Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Организмнің сұйық орталарында хлор, натрий, кал...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.82 Кб
Скачать

Магний иондары алмасуының бүзылыстары

Адам организмінде мөлшермен 25-30 мг магний болады. Оның 67%-ы сүйектердің қүрамына кіреді, 31%-ы жасушалардьщ, негізінен миоцштердің, ішінде болады. Оңца ол АТФ-молекуласымен кешен құрады. Қан сарысуында ол 0,65—1,1 ммоль/л өлбуминдермен жөне глобулиндермен байланысқан түрде бола-ды. Магний қоры суйекте жөне бүлшық ет тінінде жинақталған. Қанда ол көбінесе иондалган түрде болады. Маший 300-ге жуық ферменттердің кофакторы болып, зат алмасу өнімдеріне фосфор қышқылын тасымалдайтын ферменттердің (фос-фатаза, фосфорилазаның) жөне нөруыздардың тасымаддануына қажетті амино-ацил-т-РНК-синтетазаның іс-өрекеггеріне қатысады. Ол электрофизиологиялық үрдістерде қозымды тівдерге кальцийдің өсеріне қарама-қарсы ықпал етеді.

175Магний алмасуының бүзылыстары гипомагниемия және гипермаг-ниемия деп екі түрге бөлінеді.

Гипомапшемия — магнийдің қандағы мөлшері 0,6 ммоль/л ден төмен болуы. Ол мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

• организмге магний аз түсуінде:

' — үзақ ашығулар кездерінде тамакден магний аз түскенде;

— ішектерде магний сіңірілуі бүзылғанда, мәселен, үзақ іш өту-лерден, созылмалы энтериттер кездерінде мальабсорбция синдро-мынан, өт шығаратын жолдардың бітелуі нәтижесіңде пайда болған ахолия кезінде магнийдің май қышқылдарымен қосылып ерімейтін түздары қүрылуынан т.с.с. жағдайларда;

• магнийдің организмнен сыртқа шығарылуы тым артып кеткенде:

• әддостерон артық өндірілгенде, гипопаратиреоз т.б. жағдайларда нефрон өзекшелерінде бастапқы несептен магнийдің қанға кері сіңірілуі бүзылғанда;

• ауыр іш өтулер кездерінде үлкен дәретпен магний көптеп шыға-рылғанда;

• қаннан магний жасушаларға артық ауысқанда, мәселен, тыныс-тық алкалоз, гиперинсулинемия, ішімдікті доғару синдромы т.б. жағ-дайларда осындай қүбьшыс байқалады.

Гипомагниемияның коріністері:

• қанда кальцийдің деңгейі төмендейді (гипокалыщемия), өйткені организмде магний аз болуынан параттормоннның өндірілуі тежеледі және жасуша аралық сүйықтарда магний аз болғандықтан кальций қан-нан осы сүйықтарға (тіңдерге) көптеп ауьісады;

• қанда калийдің деңгейі төмендейді (гипокалиемия), өйткені ги-помагниемияның нәтижесінде несептен калийдің қанға кері сіңірілуі азаяды.

Осы себептерден гипомагниемияның барлық көріністері гипо-кальциемия мен гипокалиемия дамуларына байланысты болады.

• оның алғашқы көріністерінің бірі болып жүйкелік-етгік қозым-дылықтың көтерілуі, тахикардия, жүрек аритмиялары, артериялық қысымның жоғарылауы есептеледі. Соның нәтижесінде рефлекстердің күшеюі, қол-саусақтарының дірілі, тырысуы (тетания) пайда болады:

• дистрофиялық бүзылыстар байқалады. Өйткені:

— магнийге тәуелді фосфатазалардың, фосфотрансферазалардың т.б. ферменттердің белсенділігі төмендеуден көмірсулары мен нәру-ыздардың алмасулары бүзылып, теріде трофикалық жаралар пайда болады;

— қан тамырларының қабырғаларына, бүйрекке, шеміршекгерге т.б. тіндерге жайылған түрде кальцийдің шоғырлануы байқалады.

— ішектерде астың қорытылуы бүзылады. Осыдан балалардың бой өсуі баяулайды, гипотрофия дамиды.

Гипомагниемияны емдеу жоддары.

• гипомагниемияны туындатқан дертті емдеу;

176

• магний түздарын енгізу;

• магнийге бай тамақ өнімдерін (көк бүршақ, бүршақ, тары т.с.с.) қабылдау.

Гипермагниемия — деп магнийдің қаңдағы мөлшері 1,1 ммоль/л көп бо-луын айтады. Ол мынадай себептерден болуы мүмкін:

— тағамдық затгармен немесе дәрі-дәрмек түрінде магнийдің орга-низмге артық түсуінен; Бүндай жағдай бүйрек қызметі дүрыс болғанда сирек кездеседі. Өйткені бүйректің магнийді сыртқа шығару қабілеті өте жоғары болады.

— магнийдің бүйрек арқьшы сыртқа шығарылуы бүзылуынан, мәсе-лен, уремия кезінде;

— магнийдің жасуша ішінен қанға артық шығуынан, мәселен, диабеттік ацидоз, гипотиреоз кездерінде.