Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тромбоз және эмболия шеткері қанайналымр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.36 Кб
Скачать

Артериялық тромбоздың клиникалық түрлері

Артериялық тромбоздың клиникалық түрлеріне тромбоздық тромбоцитопениялық пурпура (ТТП) жөне гемолиздік-уремиялық синдром (ГУС) жатады. ТТП — қанда тромбоциттердің азаюымен, гемолиздік анемиямен, жүйке жүйесінің бүзьшыстарымен қабаттасатын ишемияның белгілерімен көрінеді. ГУС кезінде жедел дамитын бүйрек қызметінің жеткіліксіздігі байқалады. Бүл кезде жүйке жүйесі бүзылыстарының белгілері байқалмайды.

ТТП кезінде тромбоциттерден жөне аз мөлшердегі фибриннен түратын қан қатпалары, ішкі ағзалардың ишемиясына өкелетін, көптеген майда артериялар мен қылтамырларды бітеп қалады.

ГУС кезінде тамыр ішіндегі тромбоциттердің өзара жабысуы мен фибрин түзілуінің күшеюі негізінен тек бүйрек тамырларында болады. Бүл екі жағдайларында да (ТТП және ГУС кездерінде) тромбоциттердің тамыр ішінде шоғырлануларынан (агрегациясынан) шеткері қанда олардын саны азаяды, тромбоцитопения дамвды. ТТП-мен сырқаттанған науқас адамдарда тромбоциттердің саны, ГУС-мен ауыратын науқастарға қарағанда, көбірек азаяды.

ТТП-мен, ГУС-мен ауыратын адамдарда тромбоцитопениядан басқа эрюроцитгердің үсақ бөлшектерге бөлшекгенуі болады. Тромбпен жартылай бітелген артериялар мен қылтамырлар арқылы эритроцитгер қозғалғанда өте алмай, олар бөлшектенеді. Бүл кездерде жиі микроангиопатиялық гемолиздік анемияньщ белгілері байқалады. Шеткері қан жағындыларында бөлшектелген эритроцитгер (пшзоциттер) пайда болады.

Веналық тромбоздың клиникалық түрлері

Веналық тромбоздың клиникалық түрлеріне: тамыр ішіндегі ша-шыраңцы қан үю синдромы (ТШҚҮ-синдромы), туа біткен антитромбин III, С және S нәруыздарының тапшьшықтары жатады.

ТШҚҮ-синдромы дамуының негізінде қан үюының "сыртқы" немесе "ішкі" жолдарының артық әсерленуі орын алады. Хирургиялық әрекеттерден және жарақатгардан кейінгі тіңцердің ауыр бүліністері, сегггицемияның нәтижесіңде қан жасушаларының, әсіресе нейтрофильдердің, бүліністері

239Жиі тшқү-сиңдромьш туындатады. Бүл екі жағдайда да қан үюының "сыртқы" жолының белсенділігі артуы маңызды.

ТШҚҮ-синдромы дамуында 4-сатыны ажыратады:

— қан үюдың түйісу (XII ф.) факторларының белсевділігі артуынан немесе қанда белсенділігі көтерілген тіндік тромбопластиннің пайда болуынан гиперкоагуляция даму сатысы;

— гиперкоагуляция кезінде қан үю факторлары мен тромбоциттердің тым артық пайдаланылуынан олардың жеткіліксіздігі дамып, ауыр түтынулық гипокоагуляция даму сатысы;

— фибринолиз тым артық болуынан фибриногеннің қоры таусылуына байланысты қан плазмасыңда фибриногеннің жоғалуы және мезгіл-мезгіл толық фибринолиз даму сатысы;

— қан үюының біртіндеп қалпына келу сатысы.

Антитромбин Ш-тапшылығы. Антитромбин-Ш-тің туа біткен ташпы-лығы көптеген көктамырлардың бітелуіне әкелетін, веналық (кейде артериялық) тромбоз байқалады.

С және S нәруыздарының тапшылығы. Бүл дерттің түқым қуатын гетеро және гомозиготтық түрлері әдебиеттерде жазылған. Жаңа туған нәрестелерде ауыр ТШҚҮ-синдромы артериолалардың тромбозымен, терінің геморрагиялық инфарктымен қабаттасады (толығырақ тромбофилияларды қараңыз).

Эмболия

Эмболия (гр. Emballein — ішке лақтыру) — деп қан немесе лимфа ағымдарымен келген заттармен қан тамырларының бітелуін айтады. Бүл

заттардың түріне қарай эмболияны экзогендік (ауа, газ, бөгде заттар, бактериялар, қүрттар) және эндогендік (тромб, тіндер, майлар) деп ажыратады. Әдетте эмболдың (эмболия туындатқан заттың) қозғалуы қанның қозғалу бағытымен бірге болады. Кейде ірі көктамырларда қан ағымы баяулаудан эмбол өзінің салмағымен қан ағу бағытына қарсы қозғалуы ықтимал. Бүндай эмболияны кері бағыттағы (ретроградтық) эмболия деп атайды. Сонымен бірге, әдеттен тыс (парадоксалдық) эмболия болуы мүмкін. Бүл кезде эмбол, жүрекше аралық немесе қарын-ша аралық қалқандарда ақау тесіктердің болуынан, жүректің оң жағынан сол жағына тікелей, кіші қанайналым шеңберіне түспей, ауысады.

Экзогендік эмболиялар. Ауа эмболиясы ірі көктамырлар (күре тамырлар, бүғана асты көктамыры) жарақатганғанда пайда болады. Бүл тамырларда қан қысымы теріс болады жөне олардың қабырғалары айналасындағы тіндерге жабысқан. Сондықтан жарақаттанғаннан кейін олардың саңылаулары жабылмай қалады да, тыныс алу кезінде ашық түрған саңылаулары арқылы ауа тамыр ішіне сорылады. Бүл ауа оң жүрекше, қарынша арқылы кіші қанайналым шеңбері тамырларына түседі, өкпе артериолалары мен қылтамырларын бітеп қалады. Осыдан өкпеде қанайналым бүзылады, газдардың алмасуы нашарлайды, тыныстық гипоксия дамвды, адам түншығудан өледі.

240

Газ эмболиясы адам жоғары атмосфералық қысымнан теменгі қысымға тез ауысқанда дамуы мүмкін. Мөселен, терең суға сүңгігенде әрбір 10 метр сайын барометрлік қысым 1 атмосфераға үлғаяды. Сондықтан теңіз немесе мүхиттарда қессондық жүмыс атқаратын адамдарға бірнеше атмосфера барометрлік қысым өсер етеді. Бүл кезде организмде газдардың (азоттың) еруі күшейеді. Олардың еруі май тіндерінде болады. Егер бүл адамдарды су астынан күрт көтерсе, онда организмде еріген газдар бірден газ күйіне айналады да, организмнен сыртқа шығарылып үлгермейді. Бүл газдар тамыр ішіне түсіп, эмболия дамуына әкеледі. Осындай жағдай үшақтармен жоғары биіктікке кәтерілгенде олардың кабинасы жабылуының тығыздығы бүзылғанда байқалады. Бүл кезде қанда еріген газдар газ күйіне ауысады да, үлкен қан айналым шеңберлерінің қылтамырларын бітеп қалуы ықтимал. Көрсетілген жоғары барометрлік қысымнан темен қысымға тез ауысу жағдайы декомпрессиялық аурулардың дамуына өкеледі.

Эңцогендік эмболиялар. Тромбэмболия. Қан тамыры ішінде орналасқан қан қатпасының бір бөлшегі үзіліп, тромбэмболия дамуына өкелуі ықтимал. Мөселен, аяқтың көктамырлары қабынып, ішінде тромб пайда болғанда (тромбофлебит), оның бір бөлшегі үзіліп оң жақ жүрекке, одан өкпе артерияларына түсу мүмкіншілігі болады. Содан өкпеде инфаркт дамиды, тыныс алу бүзылады. Оң жақ жүрекше мен қарынша аралық қақпақшалардан үзілген тромб өкпе артериясының, сол жақ жүрек қуысындағы (эндокардит, аневризма кездерінде) немесе артериялардағы тромбтар үлкен қанайналым шеңбері тамырларының эмболиясына әкеледі.

Май эмболиясы май талшьшықтарының қан тамырларына түсуінен дамвды. Бүл эмболия жіліншік сүйектердің жаншылып сынған кезінде жиі байқалады. Өйткені сүйек кемігінде қантамырларының қабырғалары сүйек перделеріне жабысқан. Сондықтан олар жарақат кезінде жабылмай ашық түрады. Осы ашық тамыр саңылаулары арқылы жіліншік майы жеңіл өтіп кетеді. Май эмболиясы көктамырлармен өкпе артерияларына өтеді. Кейде майдың үсақ тамшылары өкпе қылтамырларынан өтіп, үлкен қанайналым шеңберіне түседі.

Тіндік эмболия қатты жаншылып, жарақаттанған ағзалардың тіңдері, өспе жасушалары тамыр ішіне түсуден дамиды.

Эмбоддардың орналасқан жеріне қарай: кіттті қанайналым шеңберінің эмболиясы, үлкен қанайналым шеңберінің эмболиясы, қақпа көктамырларының эмболиясы деп үш топқа ажыратылады.

Кіші қанайналым шеңберінін эмболиясы. Өкпе артерияларының үсақ тармақтарының көптеген эмболдармен бітелуі, жекеленген ірі тармақтардың бітелуіне қарағавда, тым ауыр өтеді. Өкпе артерияларының эмболиясы кезінде олардың іштеріңдегі рецепторлардың қоздырылуынан жүйкелік-рефлекстік жолмен денедегі шеткері тамырлардың кеңуіне өкелетіні байқалған. Бүл рефлекстің белгілі мөлшерде қорғаныстық маңызы болады. Осы рефлекс бойынша өкпеге келетін қанның мөлшері шектеледі. Содан өкленің ісініп кетуінен сақтандырады. Бірақ өкпеде

241газдардың алмасуы бұзылғандықтан жүрек етінің гипоксиясы дамып, оның жиырылғыштық қызметі әлсірейді, артериялық қысым қатты төмендейді, коллапс дамиды. Кіші қанайналым шеңбері тамырларында эмбол түрып қалғанда, өкпе артериолаларының рефлекстік жиырылуы болады, өкпе артерияларында қан қысымы көтеріледі. Бүл өз алдына оң жақ жүректің қызметін ауырлатады, қуыс т. б. ірі көктамырларда қанның іркілуіне және оларда қан қысымы көтерілуіне әкеледі.

Осыдан оң қарыншаның тез дамитын жеткіліксіздігі, жүрекке ағып келетін қан көлемі жөне жүрек шығарымы азаяды, организмнің өліміне әкелетін жалпы қанайналым жеткіліксіздігі дамиды. Сонымен, кіші қан айналым шеңберінде эмболия болғанда өкпеде ауа алмасу және онда қан айналым бүзылғандықтан тыныстық гипоксия дамиды. Оған организмде жалпы қан айналым бүзылуынан циркуляциялық гипоксия қосылады. Осыдан келіп қанда оттегі азайып, көмір қыш-қыл газы көбейеді, ентік дамиды.

Үлкен қанайналым шеңберінің эмболиясына сол жүрек ішіндегі (тромбэндокардит, миокард инфаркты) және артериялардың ішінде қүрылған тромбтар, газ немесе май эмболиялары жиі әкеледі. Бүл эмболдар жүрек артерияларында, ми, бүйрек, көкбауыр т. б. ағзалардың тамырларында жиі орналасады. Содан осы ағзаларда ишемия, инфаркт дамиды.

Қақпалық көктамырдың эмболиясы сирек кездеседі. Бүл көктамырдың эмболмен бітелуі іш қуысы ағзалары (асқазан, ішектер, көкбауыр) тамырларында қан іркілуіне, қан қысымының көтерілуіне әкеледі. Осьщан іш шемені, іш терісінің астындағы көктамырлардың кеңуі, көкбауырдың үлғаюы байқалады. Көп қан, мөлшермен бар қанның 90%-ы іш қуысы ағзаларының көктамырларында жиналып қалуынан, жалпы айналымдағы қан көлемі азаяды, артериялық қысым төмендейді, тыныс алу бүзылады, естен тану, тыныстық және қантамырларының қимылдық орталықтары-ның садцануы байқалады, осыдан организмнің жан тапсыруы болады.