Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
НЕВРО ШПОР.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
271.31 Кб
Скачать

10 Билет

1.Полиневропатия. Классификациясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагостикасы, емі. Полиневропатия – перифериялық нервтердің диффузды зақымдануымен сипатталатын, перифериялық парездер, сезімталдықтың бұзылуы пайда болатын, трофикалық және вегетатаивтік-тамырлық бұзылыстардың аяқ-қолдаң төменгі бөліктерінде басым байқалуымен сипатталатын аурулар тобы. Классиф. 2 топқа бөлінеді: аксонопатиялар (аксондардың осьтік цилиндрлері зардап шеккенде),демиелинзирленген полиневропатия (миелинді қабық зақымданғанда). Аксонопатия – әдетте токсикалық ж/е метаболитикалық зақымдану н/е генетикалық ақау болғанда дамиды. Демиелинзирленген полиневропатия – жиі аутоиммунды н/е тұқымқуалау салдарынан дамиды. Клин. Демиелинзирленген полиневропатия кезінде ірі миелинизирленген қозғалыс ж/е сезімтал проприоцептивті талшықтар зақымдалады,миелинзирленбеген вегетативті беткей сезімтал талшықтар зақымдалмайды. Бұл кезде сенситивті атаксия,вибрациялық сезімнің жоғалуы болады. Беткей сезімталдық салыстырмалы сақталады. Аяқтың дистальды бөлігінде, кейде проксимальды бөлігінде парездер болады. Бұлшықет атрофиясы,жалпы әлсіздік болады. Этиологиясын жойғаннан кейін 6-10 аптада миелин қабығы қалпына келеді. Аксонопатия кезінде көбіне ауырсыну ж/е температураны сезіну бұзылады,амиотрофия жылдам дамиды. Алғашқы кезеңінде терең сезімталдық сақталады. Емі. Этиологиялық (м-ы, инфекциядан дамыса-антибиотик). Ауыр кезінде өмірге қажетті мүшелерді сақтауға арналған емдік шаралар жүргізіледі ж/е дезинтоксикациялайтын препараттар тағ. Полиневропатияның түріне қарамастан В тобындағы витаминдер,аскорбин қышқылы қолд. Ауырсну аса айқын байқалса новокаин электрофарезі,УЖЖ,индуктотермия,ультрадыбыс қолд. Бірінші күннен бастап дибазол қолд. Неврологиялық симптомдардың үдеуі тоқтағанда антихолинэстераздық преп.тағ. 4 бөлімді ванналар тағайындалады.

2.Жүйке жүйесінің вегетативті аурулары. Жіктелуі, этиологиясы, эпидемиологиясы, клиникасы, диагностикасы, емі.

1. Вегетативті бұзылыстар - тұрақты және пароксизмальды симптомдармен көрінеді.

Этиологиясы- жедел және созылмалы инфекциялар, интоксикация, бас–ми жарақаты, ми ісіктері, ми қанайналымының жеткіліксіздігі, созылмалы психикалық жарақат, эндокринді бұзылыстар, ішкі мүшелердің жедел созылмалы аурулары.

Вегетативті тамырлық дистония

Клин: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, физикалық және психикалық жүдеу, жүрек аймағында ауырсыну, жүрек соғысы, ауа жетіспеушілік сезімі, дем алуына қанағаттанбаушылық, тұрақсыз нәжіспен көрінеді.Тексергенде терең рефлекстердің жоғарылауы, АҚ ассиметриясы, тахикардия,пульс лабильділігі, тершеңдіктің жоғарылауы, дермографизм айқын өзгерістері, саусақ пен қабақтың треморы. Эмоциональды бұзылыстар үрей, қорқыныш(паника)- ұйқы бұзылысы.

Нейроэндокринді алмасу бұзылысы май,көмірсу, ақуыз, су-тұз алмасуы бұзылады, шөлдеу, тәбет булемия немесе анорексия түрінде және сексуальді бұзылыстар, Иценко-Кушинг, Фрелих- Бабинскийдің адипозогенитальді дистрофиясы, Симмондс, қантсыз диабет (полиурия, полидипсия,зәр салыстырмалы тығыздығы төмендеуі) дамуы мүмкін. Жас әйелдерде климакс ерте байқалуы мүмкін.

Терморегуляциялық форма бұзылысында температураның таңертең көтеріліп, кешке түсумен көрінеді. Гипертермиялық кризде 38-39 градусқа дейін көтеріледі.

Нейродистрофиялық форма терінің трофикалық бұзылыстары (қышу,құрғау, нейродермит, жаралар) бұлшық ет, сүйек бұзылысы, асқазанның кілегейлі қабықшасы, өңеш, асқазан, он екі елі ішек перфорациясы.

Ұйқысының бұзылысы қиындықпен ұйықтау, түнгі уақытта үрейлі беткей ұйқы, күндіз ұйқышылдық, кейде гиперсомния симптомокомплекстермен көрінеді:нарколепсия, клейн-левин синдромы,пиквик синдромы.

Емі:1. симпатикалық немесе парасимпатикалық тонусқа әсер ететін препараттар –пироксан, грандаксин, эглонил, беллотаминал; 2.дегидротационды препараттар;

3.қабынуға қарсы препараттар

4.негізгі ауруды емдеу, егер гипоталамикалық синдром екіншілік болып табылса, мұндай жағдайда дезинтоксикационды терапия, витамин В,С,Са препараттары, аминоқышқылдар,антидепрессанттар,симпатикалық тонусты төмендету үшін белок пен май, жылы ванна ,теңіз климатын шектеу.

Рейно ауруы.Этиологиясы- инфекция, эндокринді бұзылыстар, жұлынның бүйір мүйізінің тума жеткіліксіздігі.Клиникалық көрінісі 3 стадиядан тұрады.

1-стадия бұл белгілі бір аймақтағы капилляр және артериялардың кенеттен спазмының болуымен сипатталады,осы аймақтар бозғылт, сипағанда суық, кейін сезімталдық төмендейді. Ұстама ұзақтығы бірнеше мин- 1сағ және жоғары, осы ұстама біткесін, спазм қалпына келеді, ұстамалар әр түрлі уақытта қайталануы мүмкін.

2-стадия бұл асфиксия көріністерімен қосарланған, мұнда спазм көк-күлгін түсте көрінеді, қатты ауырсыну пайда болады, асфиксияның орнында сезімталдық жоғалады.Осы стадияның басты механизмі вена парезі. Бірнеші уақыттан кейін бұл көріністер жоғалады.

3-стадия ұзақ асфиксияның әсерінен дамиды. Бұл кезде аяқтарында ісіну, көк-күлгін түсті,қанды құрамды көпіршіктер пайда болады. Осы көпіршікті жарған кезде тіннің некрозы пайда болады, ауыр жағдайларда сүйекке дейінгі барлық тіннің некрозы пайда болады.Бұл процесс тыртық қалыптасумен аяқталады.Клиникалық көріністері жиі саусақтарда,сирек аяқта ,құлақта, мұрын ұшында пайда болады. Осы ауру ерекшелігі - клиник көріністердің симметриялы болуы,бұл ауру созылмалы, 10-жылға дейін созылуы мүмкін, гангрена сирек болады. Бұл кезде саусақ немесе оның бөліктерінің жансыздануы мүмкін.

Диагностикасы. Бозару ұстамасы немесе саусақтардың ұстамасы, әсіресе 2-ші, 3-ші, зақымдалудың симметриялылығы, гангренаның болмауы, ауру ұзақтығы кем дегенде екі жыл.Емі. Адреноблокатор, ганглиоблокатор, транквилизатор, спазмалитикалық тамыр кеңейтуші препараттар, жылы ванна.Десимпатизация немесе преганглионарлы симпотэктомия.

Эритромелалгия. Бұл тамырлардың патологиялық кеңеюі әсерінен шектелген және ауырсынулық ісінумен сипатталады. Этиологиясы капилляр, артериолла, вена иннервациясының жедел тамырлық бұзылыстары. Бұлщықеттік күштеме, шаршағыштық, қатты эмоциональды уайымдау, шамадан тыс қызу.Клиникасы. Аяқтық дистальді бөлімінде дуылдататын ауырсыну және ісіну , тері қызаруы, терінің ісікпен және тершеңдікпен бірге жергілікті температура жоғарылауы, көбінесе бір аяқ зақымдалады,әдетте табан. Ауырсыну сезімдері аяқта қызған кезде, тұрғанда ,жүрген кезде күшейеді, суықта, жатқан кезде төмендейді. Ұстама ұзақтығы бірнеше мин-н- бирнеше сағ-қа дейін.Диагностикасы клиникалық көріністеріне байланысты.Емі тамыртарылтушы препараттар мезатон, изадрин, Са препараттары, актовегин, аскорбин глутамин қышқылы, седативті препараттар, венаішілік новокаин.

3.Цереброваскулярлық аурулардың алдын алу. Бірінші және екінші алдын алудың ерекшеліктері.

Біріншілік профилактика <массалық стратегия> ретінде қарастырылады, бұл кең санитарлы-ағарту жұмысты, инсульт дамуының қауіпті факторлары (темекі шегу,АҚ жоғарлауы, қант диабеті,гиперхолестеринемия,алкоголь,стресс,гиподинамия) туралы тұрғындар білімін жоғарлатуға және профилактикалық шаралары туралы бағытталған; және <жоғары қауіптегі топтар стратегиясы>, бұл арнайы алгоритм негізінде ми инсульті дамуының жоғары қауіптегі топтарды қарастырады. Мұндай науқастар участкелік терапевт және невролог бақылауында жоспарлы профилактикалық курстық емін өткізеді.

Профилактиканың негізгі әдістері – ақ-ны тұрақты бақылау негізінде гипотензивті терапия, антиагреганттар қабылдау, гиполипидемиялық терапия, каротидті эндортерэктомия, ангиопластика.

Екіншілік профилактиканы инсультттан кейінгі науқастарды амбулаторлы-поликлиникалық және санаторлы этапта жүргізеді. Мақсаты – қоршаған ортадан күнделікті өмірге науқастың тәуелділігін азайту, еңбекке қайтару, қайталамалы инсульт, миокард инфаркт, жүрек қантамыр жүйесінің басқа да ауруларының даму қаупін төмендету. Мұндай науқастарға медикаментозды терапия (вазоактивті препараттар, антиагреганттар, ноотроптар, нейропротектор, витаминдер), массаж, ЛФК, психотерапия жүргізеді.

4.Обсессивті-компульсивті бұзылыстар (клиникасы, АХЖ-10 бойынша диагностикалық критериі, емі)

Клиника Шағымдары қайталамалы ауыр стереотипті, жабысқақ ойлар, образдар немесе әуестер, стереотипті формада науқас ойына қайта - қайта келетін мағынасыз деп қабылданатын және қарсыласудың сәтсіз мүмкіндігін шақырады. Компульсивті қимыл немесе ритуалдар стериотипті қимылдардың қайта –қайта қайталануларымен көрінетін, шындыққа жанаспайтын ойлармен аяқталынады. Обсессия мен компульсия, абсурдты және иррационалды түрінде көрінеді. Науқас олардан және оған қарсыласудан шаршайды. Ең жиі кездесетін жабысқақ жұқтырып алу қорқынышы (мизофобия), яғни көп сағаттар бойы қолын жуады; жабысқақ күдіктену, компульсивті тексерумен қосарланатын (есік жабық па,газ сөндірулі ма), және жабысқақ баяулану, обсессия и компульсия қосылғанда және науқас күнделікті жұмыстарды баяу орындайды.Жабысқақ ойлар .Әсіреме жабысқақ ойлар. (F42.0).Шешім шығаруға әкелмейтін субъективті жағымсыз, пайдасыз идеялар,қорқыныштар,образдар, альтернативті философиялық талдау.З. Фрейд егеуқұйрықтық адам» деген синдромды сипаттаған, онда өткір заттардан әсіресе науқастардың бритвасынан қорқыныш сезімі.Компульсивті қимыдар (обсессивті ритуалы) (F42.1).Қауіпті жағдайларды болдырмау немесе ұқыптылыққа байланысты болатын жабысқақ қимылдар.Соның ішінде – қорқу (мысалы,жұқтыру қорқынышы- бұл қолды жууына әкелетін жабысқақ қимыл). Компульсивті ритуальды қимылдар күніне бірнеше сағат алуы мүмкін және бұл шешім қабылдай алмаушылығымен және баяулылығымен қосарланады. ТерапияАнтидепрессанттар, әсіресе трицикликалық , мелипрамин, тетрацикликалық (миансерин, мапротилин (людиомил), антиконвульсанттар, көбіне карбамазепин, парадоксальды интенция, психоанализ, ауыр жабысқақ кезінде — ЭСТ.

5.Алкогольді психоздың түрі, клиникалық сипаттамасы.Алкогольді психоз – созылмалы алкоголизмнің нәтижесінде психиканың бұзылуы. Түрлері:1.Алкогольді делирий (белая горячка)- алкогольмен ұзақ ,ауыр улану басылған соң 2-3 күннен кейін дамиды. Өте жедел дамиды. Абстинентті синдром кезіндегі соматикалық ж/е неврологиялық бұзылыстар делирийдің хабаршысы б.т. вегетатаивті бұзылыстар арта түседі,тері жабындысының гиперемиясы,гипергидроз,тахикардия күшейеді,АҚ төмендейді,тремор,бұлшықет гипотониясы, гиперрефлексия күшейеді, делирий дебютында эпилептиформды ұстамалар бақылануы мүмкін. Ерте пайда болатын белгілерінің бірі ұйқының жоғалуы, содан кейін көру ж/е есту иллюзиясы п.б.оған гипногогиялық галлюцинациялар қосылады, қорқыныш күшейеді. Алкогольді делирийдің клиникасы дамығанда сахна тәрізді шынайы көру, есту галлюцинациялары п.б.қорқыныш пен үрей дамып,өлім жақындап келе жатқандай болады, зейіні аса елітпелі,өте сенгіш болады.2.Алкогольді галлюциноз – клиникасы шынайы,вербальды галлюцинациялармен сипатталады. Галлюцинациялар науқас үшін жағымсыз сипатта болады:балағат сөздер, қауіп туғызу,жәбірлеу. Науқасты «алклголик,отбасын күйреткен маскүнем»деп айтады. Жиі үрей, күдік билейді, кейде науқас жабырқау күйде болады. Науқастың жүріс-тұрысы галлюцинация мазмұнымен анықталады. Соңына түсу,қатынас сандырақтық идеялары қосылуы мүмкін. Олар әлеуметтік қауіп тудыруы да мүмкін:себебі біреуді өлтір,ұр деген бұйрық келіп,оларды орындауы мүмкін. 3.Алкогольді сандырақ психоздары: Алкогольді параноид- клиникасында негізгі синдром қызғаныш н/е соңына түсу сандырағы б.т.әсер ету сандырақтық идеялары да кездеседі. Сандырақтық идеялар мазмұны бойынша нақты,науқастың айналасындағы шындықпен ж/е нақты адамдармен байланысты (әйелі,көршілері). Науқас күйзелістері эмоциональды қаныққан – науқастар бойын қорқыныш, үрей билейді. Олардың жүріс-тұрысы, әрекеттері сандырақ фабуласымен байланысты. Науқас агрессивті болуы мүмкін. Қызғаныш сандырағы - 40 тан асқан ерлерде кездеседі. Айналасындағы заттардың бәрін еш негізсіз қызғана береді.

4.Корсаков психозы – алкогольді делирийдің есте сақтаудың бұзылысымен жүретін жалғасы(соңы). Шеткері жүйкелердің күрделі зақымдалуы байқалады. Есте сақтаудың толық н/е жартылай бұзылысымен жүреді.

6.ситуация. Науқас күндіз туыстарымен ұрысып қалып диваннан құлап түсті,көзі айналып кетті:Задача: 1. Клонико-тоникалық тырыспалар, демонстративті мінез-құлық, қарашықтың жарыққа реакциясының сақталуы. 2. Истериялық синдром. 3. F4. Истериялық невроз диф. с эпилепсиямен, истериялық психопатиямен. 4. Госпит? 5. Психотерапия – сендіру, гипноз. Бейспецификалық тәсілдер– электроұйқы, рефлексотерапия, гомеопатия. Қозғыштығы жоғарылағанда нейролептиктер тағайындалады – галоперидол, аминазин