріндегі аурудың негізгі симптомдарымен бірге сандырақтың болуымен көрінеді. Паранойяльды, параноидты және парафренді синдромдардың кезектесіп алмасуымен аурудың прогредиенттілігі көрінеді. Ағымына айқын ремиссиясыз сандырақ және псевдогаллюцинацияның тұрақты түрде болуы тән. Аурудың басталуы 25-40 жасқа сәйкес келеді.

  2. Гебефрениялық түрі – ең қатерлі түрінің бірі. Негізгі көрінісі – гебефрениялық синдром – қозғалыс бұзылыстары, мағынасыз, мотивациясыз қимыл-әрекетпен көрінеді, бірақ ступор болмайды, мотивациясыз көңілділік, ақымақтық қозу, гримасничанье басым болады. Синдромның өзінің гебефренді аталуы тәртіптің балалық сипатын көрсетеді: науқастар өз жасынан жастау көрінеді, қозғалыссыз отыра алмайды, орынсыз сұрақтарды көп қояды. Көңіл-күйі бос эйфориямен, қисықтықпен, адекватты емес күлкімен, сосын агрессиямен алмасумен көрінеді. Сөйлеуі тез кезектілігін жоғалтады, қайталаулар мен неологизмдер шамадан тыс көбейеді. Тұлға өзгерісі, белсенділік төмендеуі, эмоциональды байланыстың бұзылуы үдеп, пассивтілік пен алаңсыздың басым болады. Ауру 13-15 жаста басталады және ары қарай ремиссиясыз ағымда дамиды. Науқастар еңбек жасына жетпей тұрып мүгедек болады.

  3. Кататониялық түрі қозғалыстық бұзылыстардың басым болуымен көрінеді. Кататониялық ступор кезінде науқас ұзақ уақыт табиғи емес, жиі ыңғайсыз позаны, шаршамай сақтап отырады. Мысалы, басын жастық үстінде көтеріп жату – ауалы жастық симптомы, басын халат етегі н/е простынямен жабу – капюшон симптомы, құрсақтық қалыпта жатады. Бұл кезде б/е тонусы қатты жоғарылаған. Науқастарда каталепсия – балауызды иілгіштік болады, яғни науқасты бір қалыпқа келтірсе, солай сақталып қалады. Рефлекстер тежеледі – ұстап алу, сору. Науқастарға негативизм (айтқан нәрсені жасамау н/е тіпті барлығын керісінше жасау) және мутизм (әңгімелесушінің сөзін түсінсе де сөйлеудің толық жоғалуы) тән. Кататониялық қозу тән. Эхопраксия, эхомимия, эхолалия болады. Кататониялық симптомдармен бірге естің қарауытуы (онейроидты кататония) н/е анық ес фонында ес қарауытуы (люцидті кататония) мүмкін. Люцидті кататония шизофренияның қатерлі ағымының бір нұсқасы болып табылады. Бала жасынан басталып, ол үздіксіз ағымда болады және тұлғаның тез үдейтін бұзылыстарымен, терең апатико – абулиялық ақаумен және терең мүгедектікпен көрінеді.