
Ішектердін сіңіру қызметінің бүзылыстары.
Тағамдық заттар мономерлерге дейін ыдырағаннан соң ашішектерде сіңіріледі. Астың мембраналық ыдыратылуы мен жасушалардың сыртқы мембраналары арқылы сіңірілуі жөне қанмен тағамдық заттардың тасымалдануы тығыз байланысты.
Соңдықтан астың мембраналық ыдыратылуының бүзылыстарына әкелетін барлық ықпалддар шіектерде тағамның сіңірілуін бүзады.
Ашішекте сіңірілудің бұзылуын мәлабсорбция синдромы (фран. шаі - ауру, дерт, лат аЬзогрІіо - сіңіру) деп атайды. Бұл кезде бір немесе бірнеше тағамдық заттардың сіңірілуі бүзылуы мүмкін.
Мәлабсорбция синдромы - деп көбінесе ас қорыту ферменттерішң жетитксіздігінен ішектерде тағамдық заттардьщ сіңірілуі және сіңірілген заттардың ішек қабырғаларындағы қанмен, лимфамен тасымалдануы бүзылыстарын айтады.
Сіңірілудің дерттік күшеюі.
Сіңірілудің күшеюі ашішектердің қабынулары, авитаминоз кездерінде байқалады. Жас балаларда ішек қабырғаларының өткізгіштігі қалыпты жағдайдың езіңде жоғары болады. Осыдан толық ыдырамаған тағам енімдері сіңіріліп, дененің уыттануын туындатуы мүмкін. Кейде жүмыртқа, сыйыр сүтінің нөруыздары ыдырамай сіңіріледі. Содан организмнің бөтен нәруыздарға сезімтаддығы кетеріледі, аллергиялық серпілістер дамиды.
Сыртқа шығарулық (экскрециялық) қызметінің бүзылыстары.
Ішектердің сіңіру өрекеттері мен сыртқа шығару өрекеті тығыз байланысты. Ішектер арқылы организмнен гемоглобин мен холестерин алмасуының соңғы енімдері, ауыр металдар, дәрілер т.б. шығарылады. Бұл әрекеті бүзылудан көрсетілген заттар организмде үзақ мерзім белсенді түрлерінде сақталып қалуы мүмкін.
Сонымен бірге, ішек бактерияларының өсерлерінен пайда болатын уытты заттар (фенол, индол, скатол т.б.) денеде жиналып қалып, бауырдың уытсыздандыру қызметіне ауыр жүктеме түсіреді. Осылардың нәтижесінде организмнің уыттанулары болады. Бұл қызметінің бүзылыстары ішектердің қимылдық әрекеттерінің бүзылыстарымен тығыз байланысты.
Ішектердің қимыддық әрекеттерінің бүзылыстары.
Ішектердің қимыддық әрекеттеріне беліктік (сегменттік), тербелмелік жөне толқи жиырылу (перистәлтикалық) қозғалыстары жатады. Бірінші екі түрі тағамды ішектің белгілі беліктерінде араластыруға бағытталған. Ал, толқи жиырылу қозғалыстарымен тағамды ішектің теменгі беліктеріне ығыстырып жылжыту болады.
Ішектердің қимылдық әрекеттерінің күшеюі немесе өлсіреуі ықтимал. Ішектердің қабынулары (энтерит, колит) кездерінде, ішекке толық ыдыратылмаған қатты тағамдық заттар түскенде, бактериялардың уыттарының өсерлерінен және жүйкелік-сүйықтық реттеу тетіктерінің бүзылыстарында ішектердің қимылдық әрекеттері күшейеді.
Кезбе жүйкелердің қоздырылуы, серотонин, гастрин, мотилин ішектердің толқи жиырылуын арттырады. Осыдан қатты іш етулер дамиды.
Диспепсиялар.
Балаларда ас қорыту бұзылыстары жиі диспепсия (грек. аікреркіа -қорытылмау) түрінде кездеседі. Ол мөлабсорбция синдромымен қабаттасады.
Диспепсия — тамақтанудың бүзылуынан немесе микробтардың әсерлерінен туындайтын тез дамитын ас қорыту бұзылысы. Диспепсия қарапайым, уытты және ішектен тыс (парентералдық) себептерден дамитын болып бөлінеді. Бүл кезде құсу жөне көп іш өту (грек. ёіаггһео — іш өту, диарея), зат алмасуларының бүзылыстарымен сипатталатын көптеген көріністер пайда болады.
Қарапайым немесе ауқаттық диспепсия балалардың қоректенуі бүзылғанда (артық тамақ бергенде, қосымша тамақтың дүрыс берілмегенінде, жасанды тамақтандыруга ауыстырғанда) пайда болады.
Уытты диспепсия бактериялардың өсерлерінен туындайды немесе қарапайым диспепсияның асқынуынан болуы мүмкін.
Ішектен тыс (парентералдық) себептерден пайда болатын диспеп-сия дене қызуы көтерілуіне әкелетін жүқпалы аурулар кездерінде дамиды. Бүл кезде диспепсиялық қүбылыстар ашішектердің бүрлерінің қүрьшымы өзгерістерінен пайда болады.
Қатты іш өтулерден организмнің сусыздануы, айналымдағы қанның қоюлануы және азаюы, қанайналымдық гипоксия дамуы, зат алмасуларының бүзылыстары, метаболизмдік ацидоз дамуы болады. Осыдан организмде уытты өнімдер жиналып қалады, олар уытсызданбайды. Бүл өнімдер орталық жүйке жүйесіне уытты әсер етіп, мидың қызметтерін бүзады.
Уытты диспепсиялар өте ауыр түрде өтеді. Диспепсияларды емдеу әдістерінің негізінде организмге көп сүйық енгізіп, организмнің уыттануынан сақтандыру керек. Диспепсияны туындататын негізгі дертті емдеу қажет.
Қүсу.
Қүсу — асқазан өнімдерін ауыз арқылы сыртқа итеріп шығаруға бағытталған күрделі рефлекстік өрекет. Ол соматикалық және дербес жүйке жүйелерінің, жүтқыншақтың, ас қорыту жолдарының, кеуде мен қүрсақ қуыстары бүлшықеттерінің қатысуымен болады
Сопақша мидың бүйірлік торлы құрылымында құсу орталығы болады. Ол сүйықтық заттармен реттелінбейді, тек шеткері нейрондар-дан миға бағытталған серпіндерден қүсу туындатады. Мидың төртінші қарыншасының түбіңде қүсу әрекетіне қатысатын "хеморецепторлық шүріппелік аумақ" болады. Ол гематоэнцефалиялық тосқауылдың сыртына орналасқан және қан сүйығындағы химиялық заттарға ғана жауап қайтарады. Мөселен, опиаттық жөне дофаминдік рецепторларды қоздыратын апоморфин осы аумаққа әсер етіп, қүсу туындатады. Хеморецепторлық шүріппелік аумақ. оз бетінше қүсу туындатпайды. Ол қүсу орталығын түрткілеу арқылы өсер етеді (59-сурет).
Миға бағытталған серпіндерді откізетін және қүрсақ іші ағзаларын жүйкелейтін кезбе және қүрсақ жүйкелері орталық жүйке жүйесіне шеткері ағзалардан қүсу туындататын түрткілердің отуіңде маңызды орын алады. Бүл кезде хеморецепторлық шүріппелік аумақ қүсуға қатыспауы да мүмкін. Кейде кезбе және қүрсақ жүйкелерінің қозуы химиялық заттардың жөне уыттардың әселерінен больш, хеморецепторлық шүріппелік аумақ қатысуы арқылы қүсу болуы ықтимал. Асқазанның шырышты қабығын бүліндіретін химиялық заттардан басқа, қуыс ағзалардың керіліп кетуінен дамитын ауыру сезімі де қүсу туындатады. Бүл кезде ваготомия емдік өсер етеді. Қүсу туындататын афференттік нейрондар серотониннің, простагландиндердің және бос радикалдардың әсерлерінен қозады.
Қүсу миға бағытталған әсерлерден ғана емес, ішкі қүлақ қошқа-рындағы дөліздік (вестибулалық) құралдардың бүзылыстарында немесе олардың сезімталдығы көтерілгенінде пайда болуы ықтимал. Мәселен, қозғалыстық (теңіздік, автоколіктік т.с.с.) аурулар кездерінде құсу орталығы қозады.
Даму патогенезі бойынша қүсуды:
• церебралдық (милык) қүсу - бас сүйегі ішінде қысым көтерілуі, уремия, менингит, энцефалит кездеріңце;
• рефлекстік күсу - асқазандағы жүйке аяқшаларының химиялық заттармен (сапасы нашар тамақпен, улы заттармен), механикалық ықпалдармен (асқазанның тым артық керілуінен) қоздырылуынан болады. Құсуды ас қорыту жолдарының басқа бөліктерінде немесе басқа ағзаларда (бауыр, бүйрек, жатыр) пайда болған рефлекстер де туындатады;
• шартты рефлекстік қүсу — жағымсыз иіске немесе басқа шартты белгілерге пайда болуы мүмкін. Маскүнемдерді емдеу үшін қүстыратын дәрі апоморфинді белгілі шартты белгілермен қабаттастырып енгізеді.
Қүсудың қорғаныстық маңызы бар. Ол сапасы төмен тамақтан немесе улы заттардан асқазаңды тазартуға бағытталған.
Сонымен бірге, асқорыту жолдарының бітелістері кездерінде, ішек қабырғаларының өзгерістерінде, асқазанның ойық жарасы тесіліп кеткенде, жіті аппендицит, миокард инфаркты, бүйрек-тас ауруы кездерінде қүсу дамиды. Асқазанның ойық жарасы нәтижесінде қарын қақпашысының және үлтабардың тарылуы қүсуға жиі әкеледі. Қорытылмаған тағаммен қүсу асқазанның пилорустық бөлігінің тарылуын немесе бітелуін көрсетеді. Қүсықта запыран болуы үлтабардың немесе ашішектің бастапқы бөліктерінің бітелуіне немесе тарылуына тән қүбылыс. Ішектің төменгі бөліктері бітелгенде құсықта нәжіс пайда болады.
Үзақ толастамайтын қүсу:
— судың, хлоридтердің құсықпен көптеп шығарылуынан организмнің сусыздануына;
— Н+ иондарының көптеп шығарылуынан және организмде гидрокарбонат анионы көптеп жиналуынан газдық емес алкалоз дамуына;
— организмнің қатты жүдеуіне;
— үзақ қышқыл өнімдердің өсерлерінен тіс кіреукесінің жүқаруы-на;
— қүсу кезінде кеуде қуысыңца қысымның тез көтерілуінен бет пен мойын терісінің қызаруына;
— асқазан мен оңештің механикалық бүліністеріне - әкеледі.