Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Организмнің сұйық орталарында хлор, натрий, кал...docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
49.82 Кб
Скачать

Электролиттер алмасуының бүзылыстары

Көптеген бүліністердің, соның ішінде өмірге қауіпті жағдайлардың, себебі болып электролитгер алмасуының бұзылыстары есептеледі. Өйткені олар тағам-ның қажетті бөлшекгері болып табылады жөне организмнің қалыпты тіршілігін, оның дамуын қамтамасыз етеді. Электролитгер осмостық қысымды, қышқылдық-сілтілік үйлесімділік жағдайды, судың жасуша ішінде жөне оның сыртындағы кеқістіктер арасында бөлінісін қалыпты деңгейде ұстап тұруға қатысады. Соны-мен қатар олар жүйкелік-еттік қозу үрдістерінде аса маңызды орын алады және ет талшықтарының жиырылғыштығына ықпалын тигізеді. Электролитгердің алма-суы басқа заттардың (нөруыздардың, көмірсуларының, энергияның, медиаторлар-дың) алмасуларымен өзара тығыз байланысты. Міне соңдыктанда, организмнің өртүрлі гомеостаздық көрсеткіштерінің қалыпты деңгейде сақталуы элекгролит-тер алмасуының жағдайына тікелей байланысты болады.

160

Тіршілікгің бүзылыстары:

• электролитгердің организмге жеткіліксіз немесе артык, түсуінен,

• олардың қан плазмасы мен тінаралық сүйықпен жасушалар арасында бөлінісінің бүзылыстарынан,

• организмнен сыртқа несеп, тер, ас қорьпу сөлдері арқылы тым көп немесе тым аз шығарылуынан пайда болуы мүмкін.

Организмде минераддық затгар ерітілген жағдайда электролит немесе нөру-ыздармен байланысқан түрде болады. Электролит деп электр дөрмені бар қара-пайым химиялық элемешті айтады. Қаңқа жөне тістердің минералдық түз қүра-мына кальций, магний, натрий, фосфор жөне фтордың едөуір мөлшері кіреді. Сүйекке айналған тіндер тіректік қызмет атқаруымен қатар, минераддық заттар-дың маңызды қоры болып табылады.

Натрий иондары алмасуының бүзылыстары

Жасуша сыртындағы барлық катиондардың 90%-ы натрийдің үлесіне тиесілі. Ол хлорид, фосфат, бикарбонат түрлерінде қан плазмасының, лимфаның, лик-вордың, ас қорыту сөлдерінің күрамыңда болады. Жасуша сыртындағы сүйықта оньщ мөлшері 140 ммоль/л жуық, ал жасуша ішіндегі сүйықтықта — 20 ммоль/л болады. Барлық натрийдің 30%-ға жуығы (1500—2000 ммоль/л немесе 34—46 г) қаңқа сүйекгерінде болады.

Натрий алмасуының бүзылыстары қанда оның көбеюімен (гипер-иатриемия) немесе азаюымен (гипонатриемия) көрінеді.

Гипернатриемия — қандағы натрий мөлшерінің 145 ммоль/л-ден ас-там көбеюі. Ол мына жағдайларда байқалуы мүмкін:

— түзды затгарды артық қабылдағанда (тәуліктік мүқтаждық 10—12 г), мәселен, тағаммен, сілтілі минералды суды көп ішкенде, ас түзының гипертониялық ерітіндісін емдеу мақсатымен артық енгізгенде;

— натрийдің организмнен шығарылуының бүзылуы кезінде, мәсе-лен, бүйрек қызметі жеткіліксіздігінде (гломерулонефрит, нефроскле-роз) және глюкокортикоидтарды үзақ уақыт бойы қабылдағанда;

— өддостерон артық өндіріліп шығарылғанда, өйткені ол нефрон озекшелерінде, ас қорыту жолдарында, сілекей және тер бездерінде натрийдің қанға кері қайта сіңірілуін (реабсорбциясын) күшейтеді.

Осы жағдайларда нағыз немесе шынайы гипернатриемия дамиды. Сонымен бірге, оның салыстырмалы немесе салдарлық түрлері де кездеседі. Бүл кездерде организмде натрийдің жалпы мөлшері көбеймейді. Бірақ денедегі судың мөлшері азаюдан натрийдің қаңдағы деңгейі біршама көтеріледі. Осыңдай жағдайды салыстырмалы гипернатриемия дейді. Ол организмнің сусыздануы барысында, мысалы организмге су аз түскеңде немесе қатты терлегенде және іш өткеңде, полиурия т.т. кездерде қан-ның қоюлануы нәтижесінде байқалады.

Қанда натрийдің көбеюіне организм өзінің теңгерілу жолдарын жүмылдырып біршама қарсы түра алады. Ол үшін гипоталамустағы шөлдеу орталығының нейрондарындағы осморецепторлар қоздырылу-

161ынан антидиурездік гормон артық өндіріледі. Содан бастапқы несептен судың кері қанға сіңірілуі күшейіп су организмде түтылады. Сонымен қатар сол жақ жүрекшеде атриопептин және бүйректе простагландин-дер түзіліп, натрийдің несеппен шығарылуын көбейтеді.

Гипернатриемияның көріністері. Гипернатриемияның нәтижесінде қанның жөне басқа биологиялық сүйықтардың осмостық қысымы көтеріледі. Бүл кезде жүйкенің жөне бүлшықеттердің қозымдылығы артады, сол себептен, гиперкинезиялық бүзылыстардан бастап, ты-рыспа-селкілдек сияқты жағдайлар пайда болады. Өйткені жасуша-лардың ішінде натрий иондарының көбеюінен қозымды тіндердің қозу шегі төмендейді. Сонымен қатар, жоғары дөрежелі жүйке қызметі бүзылады: адамда қорқыныш, үрей сезімі күшейеді, кеңіл-күйдің жабырқауы пайда болады. Кейбір жағдайларда, судың жасуша ішінен сыртқы кеңістікке және қанға өтуі салдарынан жасушаның сусызда-нуы болады. Содан жасушалардың бүрісіп қалуы т.с.с. бүліністері бай-қалады.

Гипернатриемияның ерекше көрінісі болып артериялық қысымның көтерілуі есептеледі. Ол тамыр қабырғаларының жиырылтқыш өсерлер-ге сезімталдығын көтереді және судың тамыр ішінде жиналуына әкеліп, айналымдағы қанның көлемін көбейтеді. Гипернатриемия алкалоз да-муымен қабаттаса жүруі мүмкін. Оған мысал ретінде натрий гидрокар-бонатын артық қабыддаған кездегі алкалозды немесе минералокорти-коидтар артық өндіріліп шығарылған кездегі бүйректік алкалозды келтіруге болады. Кейде гипернатриемия кезінде дене қызымы көтеріледі. Ол натрийдің әсерінен термореггеу орталығы нейрондарының белсенділігі көтерілуіне байланысты дамиды.

Гипернатриемияны емдеу. Осы мақсатпен көктамырға физиология-лық ерітінді немесе 5% глюкоза ертіндісін жібереді. Бүл кезде глюкоза алмасуға тез үшырайды, ал су қанды сүйылтады. Ауьір жағдайларда гемодиализ немесе бүйректен тыс қанды тазарту тәсілі қолданылады.

Гипонатриемия — қандағы натрий мөлшерінің 135 ммоль/л-ден төмен болуы. Ол нағыз немесе шынайы және салыстырмалы немесе салдарлық болып екі түрге бөлінеді. Нағыз гипонатриемия мына жағдайларда байқ-алады:

— тағаммен ас түзы аз түскенде, мысалы, ашығу, түзсыз емдәм қабыл-дау кездерінде;

— натрийді несеппен, термен немесе ішек сөлімен көптеп сыртқа шығарғанда;

— әддостерон аз өндіріліп шығарылғанда (мөселен, Аддисон ауруы кезінде) нефрон өзекшелерінде натрийдің бастапқы несептен қанға кері қайта сіңірілуі азаяды;

— сульфаниламидтер және олардың туындьшары — салуретиктерді (диакарб, дихлотиазид) үзақ мерзім бойы қабылдағанда кездеседі. Өйткені олар натрийдің несеппен шығарылуын күшейтеді.

Салыстырмалы немесе салдарлық гипонатриемия: қанның сүйылуы кезінде болады. Ол мына жағдайларда байқалады:

162

— суды артық қабыддағанда;

— изотониялық сүйықты емдік мақсатта көп мөлшерде енгізгенде;

— бүйректің несеп шығару қызметі төмендегенде;

— дене ісінуін емдеу кезінде су тінаралық кеңістіктен тамыр ішіне коптеп өткенде.

Гипонатриемия кезінде организм оған жауап ретінде әлдостерон-ііың өндірілуін арттырады және атриопептин мен бүйректе иростагландиндердің түзілуін кемітеді. Содан натрийдің несешіен шы-іарылуы азайып, ол организмде үсталынады.

Гипонатриемияныц коріністері. Гипонатриемияның нөтижесівде қанда жоне басқа биологиялық сүйықтарда осмостық қысым төмендейді. Осы-дан су жасушалардың ішіне ауысып олардың ісінуі байқалады. Тері мен иіырышты қабықтардың қүрғауы болып, олардың серпімділігі мен ты-гыздығы азаяды.

Натрийді көп жоғалтқанда калийдің жасуша ішінен сыртына шығуы байқалады. Сол себептен жүйке және бүлшықет тіндерінің қозымды-лығы азаяды. Өйткені жасуша сыртында натрий иондарының мөлшері томендеген. Осьщан қозымды тіндердің қозымдылық шегі жоғарылай-ды. Бүл жүрек етінің, бүлшық және тегіс салалы ет талшықтарының межеқуатын әлсіретеді, бүлшықеттерде ауыру сезімінің пайда болуына ккеледі. Орталық жүйке жүйесі қызметінің бүзылыстары пайда болады. Ьүл бүзылыстар жан-дүниелік әлсіздікпен, кейде тіпті ессіз күй дамуы-мсн көрінеді. Өйткені гипонатриемияның нөтижесінде ми нейронда-рында иондық дисбаланс және олардың ісінуі дамиды. Сонымен бірге мидың гипоксиясы байқалады.

Жүрек-тамыр жүйесі қызметінің бүзылыстары тахикардия, арте-риялық қысымның төмендеуімен, кейде коллапс дамуымен байқала-ды. Өйткені қан тамырларының межеқуаты төмендеуінен, жүректің жиырылу күші әлсіреуінен оның шығарымы азаяды.

Гипонатриемия кезінде тәбетггің жоғалуы, судан жеру, жүрек айну, қүсу т.т. пайда болады, қанттың ішектерде сіңірілуі азаяды.

Гипонатриемияны емдеу. Гипонатриемия гилоталамус жөне бүйректе орналасқан хеморецепторларды қоздыру арқылы әлдостеронның өндірілуі мсн бөлінуін күшейтеді, сөйтіп организмде натрий иондары жинала ба-стайды. Гипонатриемия нәтижесінде пайда болатын бүзылыстарды жою үшін көктамыр ішіне 1—2% ас түзының ерітіңдісін, қан плазмасын, нә-руыздар препараттарын жібереді.