Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
20_-_bilet (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.14 Кб
Скачать
  1. – Билет

  1. Жоғарғы милық қызметтер. Бұзылыстардың симптомдары мен синдромдары. Зерттеу әдістері. Маңдай бөлімі.

Қозғалтқыш анализатор алдыңғы орталық иірімде және парацентральды бөлікте орналасады. Иірімнің жоғарғы бөлімдерінде аяқ-қол және төменгі-бет бұлшықеттері проекцияланады. Жоғарғы маңдай иірімінің артқы бөлімінде маңдай-көпір-мишық жолы бастамасының орталығы орналасқан. Бұл үлкен жартышар қыртыс аймағы тік жүрумен байланысты қозғалыс координациясына, тұрған және отырған қалыпта тепе-теңдікті сақтау және мишықтың қарама-қарсы жартышарының жұмысын реттейді.

Төбе бөлігі. Тері анализаторының орталығы 1, 2, 3 жолдардың артқы орталық иірімдерінде және жоғарғы төбе аймағының қыртысында орналасқан. Артқы орталық иірімде тактильді, ауырсыну, дененің қарама-қарсы бөлігінің температураны сезу орталықтары бар. Жоғарғы бөліктерде аяқтың сезімталдығы, төменгі бөліктерде беттің сезімталдығы проекцияланады.

Самай бөлігі. Есту анализаторының орталығы жоғарғы самай иірімінің ортаңғы бөлігінің аралшыққа қараған бетінде орналасқан. Көрсетілген түзілімдер ұлу проекциясын құрайды және дыбыстарды тану мен сақтау қызметін атқарады.

Шүйде бөлігі. Көру анализаторының орталығы шүйде бөлігінде орналасады. 17 жол көрудің проекционды шекарасы болып табылады. Ал 18 және 19 жолдар таныс емес жерде көру ориентациясын қалыптастырып, көру образдарын тану және сақтауды қамтамасыз етеді.

Тотальды агнозия. Толық дезориентировка, сирек кездеседі. Көбінесе гнозис белгілі бір анализаторлы жүйеде зақымдалады. Зақымдалу дәрежесіне қарай агнозия көрінісі әр түрлі.

Көру агнозиясы шүйде бөлігіндегі қыртыстың зақымдалуы нәтижесінде дамиды. Науқас затты көре тұра оны танымайды. Мысалы, науқас алманың алма екенін танымай «домалақ, қызыл нәрсе» деп суреттейді.

Көру гнозисын зерттеу үшін құралдар жиынтығы қолданылады. Зерттелушіге заттарды беріп, олардың сыртқы түрін анықтап сипаттап беруді, оларды салыстыруды,қай заттар үлкендеу, қайсысы кішіректеу екенін айтып беруді сұрайды. Сонымен қатар түрлі түсті, бір тонды және контурлы суреттер жиынтығын қолданады. Адамдарды, заттарды тануды ғана емес, сонымен қатар сюжеттерді де бағалайды.

Есту агнозиясы. Гешле иірімі аймағында самайлық бөліктің зақымдалуы кезінде дамиды. Науқас бұрындары таныс дыбыстарды танымайды:.

Сенситивті агнозия тактильді, ауырсыну, температуралық, проприоцептивті бейнелерді немесе олардың жиынтығын тану бұзылысымен түсіндіріледі. Бұл бұзылыс төбе бөлігінің зақымдалу себебінен дамиды.

Анозогнозия науқас өз дефектін мойындамайды, мысалы паралич. Фантомды сезімдерді сенситивті гнозис бұзылысына жатқызуға болады.

Моторлы апраксия. Науқас берілген тапсырма бойынша және қайталап қимылдарды орындай алмайды. Одан қағазды қайшымен қиюды, бауды байлауды, қарандаш және сызғыш көмегімен қағазға сызуды сұрайды. Бірақ науқас тапсырмаларды түсінгенімен шарасыз болып, оларды орындай алмайды.

Идеторлы апраксия. Науқас тапсырма бойынша берілген және ойдан шығарылған заттармен (мысалы, шашты қалай тарайтынын, стаканда қантты қалай араластыратынын, т.б.) қимылдарды орындай алмайды.

Праксисті зерттеу мақсатында тапсырмалар жиынтығын ұсынады (отыру, саусақпен қорқыту, шашын тарау және т.б.). Сонымен қатар ойдан шығарылған заттармен тапсырма орындауды қолданады (қалай тамақтанатынын, қоңырау шалатынын, отынды қалай аралайтынын және т.б.). Науқастың көрсетілген қимылдарды қаншалықты қайталайтынын бағалайды.

I. Орталық жүйке жүйесінің органикалық зақымдалуымен байланысты сөйлеу бұзылыстары. Сөйлеу жүйесінің зақымдалу дәрежесіне қарай бөлінеді:

  1. Афазия — қыртыстық сөйлеу аймағының зақымдалуы нәтижесінде сөйлеу компоненттерінің толықтай жойылуы;

  2. Алалия — сөйлеуге дейінгі периодта қыртыстық сөйлеу аймақтарының зақымдалу себебінен сөйлеудің дамымай қалуы;

  3. Дизартрия — сөйлеу бұлшықеті иннервациясының бұзылысы нәтижесінде сөздің дыбыстық айтылу жағының зақымдануы.

Семантикалық афазия сол жақ жартышардың самай – төбе – шүйде аймағының зақымдалуымен байланысты. Семантикалық афазияның басты белгісі күрделі логико – грамматикалық конструкцияларды, көбіне кеңістіктке қатысты заттарды түсінудегі қиындықтар болып келеді

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]