Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Организмнің сұйық орталарында хлор, натрий, кал...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.82 Кб
Скачать

165• Инсулиннің жеткіліксіздігі және бүйрек үсті безі сыртқы қа-батының гипофункциясы кезінде;

• ацидоз дамығанда;

Гиперкалемияның көріністері:

— бүлшықеттердің межеқуаты азаяды, содан олардың елсіздігі, сал-дануы байқалады. Рефлекстер азайып, ішектердің атониясы дамиды, бүлшықеттерде ауыру сезімі пайда болады. Өйткені бүлшықет жасу-шаларында тыныштық потенциал және өрекеттік потенциал қалыпта-суы, жүйкелік-еттік қозу серпіндерінің тарауы бүзылады. Жасуша сыр-тында К+ иондарының көбеюі тыныштық потенциалды азайтады. Осыдан тыныштық потенциал мен күрт деполяризациялық потенци-алдың айырмашылығы азаяды, жасушалардың қозымдылығы басында үлғайып, артынан төмендейді.

— жүрек соғуы сиреп, оның ырғағы бүзылады. Қанда калийдің деңгейі 6 ммоль/л-ден асқанда жүректің автоматизмі, қозымдылығы және өткізгіштігі езгереді. Ол брадикардиямен, ЭКГ-да Р—R аралығы үзаруы-мен, QRS кешені кеңеюімен, Т-өркеші үлкеюімен жөне үшкірленуімен көрінеді. Калий иондарының мөлшері 8-10 ммоль/л-ге теңелгенде жүрек-ше-қарынша аралық торабта, қарыншаларда бөгеттер пайда болады, ал ол 13 ммоль/л-ге жеткенде жүрек диастола кезівде тоқтап қалады. Өйткені бүл кезде жүрек етінің қозымдылығы қатты азайып кетеді және пара-симпатикалық жүйке жүйесінің белсеңцілігі артады.

Гиперкалемия кезінде пайда болатын бүліністерді түзеу жолдары.

• гиперкалиемия дамуына өкелген негізгі себепкер ықпалды емдеу қажет;

• жасуша аралық сүйықтан артық калийді жасуша ішіне енгізу шараларын қолдану үшін:

— көктамыр арқылы инсулин қосылған глюкоза ерітіндісі жіберіледі. Бүл калийдің жасуша сыртындағы сүйықтан жасуша ішіне тасымаддануын сергітеді;

— көктамырға СаС12 ерітіндісін енгізу тез арада калийдің жүрекке уытты әсерін азайтады, жүрекгің жиырылу күшін арттырады, арит-мияны жояды;

— көктамырға натрийдің бикарбонатын енгізуде калийдің жасу-ша ішіне енуін күшейтеді.

• артық калийді сыртқа шығару жолдарын сергіту қажет. Ол үшін:

— зөрайдатқылар (фуросемид т.б.) қолданылады;

— әддостерон дәрілері пайдаланылады;

— энтеросорбенттер ішек сөлдерінен калийді байланыстырып үлкен дәретпен сыртқа шығарады;

— гемодиализ қолдануға болады.

— бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі кезінде оның гормондары қодданылады.

166

Хлор иондары алмасуының бүзылыстары

Хлор алмасуының бүзылыстары натрий мен калий алмасуының бүзы-м.істарымен байланысты болады. Жасуша қабығы арқылы хлор ионда-рыпың тасымалдануы гидрокарбонат анионымен (НС03 ) алмасу арқы-ііі,і отеді. Ал, тіндерден оның қанға ауысуы көмір қышқьшының қаты-суымен болады. Хлор алмасуының бүзылыстары гиперхлоремиямен және гипохлоремиямен керінеді.

Гиперхлоремия — деп қан сүйығында хлордың 108 ммоль/л-ден ас-там болуын айтады. Ол мына себептерден дамуы мүмкін:

• тамақпен жөне сусыңцармен ас түзын артық пайдаланудан;

• бүйрек қызметі жеткіліксіздігі кезінде хлордың организмнен сыр-тқа щығарылуы азаюдан;

• қанның қоюлану кезінде;

• хлор тіндерден қанға ауысуы кезінде. Ол өз аддына мына жағдай-ларда болуы ықтимал:

— бүйрек қызметі жеткіліксіздігі кезінде протондардың (Н+) несеп-кс шығарылуы азаюдан гидрокарбонат аниондарының несептен қанға сіңірілуі төмендегенде;

— ауаға жайьшмайтын қышқылдар организмге көп түсуінен дами-тын ацидоз кезінде;

• үзақ іш өтулер кездерінде гидрокарбонат аниондары үлкен дө-рстпен көптеп шығарьшып кеткенде.

Гипохлоремия - деп қан сүйығында хлордың мөлшері 96 ммоль/л-ден төмен азаюын айтады. Ол мына себептерден дамуы мүмкін:

• хлор организмнен көптеп шығарылып кетуінен. Мәселен, толас-тамайтын қүсу кезінде асқазан сөлімен көп хлор сыртқа шығарылады;

• ацидоз, ісіну, іш шемені кездеріңде хлор қаннан көптеп тіндерге ауысады;

• толық ашығу, түзсыз емдөм қабыддау кездерінде организмге хлор аз түсуінен.

Гипер- және гипохлоремиялардың арнайы әйгіленімдері болмайды. Олар гипо- немесе гипернатриемияның, гипо- немесе гиперкалиемия-иың көріністерімен және негізгі дерттің әйгіленімдерімен көрінеді.