Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шумақтық фильтрация, каналдық реабсорбция, сек...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.64 Кб
Скачать

Несеп сүзілуінің көбеюі.

Мына жағдайларда:

• қан сүйығында коллоидтық-осмостық қысым төмендегенде; мәселен:

— қатты ашығудан;

— несеппен көп нәруыздар сыртқа шығарылуынан;

— бауыр қызметі жеткіліксіздігі кезінде қан нөруыздары аз түзілуінен;

— организмнің гипергидратациясы кезінде қан сүйылуынан бүл қысымның төмеңдеуі байқалады.

• шумақтардан шығатын артериолалар катехоламиндердің, ангиотензиннің, вазопрессиннің әсерлерінен, тарылып, оларға енетін артериолалар киниңцердің, А-, Е-простагландиндердің әсерлерінен бо-саңсып кеңігенде;

• шумақтардың тіректік мембранасы мен подоциттерінің өткізгіштігі көтерілгеңде — несеп көп сүзіледі.

Несеп сүзілуінің азаюы.

Мына жағдайларда несеп сүзілуі азаюы мүмкін:

• шумақ қылтамырларында қан қысымы (ҚҚ) төмеңдегенде; ол өз алдына мына себептерден дамиды:

— сілейме, коллапс, қан айналымы жеткіліксіздігі кездерінде жүйелік артериялық қан қысымы тым қатты төмендегенде;

— бүйрек шумақтарына қанның ағып келуі (бүйрек артерия-ларының артериосклероздық тарылуы, тромбозы кездерінде) азайғ-анда;

• қаңда коллоидтық-осмостық қысым көтерілгенде; ол өз алдына:

— организмнің сусыздануы кезінде қанның қоюлануынан;

— көп мелшерде организмге нәруыздық сүйықтар енгізгенде;

— гиперпротеинемиямен қабаттасатын аурулар кездерінде байқ-алады;

559