Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Организмнің сұйық орталарында хлор, натрий, кал...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.82 Кб
Скачать

Калий иондары алмасуыныц бүзылыстары

Калий — жасуша ішіндегі, негізгі электролит. Ересек адамда калийдің организмдегі жалпы мелшері 4000 ммоль-дей болады, ал мүның 2/3 бөлігі бүлшық еттерде, 5% сүйек қүрамында болады. Организм төулігіне 2—4 г калий қажет етеді. Калийдің жалпы мөлшерінің 90%-ы, яғни ПО—150 ммоль/л-дейіні жасу-ша ішінде, ал 10%-ы ғана, яғни 7 ммоль/л-дейіні, жасуша сыртындағы сұйықта орналасқан. Оның қан плазмасындағы мөлшері — организмдегі жалпы мөлшерінің

1630,4%-ы ғана, яғни 3,8—5,4 ммоль/л. Бүл калийдің плазмадагы салыстырмалы түрақты шамасы болып есептеледі. Плазма мен жасуша аралык, сүйықта калий иондалған түрде, ал жасуша ішіндегі оның көп мөлшері нөруыздармен, көмірсуларымен, креатининмен, фосформен байланысқан түрлерде болады. Калийдің жасуша ішінен шығуы көп жағынан аз жағына қарай (концентрация-лық айырмашылық бойынша) жүзеге асса, оның жасушаға енуі — энергияны пайдалана отырып, Na+- K+- АТФ-аза ферментінің қатысуымен атқарылатын белсенді үрдіс. Үлпалы ағзалардың жасушасына калий глюкоза-калий дифосфат қосындысы түрінде енеді. Бүл үрдіске АҮФ (аденозин үш фосфор қышқьшы) дем береді жөне гормондар арқылы реттеледі. Калийдің жасуша іші мен сыртын-дағы кеңістік арасыңца орын ауыстыруында кышқылдык-сілтілік үйлесімділіктің өзгеруінің маңызы зор. Мысалы, қанда сілтілер квбейгенде, калийдің жасуша сыртынан ішіне өтуіне байланысты оның қандағы мөлшері азаяды, ал егер қанда қышқыддар көбейсе, овда керісінше болады. Калийдің организмнің тіршілігіне қажетті бірталай міндеттері бар:

• ол жасушалардың мембраналық потенциалын қалыптастыратын негізгі ион-дардың бірі болып табылады;

• жасушаларда осмостық қысымды қамтамасыз етеді;

• көмірсуларының, нөруыздардың, липидтердің алмасуына қатысады. Гликогенез үрдісі калийдің жұмсалуын күшейтеді, ал гликогенолиз, керісінше,

калийдің босауына жөне оның жасуша сыртына шығуына әкеледі. Калий бүлінген тіндерді қалпына келтіруге қатысады. Мөселен, неруыздардың түзілуі кезіңде ка-лий жасуша ішінде жиналады, ал олардың ыдырауы кезінде ол жасуша ішінен сыртына шығып, қанға жөне артынан несепке өтеді. Нөруыздар, көмірсулары, майлар ыдырауының қарқыңды болуы калийдің теріс тепе-тендігіне өкеледі. Ка-лий алмасуы су алмасуымен тығыз байланысты. Калий натриймен қарама-қарсы-лық әрекетте болады, себебі калий организмнен оңай шығатын болса, натрий, керісінше, оңай жиналып қалады. Сонымен қатар, егер натрий өзімен бірге орга-низмде суды үстап қалатын болса, калий, керісінше, буйрек өзекшелерінің антидиурездік гормонға сезімтаддығын төмендете отырып, несеппен судың сыр-тқа шығарылуын күшейтеді. Калийді организмге көп мөлшерде енгізсе, овда ол натрий мен судың сыртқа шығарылуын арггырады. Сол себептен, дене ісінуін калийі көп емдөммен емдеу, осыған негізделген.

Калий алмасуының бүзылыстары гипокалиемиямен және гиперка-лиемиямен көрінеді.

Гипокалиемия — қандағы калий мөлшерінің 3,8 ммоль/л-дея темен болуы, ал, ол калийдің теріс тепе-теңдігі кезінде байқалады.

Гипокалиемия мына жағдайларда пайда болуы мүмкін:

• организмге калий тамақпен, мөселен ашығу кезіңде, жеткіліксіз түскенде;

• несеппен, үлкен дөретпен, қүсықпен калий көп мөлшерде жо-ғалтылғанда. Калийдің несеппен көптеп шығарылуы төменде келтірілген жағдайларда байқалады:

— глюкокортикоидтармен үзақ уақыт бойы емделгенде;

— сынапты зәрайдатқылар қолдану кезінде;

— ацетилсалицил қышқылымен уланғаңда;

— кейбір бүйрек аурулары кездеріңде;

164

— әлдостерон өндіріліп шығарылуы көбейгенде;

• калий қаннан жасушаларға көптеп ауысқанда. Ол өз алдына мына жағдайларда кездеседі:

— гиперинсулинемия (инсулинома) кезіңце;

— гиперкатехоламинемия кезінде, мәселен феохромоцитома дертінде;

— фолий қышқылы мен В12-витаминін тым артық қабылдағанда жасушалардың өсіп-өнуі кезінде калий иоңдары олармен артық пайдаланылады.

Гипокалиемияньщ көріністері. Олар калийдің жалпы мөлшері 10— 30%-ға төмендегенде байқалады. Бүл кезде жүйкелік-еттік қо-чымдылық төмендейді, содан бүлшықеттер әлсірейді, тіпті кейде бүлшықеттердің салдануы, асқазан, ішек, қуықтың әлсіздігінен олар-дың қимылдық әрекеттерінің азаюы, артериялық қысымның төмевдеуі байқалады.

Орталық жүйке жүйесі қозымдылығы төмеңдеуден адамды үйқы басу, көңіл-күйдің бейжайлығы, селқостық, жүмысқа қабілетінің төмендеуі байқалады. Өйткені нейровдардың гиперполяризациясынан олардың қозымдылық шегі көтеріледі.

Жасушалардың ішінде калий азайып, сутегі иондары көбеюден аци-доз дамиды. Оларда иондық дисбаланс болудан биологиялық белсенді заттарға (гормондарға, цитокиндерге, жүйкелік медиаторларға) жасуша-лардың жауап қайтаруы бүзылады.

Үзаққа созылған гипокалиемия кезіңде жүрек етінде, ішектерде жөне басқа ағзаларда дистрофиялық өзгерістер пайда болуы мүмкін. Үдемелі гипокалиемия жүрек ырғағының тахиаритмияларын туындатады, соның нәтижесінде жүрек систола мезетінде тоқтап қалуы мүмкін. Гипокали-емияға тән ЭКГ өзгерістеріне: Q - Т аралығының үзаруы, Т өркешінің кеңеюі, аласаруы, тіпті теріс бағытта болуы жатады.

Гиперкалиемия. Гиперкалиемия деп қандағы калий мөлшерінің 5,4 ммоль/л ден көп болуын айтады. Ол мына себептерден дамуы мүмкін:

• калийдің тағаммен бірге немесе калий бромиді, калий хлориді, калий иодиді және басқадай дәрі-дөрмек түрінде организмге артық түскенде;

• калийдің бүйрек арқылы шығарылуы азайғанда; ол өз адцына мына жағдайларда байқалады:

— бүйрек қызметі жеткілісіздігінде;

— Аддисон ауруьі кезінде әддостерон аз өндірілгеңде немесе не-фрон өзекшелерінің өртүрлі нефропатиялар кездерівде әлдосте-ронға сезімталдығы темендегенде.

• тіндердің ыдырауының күшеюінен (жарақат, күйік, тіндердің не-крозы, қатты гемолиз), калийдің жасуша ішінен қанға ауысуы үлғайғ-анда;

• көп мөлшерде тез арада жыддам қан қүйғанда;

• нәруыздар ыдырауы күшейгенде; мысалы, гипоксия кезіңде;