Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шумақтық фильтрация, каналдық реабсорбция, сек...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
24.64 Кб
Скачать

Қызмет атқаратын шумақтардың азаюы.

Жайылмалы (диффуздық) гломерулонефрит кезінде қабыну үрдісінің біртіндеп үлғаюына байланысты бүйрек тіні ісінеді жене жергілікті бүйрек жасушаларының өсіп-өнуі дамиды. Осыдан Боумен қапшықтарының ішінде қысым көтеріліп, несеп сүзілуін азайтады. Қызмет атқаратын нефрондардың жалпы саны азаюынан сүзгі беті кішірейеді, олигурия дамиды. Бүйректің несеп шығару қызметі бүзылады. Сондықтан қаңда қалдық азоттың деңгейі (әдетте 15-20 ммоль/л) көтеріліп, түтылулық (ретенциондық) гиперазотемия дамиды. Бүл кезде қанда зөрнөсілдің (мочевинаның) (өдетте 3,3-7,0 ммоль/л), зәр қышқылының (әдетте 0,10-0,40 ммоль/л. немесе 120-240 мкМ/л), креатининнің (өдетте 40-80 мкмоль/л), индиканның, фенолдардың, индолдың, скатолдың т.б. ішектерде болатын іру-шіру өнімдерінің бірнеше есе көбеюі байқалады. Бүйректің несеп шығару қызметінің бүзылуы нетижесінде фосфаттардың, сульфаттардың жөне органика-лық қышқылдардың организмнен шығарылуы тежеліп, қанда олардың мөлшері көбейеді — гиперфосфатемия, гиперсульфатемия, гиперацидемия дамиды. Көрсетілген заттардың аниондары жасуша сыртындағы сүйықтарында гидрокарбонаттарды ығыстырып, қанның сілтілік мүмкіншшігін төмендетеді (18—13,5 мМ/л — дейін, қалыпты жағдайда ол 25—31 мМ/л болады). Осыдан бүйректік азотемиялық ацидоз

дамиды.

Организмнен электролиттердің (К+, 1Ча+, М§2+, СЬ" иондарының) несеппен шыгарылуы тежелуінен қанда М§2+ мен К+ көбейіп

564

(гиперкалиемия, гипермагниемия), ал ІЧа+-, К+- насосының қызметі бүзылуынан натрий жасушалардың ішінде жиналады. Содан судың жасушаларда және жасуша аралық кеңістіктерде жиналуы дененің ісінуіне өкеледі.

Нефрон өзекшелері қызметтерінің бүзылыстары.

Бүйрек өзекшелерінің бүзылыстары таза күйінде болмайды. Олардың қызметтері нефрон шумақтарының қызметтерімен тығыз байланысты. Сондықтан нефрон өзекшелері мен шумақтарының бүзылыстары жиі бірігіп кездеседі. Дегенмен, бүйрек өзекшелерінің бүзылыстарына төн өзгерістер болады. Сол себепті оларды шартты түрде болса да, ажыратудың маңызы бар.

Бүйрек өзекшелерінің бүзылыстарын тубулопатиялар (лат. птЪа — түтік, өзек; гр. рашов — дерт) дейді. Олар туа біткен жөне жүре пайда болған болып ажыратылады.

Туа біткен тубулопатиялар әртүрлі түқым қуатын геңдік ақаулар-дың нөтижесінде бүйрек өзекшелерінде заттардың кері сіңірілуін және секрециясын қамтамасыз ететін ферменттердің болмауынан немесе олардың белсенділігі аз болуынан дамиды.

Сонымен бірге, гендік ақаулардан нефрон өзекшелерінің эпителий жасушаларында гормондарды қабылдайтын рецепторлар болмауы мүмкін. Содан олар антидиурездік гормонға немесе әлдостеронға жауап қайтармайды.

Жүре пайда болған тубулопатиялар мына жағдайларда дамуы мүмкін:

• бүйрек өзекшелеріндегі эпителий жасушаларының қүрылымдық (дистрофиялық, некроздық, қабынулық) бүліністерінен; мөселен, бүйректе қанайналым немесе зат алмасуларының бүзьшыстарынан, улы химиялық заттар мен микробтардың әсерлерінен онда қүрылымдық бүліністер дамиды;

• дәрі-дәрмектердің, улы заттардың әсерлерінен бүйрек өзекше-лерінде заттардың кері сіңірілуін қамтамасыз ететін ферменттердің белсенділігі төмендеуінен;

• бүйрек өзекшелерінде заттардың кері қанға сіңірілуін қадағалай-тын гормондардың (өлдостерон, вазопрессин) түзілуі мен секрециясы бүзылыстарынан;

• кері сіңірілетін заттардың (глюкозаның, нэруыздардың т.с.с.) алғашқы несепте тым көп болуынан бүйрек өзекшелеріндегі эпителий жасушаларының қызметі қалжырауынан.

Натрий мен судың кері сіңірілуінің бүзылыстары.

Натрий мен судың алғашқы несептен кері қанға сіңірілуі әлдосте-рон мен антидиурездік гормонмен (вазопрессинмен) реттелінеді (62-сурет).

565

Нефрон шумақтарының біртектес бүзылыстары.

Нефрон шумақтарының бүзылыстары несеп сүзілуінің өзгерістерімен көрінеді. Оларда несептің сүзілуі:

— пөрменді сүзілулік қысымның деңгейінен;

— тіректік мембраналар мен Боумен қапшығының эпителий жасушаларының (подоциттердің) өткізгіштігінен;

— сүзгілік бетінің мөлшеріне немесе қызмет атқаратын шумақтар-дың санына байланысты.

Бүйрек арқылы минөтіне 1200 мл-дей қан өтеді. Оның 80-90%-ы бүйректің сыртқы қыртысы, 10-20%-ы милық қабаты арқылы ағады. Бүйректін сыртқы қыртысында шумақтар арқылы зөр сүзілу болса, милық қабатындағы қан ағымы аралық тіндерде осмостық қысымды реттеп, нефрон өзекшелерінен заттардың кері сіңірілуін қадағалайды.

Бүйректің сыртқы қыртысыңда қан ағымы, жүйелік қан қысымының с. б. б. 70-180 мм аралығында толқуына қарамай, тұрақты деңгейде үсталып түрады. Ол өзін-езі реттеу жолымен реттелінеді. Мөселен, бүйрек артериясында қысым көтерілгенде бүйрек ішіндегі артериолалардың тегіс еттері жиырылып, бүйрек шумақтарына келетін қанды азайтып, шектеп түрады. Керісінше, бүйрек артерияларында қан қысымы төмендегенде артериолалардың тегіс еттері босаңсып, олардың ішкі саңылауларын кеңітеді. Осылай бүйрек шумактары арқылы қан ағымын түрақты деңгейде үстайды.

Бүйрек артериясында қан қысымы с. б. б. 70 мм-ден төмен түсіп кетсе, шумақтардың жанындағы жасушаларда ренин өндірілуі көбейеді. Ренин ангиотензин І-ді ангиотензин П-ге айналдырьш, бүйрек артериясын жиырады. Осыдан қан қысымы көтеріледі. Ангиотензин II тым артық өндіріліп кетсе, бүйрек простагландиндер А, Е, Р жөне брадикинин, рениннің бөсеңсіткіштерін өндіреді. Содан бүйрек тамырлары кеңіп, қан қысымының тым көтеріліп кетуінен сақ-тандырады.

Бүйректің милық қабатындағы қан ағымының деңгейі жүйелік қан қысымының деңгейінен тікелей байланысты. Сол себептен жалпы артериялық қан қысымы көтерілгенде бүйректің милық қабатында қан ағу қарқыны жоғарылайды. Ондағы осмостық белсенді заттар қанмен тез тарап, тасымалда-нып кетеді. Осыдан нефрон өзекшелерінде судың кері қанға сіңірілуі азайып, полиурия дамуы мүмкін.

Бүйрек шумақтарында несептің сүзілуі пәрменді сүзілулік қысымнан байланысты. Сүзілулік қысым (СК) шумақ қылтамырларының ішіндегі қан қысымына (ҚҚ), ондағы коллоидтық-осмостық қысымның деңгейіне (КОҚ) жөне (бүйрек шумақтарының сыртындағы) Боумен қапшығындағы ультрасүзіндінің немесе алғашқы несептің қысымына (БҚ) байланысты.

СК=ҚҚ-(КОҚ+БҚ);

Нефрон шумақтарының қьштамырларындағы қан қысымы с. б. б. 45-52 мм, қан плазмасындағы онкотикалық қысым с. б. б. 16-26 мм., Боумен қапшығының ішіңдегі қысым с. б. б. 8-15 мм. Сонда пәрменді сүзілулік қысым мөлшермен с. б. б. 10 мм шамасында болады.

Нефрон шумақтары арқылы несеп сүзілу қарқынын, шумақтар арқылы сүзілетін жөне буйрек өзекшелерінде кері сіңірілмейтін, әрі өзекшелерден несепке шығарылмайтын загтардың клиренсімен (тазарту коэффициентімен) анықтайды. Клиренс (агылш. сіеагапсе — тазарту) деп, белгілі заттан бір минөт ішіңде тазартылған қан плазмасынын мөлшерін айтады. Оны анықтау үшін белгілі заттың зәрдегі мөлшерін, қандағы деңгейін жөне бір минөтте шығарылған несептің көлемін табу қажет. Клиренс (С) мына өрнек бойынша табьшады:

С = V ' Ү/Р, мүнда:

11 - заттың зөрдегі мөлшері; Р - заттың қандағы деңгейі; Ү — минөттік диурез.

Клиренсті анықтау үшін бүйрек өзекшелерінде кері сіңірілмейтін жөне олардың эпителий жасушаларымен несепке шығарылмайтын, тек бүйрек

шумақтары арқылы сүзілетін зат инулин, маннитол пайдаланылады. Бірақ, бүл кезде бірнеше дүркін адамнан қан алу жөне инулиннің қандағы деңгейін бір мөлшерде үстап түру қажет болады. Сондықтан көрсетілген мақсагта инулин сирек қолданылады.

Клиренсті анықтау үшін эндогендік креатининді анықтау жиі қолданылады. Осы жолмен бүйрек шумақтары арқылы несеп сүзілу қарқынын анықтағанда, ол минөтіне 80—120 мл болады.

Несеп сүзілуінің бүзьшыстары тікелей бүйрек қызметінің немесе бүйректен тыс жағдайлардан байланысты болуы мүмкін.

Нефрон шумақтары арқылы несептің сүзілуі көбеюі немесе азаюы мүмкін.