
Нефрон шумақтарының тіректік мембраналары мен эпителий қабатының өткізгіштігі көтерілуі.
Шумақ қылтамырларының эндотелий жасушалары несеп сүзілуіне жақсы икемделген болады.
Ал, тіректік мембрана мен Боумен қапшығының нефрон шумақтарын қаптап тұрған (висцералдық) беттеріңдегі, подоциттер деп аталатын, эпителий жасушалары қан плазмасындағы заттардың несепке өтуіне тосқауыл болады.
Тіректік мембрана үш қабаттан түрады, оның қалыңдығы 300 нм-ге дейін және ішіңде тар саңылау тесіктері болады
Бүлардың диаметрі 8 нм-ден аспайды жене бүл саңылаулардын эңдотелий жасушаларына қараған жақтарыңда теріс электр дәрмені бар аниондар орналасқан. Соңдықтан сыртқы беттеріңде теріс электр дәрмені бар заттар, мэселен, кан жасушалары, нәруыздардың модекулалары, бүл мембраналардың саңылаулары арқылы өткізілмейді.
Жоғарыда келтірілген тіректік мембрана жағына қараған Боумен қапшы-ғының эпителий жасушалары да (подоциттер) нәруыз т.б. кесек молекулалы заттардың сүзілуіне тосқауыл больга түрады. Подоциттердің іштерінде де майда, диаметрлері 8 нм-ден аспайтын саңылау тесіктер болады (61-сурет). Бұл жа-сушалардың тіректік мембранаға қараған жақтарында теріс электр дәрмені бар сиалогликопротеиндер орналасқан. Сондықтан сыртқы беттерінде теріс электр дәрмені бар кан бөлшектері (нәруыздар, лейкоциттер) несепке сүзілмейді. Жорамал бойынша, подоциттер тіректік мембрананы қалпына келтіріп, тіршілігін жоғалтқан жерлерінің орнын толтырып түратын қызмет атқарады.
Нефрон шумақтарының тіректік мембраналары мен подоциттердің өткізгіштігі көтерілуі өртүрлі нефропатиялар, гломерулоиефриттер мен нефроздық синдромдар кездерінде байқалады.
Гломерулонефриттер.
Гломерулонефрит (лат. §1отегиІіі8 - шумақ) — деп бүйрек -озекшелерінің, артериолаларынын, дәнекер тіндерінің дистрофиялық, склероздық өзгерістерімен қатар, нефрон шумақтарының басым бүліністерімен корінетін екі бүйрекке біркелкі жайылган иммундық-қабынулық дертті айтады. Бұл аурудың пайда болуы өртүрлі себептер-ден болады. Ол баспа, бадамша бездерінің созылмалы қабынулары (тонзилиттер), жоғары тыныс жоддарының ауруларынан, терінің іріңді қабынуларынаи (пиодермиттерден) кейін жиі дамиды.
Бүйрек шумақтарының бүліністері жиі инфекциялық-аллергиялық немесе бейинфекциялық-аллергиялық үрдістердің қатысуымен болады. Бүл кезде науқас адамдардың қанында бүйрекке қарсы антиденелер табылады. Гломерулонефриттердің дамуы аутоаллергиялық жолдармен болатыны жануарларда откізілген тәжірибелерде дәлелденді. В.К. Лиңдеман (1901) жөне Мазуги (1933) бүйрекке қарсы антиденелері бар қан сарысуларын енгізу арқылы қоян мен үйректерде бүйрек бүліністерінің үлгілерін алды.
Әртүрлі жүқпалар (стрептококктар, вирустар), химиялық заттар жөне дәрі-дөрмектер (антибиотиктер) бүйрек шумақтарының тіректік мембраналарында аутоантигендердің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сонымен бірге, бүйрек шумақтарының бүл мембранасының антигендік қасиеті стрептококктардың антигендік қасиетімен үқсас болып келеді. Сол себептен жүқпалы аурулармен ауырған адамдардың тәнінде стрептококктарға қарсы түзілген антиденелер (иммундық глобулиндер) тіректік мембрананын антигендерімен байланысуынан комплемент бөлшектерінің белсенділігі көтерілуі мүмкін. Осыдан бүлмембрананың өткізгіштігі жоғарылайды, нейтрофильдердің хемотаксисі болып, олардан лизосомалық ферменттер босап шығады. Бұлар шумақ қылтамырларында тіректік мембраналарының, Боумен қапшықтары эпителий жасупхаларының бүліністеріне өкеліп, олардың өткізгіштігін одан сайын көтереді.
Сонымен бірге, нефрон шумақтарының тіректік мембраналарының бүліністері жиі иммундық кешендердің өсерлерінен болады. Қанда айналып жүрген "антиген-антидене" иммундық кешендері нефрон шумақтарының мембраналарына, қылтамырлардың қабырғаларына, олардың араларындағы тіндерге қонып, комплемент белшектерін өсерлендіру жөне нейтрофильдердің тамьф сыргына шығуын арттыру арқылы, олардың бүліністерше өкеледі. Бүңдай жағдайлар сарысулық ауру, жүйелі қызыл жегі, қүздама төріздес полиартриттер т.с.с. иммун-дық кешендік аурулар кездерінде болуы мүмкін. Кейбір вирустық жүқпалар кездерінде де иммундық кешеңдердің (вирус+антидене) түзі-лулері ықтимал. Бүл кешендер қанмен айналып жүріп, бүйрек шумақ-тарының тіректік мембранасына, қылтамырлардың қабырғаларына жөне тамыр аралық кеңістіктерге ауысын, оларды бүліңдіреді.
Жоғарыда көрсетілген бүйрек шумақтарының тіректік мембранасына қарсы антиденелер, иммундық кешендер нейтрофильдердің, макрофагтардың, тромбоциттердің, лимфоциттердің, комплемент қүрамбөлшектерінің, гфостагландиндердің, калликреин-киниң, қан үю жүйелерінің т.б. қатысуымен нефрондардың бүліністерін іуындатады. Гломерулонефрит кезіндегі нефрон шумақтарьгаың бүліну жолдарында олардың қылтамырларында қан үюы котерілуінің маңызы ете зор.
Бүйрек шумақтарының тіректік мембраналарының қатты бүліністерін туындататын нефропатиялардың бір тобы болып нефроз-дық синдром есептеледі.