Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тромбоз және эмболия шеткері қанайналымр.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28.36 Кб
Скачать

Тромбоз

Тромбоз - деп тіршілік кезінде тамыр ішінде қан жасушаларынан тұратын қатпалардың пайда болуын айтады. Бүл қан қатпаларының тамыр қабьфғаларына байланысуы бойынша:

— кемерлік;

— тығындық қан қатпаларын ажыратады.

Кемерлік қан қатпалары тамырдың қабырғасына бекіп, оның са-ңылауын тарылтады және жиі жүректе, ірі артерияларда дамиды. Тығындық қан қатпалары үсақ артериялар мен көктамырларда кездеседі

234

және олар тамырдың саңылауын бітеп қалады. Қүрамында қан жасушаларының қай түрі басым болуына қарай: ақ, қызыл жөне аралас тромбтарды ажыратады. Ақ тромб тромбоциттерден, лейкоцитгерден, аз мөлшерде плазма нәруыздарынан қүрылады. Қызыл тромб эритроциттерден түратын қан үйындысынан,^аралас тромб ақ және қызыл тромбтардың араласуынан пайда болады. Тромбоз даму патогенезінде:

— қан тамырлары қабырғаларының түтастығы бүлінуі;

— тромбоциттердің адгезиялық-агрегациялық белсенділігі артуы;

— үюға қарсы факторлардың тапшылығы немесе белсенділігі төмен болуы;

— қан үю факторларының белсенділігі артып кетуі;

— фибринолизді күшейтетін ықпаддардың азаюы;

— қанның ағу жылдамдығының баяулауы - маңызды орын алады. Қан тамырлары қабырғалары түтастығының бүлінуіне әкелетін

себепкер ықпалдарға:

— механикалық жарақаттар;

— иммундық үрдістер;

— микробтар мен олардың уыттары;

— химиялық заттар, зат алмасуларының аралық қышқыл өнімдері;

— тамыр қабырғалары нәрленуінің бүзылыстары;

— атеросклероз, аневризма дамуы т.б. қүбылыстар жатады. Осы көрсетілгендердің нәтижесінде қан тамырларының ішкі қабатындағы эндотелий жасушаларының өдеттегі атқаратын қызметтері бүзылады. Сондықтан бүл жасушалар:

— қан үюына қарсы (антитромбин Ш, простациклин, гепаринге үқсас заттар т. с. с.) заттар мен фибринолизді арттыратын (плазминогеннің тіндік өсерлендіргіштерін т. т.) заттарды өндіру қабілетін жоғалтады;

— белсенділігі көтерілген қан үю (V, ҮІІІ, IX, X) факторларын дер кезінде әсерсіздендіре алмайды. Ол үшін қан плазмасында, антитромбин III пен гепариннен басқа, протеин С және S болулары қажет.

Бұл протеиндер К-витаминінің кдтысуымен бауырда ендіріледі жөне табиғи антикоагулянтгарға жатады. Олар қан плазмасывда өсерсіз түрлерінде болады. Протеин С, бүлінбеген эндотелий жасушаларының сыртқы бетінде болатын, тром-бинді байланыстыратын рецептор тромбомодулиннің қатысуымен әсерленеді. Бұл нөруыздың туа біткен және жүре пайда болған тапшылығы жиі тромбоз жөне тром-боэмболия дамуына өкеледі. Қалыпты жағдайда протеин С жөне S тромбинді өсерсіздендіреді. Бұл кезде тромбин бүлінбеген эндотелий жасушаларының беттеріндегі тромбомодулинмен байланысып, қан плазмасындагы протеин С-ді өсерлендіреді. Әсерленген протеин С протеин S-пен байланысып кешен күрады. Бүл протеин C-S кешені протеолиздік өсер етеді жөне белсеңділігі көтерілген қан үю факгорларын (V, ҮІІІ) қан плазмасынан аластайды.

Әсерленген протеин С жергілікгі фибринолиздік өсер етеді. Ол плазминогеннің тіндік өсерлендіргіпггерінің тежегіштерін ыдыратады.

Эндотелий жасушаларьшың түтастығы бүлінгенде немесе олардың физиологиялық қасиеттері өзгергенде қан плазмасындағы белсенділігі