- •Натрий иондары алмасуының бүзылыстары
- •Калий иондары алмасуыныц бүзылыстары
- •165• Инсулиннің жеткіліксіздігі және бүйрек үсті безі сыртқы қа-батының гипофункциясы кезінде;
- •Гиперкалемияның көріністері:
- •Гиперкалемия кезінде пайда болатын бүліністерді түзеу жолдары.
- •Хлор иондары алмасуының бүзылыстары
- •Калыщй мен фосфор иондары алмасуының бүзылыстары
- •Гипокалыщемияның көріністері:
- •171Фосфор иондары алмасуының бүзылыстары
- •Гипофосфатемияның көріністері:
- •173Сүйектер мен тістерде метаболизмнің бүзылыстары.
- •Магний иондары алмасуының бүзылыстары
- •175Магний алмасуының бүзылыстары гипомагниемия және гипермаг-ниемия деп екі түрге бөлінеді.
- •Гипомагниемияның коріністері:
- •Гипомагниемияны емдеу жоддары.
- •Гипермагаиемияның көріністері:
- •Темір иондары алмасуыныц бүзылыстары
Калыщй мен фосфор иондары алмасуының бүзылыстары
Ересек адам организмінде кальцийдің мөлшері 1 кг дене массасына шаққанда 20 г болады, ал фосфордың қандағы мөлшері 34,5 мг%. Кальций мен фосфор сүйек тінінің негізгі қүрамына енеді. Олардың организмдегі жалпы мөлшерінің 98%-ы сүйек пен тістердің үлесіне тиеді. Бүл элементтер оксиаппатит түрінде сүйек қаңқасына жиналады.
Қанда кальциңдің 50%-ы иондалған (белсеңці), ал 50%-ы иондалмаған, 40%-ы нөруыздармен байланысқан, түрде болады, ал 5—15%-ы өртүрлі аниондардың (цит-
167раттардың, фосфатгардың, карбонаттардың) кешеніне кіреді. Кальцийдің ішек-қарын жолдарынан қанға сіңірілуі мен ішектер және бүйрск арқылы оның сыртқа шығарылуы арасында қатаң тепе-теңдік сақталады. Бұл үрдіс Д3-витаминімен жөне паратгормонмен реттелінеді. Д-витамині ашішектің жоғарғы бөліктерінде кальцийдің қанға сіңірілуін қадағалайды. Ал, паратгормон қан сарысуында ион-далған кальцийдің деңгейін квтереді. Ол сүйектерден кальцийдің босап шығуын арттырады жөне оның несеппен сыртқа шығарылуын азайтады. Сонымен қатар паратгормон Д 3-гормоны (кальцитриол) түзілуін артгырады. Осылармен қатар кальцийдің алмасуын реттеуге тиреокальцитонин жөне біршама аз мөлшерде со-матотропин, кортикостероидтар, тироксин, инсулин қатысады. Иоңцалған түрі организм тіршілігінде ең маңызды орын алады. Ацидоз кезінде, мысалы, қантты диабет, өспе өсуі кезівде, кальцийдің иондалуы жоғарылайды, ал алкалоз кезінде, мысалы, өкпе шпервентиляциясы кезінде, керісінше төмеңцейді, яғни кальций бейтарап түрде болады. Кальцийдің тіршілікте маңызы ете зор. Ол барлық жасу-шалардың іштеріндегі өтетін үрдістерге, олардың митоздық жолмен бөлінуінен бастап апоптозға жөне тіршілігін жоғалтуға дейін қатысады. Оның қатысуымен өрекет ету потендиалы қальштасады, жасуша мембранасындағы рецепторларға гормондық дабыл беріледі жөне жасушалардың белсенді қозғалыстары болады. Осылай ол жасуша ішінде өтетін үрдістердің маңызды реттеушісі ретінде қарала-ды. Кальций жасушалар мембранасының өткізгіштігін реттеуге, жуйке, бүлшықет жөне без тіндерінде қозу туындату, синапстар арқылы серпіңдерді өткізу үрдістеріне, ет жиырылуының молекулалық тетіктеріне кдтысады. Кальций иондары миоцит-терге еніп, ет талшықтарының жиырылуын туындатады. Тыныштық жағдайда ет жасушаларының ішінде бос кальций өте аз, мардымсыз (жасуша сыртындағы мөлшерінен 10000-100000 есе аз) мөлшерде болады, оның басым бөлігі жасуша сырхында немесе кальцийді жинақтайтын саркоплазмалық торшалардың іштеріңдегі қорларында жинақталады. Бүл аз калыдий бүлшықет талшықтарын мүлде босаң-сып кетуінен сақтандырып, олардың белгілі межеқуатын (тонусын) үстап түрады. Жасуша мембр шасының өткізгіштігі жоғарылауы нвтижесінде жасуша ішіне ен-ген кальций иондарының бір бөлігі миозинмен байланыста болатын АТФ-аза ферментінің белсенділігін артгырады. Осыдан АТФ молекуласының ыдьфауынан пайда болған энергияны пайдаланып, актин мен миозин араларында көпіршіктер қалыптасуынан ет талшықтары жиырылады.
Кальций бірқатар ферменттік үрдістерді бақылайды, макроэргиялық моле-кулалардың түзілуіне өсер етеді. Кальций сіңірілуі қиынға соғатын элементгердің біріне жатады. Тағаммен бірге түсетін кальцийдің қосылыстары іс жүзінде суда ерімейді. Асқазанның қышқыл сөлінің әсерінен олардың бір бөлігі еритін қосы-лыстарға айналады. Кальций, фосфор қышқьшының бір негізді түздары түрінде үлтабарда сіңіріледі жөне оның сіңірілуіне май, май қышқыддары, Д витаминінің мөлшері үлкен өсер етеді.
Калыщйдің қандағы қалыпты мөлшері 2—2,5 ммоль/л-дей, егер одан көбей-се, онда фосфор мөлшерінің азаюына өкеліп соғады жөне керісінше болады, яғни қанда кальцийдің мөлшері азайса онда фосфордың мөлшері көбейеді. Сөйтіп, кальцийдің деңгейі өзін-өзі реттеп түрады. Д витаминінің қатысуымең калыдий мен фосфор қанға түседі, қанда олардың арақатынасы үйлескен деңгейде болады. Егер белгілі бір себептермен кальцийдің қандағы мөлшері көбейетін болса, онда қалқаншасеріх безде паратгормонның ендіріліп шығарылуы тежеледі де, қалқан-ша бездерде калыдитониннің өндірілуі артады. Осының нетижесінде кальцийдің қаңдағы мөлшері қажетті деңгейге келеді, сонымен қатар фосфордың да деңгейі қалыпты күйге квшеді.
Кальций мен фосфордың түрақты деңгейі кальцитонин жене паратгормон арқылы реггеліп отырады. Калыдитонин — қалқанша бездің С-жасушалары түзетін 1'ормон жөне оның қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын қасиеті бар. Парат-гормон — қалқаншасерік безде өндіріледі де, ол керісінше, қандағы кальцийдің молшерін көбейтеді.
Организмге кальций мен фосфор тағамдық заттармен бірге түседі. Олардағы кальций мен фосфордың үйлесімді арақатынасы 1 : 1,25-ке теңеледі. Тағам қүра-мында фосфордың мөлшері көп болып, калыщй аз болса, оңца кальций бүйрек, ішек тамырларында, коронарлық артершшарда жиналады. Мүндай жағдай негізінен іск балықпен жөне уылдырықпен тамақтанудан болуы мүмкін. Бүл дерт ересек-терде ғана емес, сонымен қатар балаларда да дамуы ықтимал. Калыщйдің ішекгерде көп сіңірілуі өсіп келе жатқан жас балаларда, жүкті және бала емізетін өйелдерде байқалады. Ал, Д гиповитаминозы, өт жолдары бітелгенде, май қышқыддарының ыдырауы бүзылғанда ашішек кдбынуы кезінде, керісінше калыщй мен фосфор-дың сіңірілуі қиындайды. Оксалаттары көп жөне майлы тағамдарды артық пайда-ланғавда, үзақ іш өтулері кездерінде калыщйдің сіңірілуі мүлде болмауы мүмкін.
Кальций алмасуының бүзылыстары гипокальциемия және гипер-кіільциемия деп аталатын екі түрде кездеседі.
Гипокальциемия деп иондалған кальцийдің қандағы мөлшері 2 ммоль/ іі дсн төмен немесе 8,5 мг%-тен аз болуын айтады. Ол мына жағдайлар-діі байқалады:
• қалқаншасерік бездерінің гипофункциясы кезінде;
• кальцитонин өндіріліп шығарылуы күшейгеңде;
• ашішек арқылы (созылмалы энтеритгер, мальабсорбция сиңцро-мы кездерівде) кальцийдің сіңірілуі азаюы кезінде;
• Д гиповитаминозы кезінде кальцийдің ішектерде сіңірілуі томендейді;
• өт ішекке түспеуі (ахолия) кезінде Д-витамині сіңірілмейді жөне тагамдық заттардың ферменттермен ыдыратылуы бүзылады;
• созылмалы теңгерілмеген алкалоз кезінде кальцийдің қан нөру-ыздарымен байланысуы жөне оның жасуша аралық сүйықтарға ауысуы лртады;
• гипомагниемия кезінде паратгормонның өндірілуі тежеледі, сүйек-гсрге бүл гормон мен Д-витаминінің ықпаддары әлсірейді.
