- •2014-2015Ж арналған пульмонологиядан тесттік сұрақтар
- •2014-2015Ж арналған пульмонологиядан тесттік сұрақтар
- •2014-2015Ж арналған пульмонологиядан тесттік сұрақтар (ііі деңгей)
- •Емтихан сұрақтары
- •2014-2015 Оқу жылдарына арналған ішкі аурулар (гастроэнтерология бойынша) 4 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне
- •Емтихан сұрақтары
- •2014-2015 Оқу жылдарына арналған ішкі аурулар (гастроэнтерология бойынша)4 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Фтизиатрия» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •III денгей
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Фтизиатрия» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •II денгей
- •Гематология және нефрология бойынша тест сұрақтары
- •Гематология және нефрология бойынша тест сұрақтары
- •Гематология және нефрология бойынша тест сұрақтары
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Инфекция» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •II денгей
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Инфекция» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •III денгей
- •Эндокринология бойынша тестік сұрақтар
- •Ревматология бойынша тестік сұрақтар
- •Ревматология пәні бойынша тестілік сұрақтар
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Фтизиатрия» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •I денгей
- •Ревматологиядан тесттік сұрақтар
- •Ревматологиядан тесттік сұрақтар (2014-2015ж оқу жылына арналған)
- •Кардиология пәні бойынша тестілік сұрақтар
- •Кардиология пәні бойынша тестілік сұрақтар
- •Кардиология пәні бойынша тестілік сұрақтар
«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Инфекция» пәні бойынша тест тапсырмалары
II денгей
//****//
Қай анықтама аденовирусты инфекцияда дұрыс болып саналады//
***
Науқас А, 30 жас, қабылдау бөлімшеге ессіз жағдайда түсті. Ертіп келгендердің айтуына қарағанда саңырауқұлақ соусын жегеннен кейін 3 сағаттан соң жедел ауырған. Жағдайы ауыр. Дене қызуы бір қалыпты. Акроцианоз, коллапс. Ауру іштің қатты ауруымен және қайталамалы құсықпен басталған, кейін іштің өтуі болған. Нәжіс сұйық, сулы. Науқас 3 күн бұрын Үндістаннан келген. Алғашқы диагноз//
***
Науқас Б., 32 жаста, қалтырау, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, іштің өтуіне шағымданады. Қарағанда: дене температурасы 390С, көп реттік құсу, сулы көп мөлшерде сасық иісті, «батпақты балшық» тәріздес нәжіс. 7 сағат бұрын ет қосылған салат жеген. Алғашқы диагноз//
***
20 жастағы науқас, жедел респираторлы аурумен ауырып, 5 күн бойы емделіп жатқан. Соңғы 2 күн ішінде дене қызуы қалыпты, бірақ жағдайы кенеттен нашарлап кетті: тағамға тәбеті жоқ, жүрек айну, шаршағандық пайда болды, зәрінің түрін өзгергенін байқады. Сіздің болжам диагнозыңыз//
***
Науқас А. 40 жаста, жүрегі айнып, басы айналып, қалтырау пайда болып, жедел ауырып қалды. 6 сағаттан соң, 3 рет құсу қосылды, t 38,60С. Нәжісі сұйық, іріңді. Сіздің болжам диагнозыңыз//
***
Ауру жедел басталған. Көп мөлшердегі нәжіспен дефекацияға шақыру, құсу пайда болған. Кейін құсу, нәжіс «күріш суы» сипат алды, аяқ-қолдардың құрысуы пайда болған. Температура бастапқыда субфебрилді, диарея дамуына қарай 350С дейін төмендеді. Қандай ауру туралы ойлауға болады//
***
35 жастағы науқас инфекциялық ауруханаға дене температурасы 39ºС жоғарылағанына, тершеңдік, әлсіздік, тәбетінің жоғалуына шағымданып түсті. Науқас 7 ай бойы ауырған, дене салмағының төмендеуін байқаған. Тұмау, жедел бронхит бойынша амбулаторлы ем алған, нәтижесі болмаған, 6 ай бұрын беттің тілмелі қабынуымен ауырған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері жамылғысы бозғылт. Ауыздың кілегей қабығында ақшыл ұсақ жаралар пайда болған, ақ жабындымен жабылған, гингивит көріністері бар. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, қанағаттанарлық. Тілі қою, ақ жамылғымен жабылған. Іші жұмсақ, ауырсынусыз, бауыры 1 см. дейін ұлғайған, ауырсынбайды. Нәжісі сұйық, патологиялық қоспасыз, тәулігіне 3 ретке дейін. Несеп шығаруы еркін. Эпиданамнезінде: 10 ай бұрын жамбас жарақатымен операция жасалған, бірнеше рет қан құйылған. Алғашқы диагноз//
***
45 жастағы науқас аурудың 1-ші күні келіп түсті, шағымдары: жүрек айну, құсу, іштің ауырсынуы, сулы нәжіс. Қарағанда: температурасы 380С, бет әлпеті бозғылт, тілі ақ жабындымен жабылған, эпигастрий және кіндік аймағындағы ауырсыну сезімі бар. Ауруды базардан сатып алған бәліш жеуімен байланыстырады. Алғашқы диагноз//
***
22 жастағы науқас аурудың 1-ші күні келіп түсті, шағымдары: қалтырау, маңдай аймағындағы қатты бастың ауруы, жоғары қызба, арқа бұлшық еттеріндегі ауырсыну, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел, мұрынның бітелуі, жарықтан қорқу. Қандай ауру туралы ойлауға болады//
***
24 жастағы науқас аурудың 3-ші күні келіп түсті, шағымдары: аурудың біртіндеп басталуы, бастың жәй ауруы, жеңіл қалтырау, субфебрилді температура, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел дөрекі «үрмеліге» ауысады, мұрынның бітелуі, дауыстың қырылдауы. Алғашқы диагноз//
***
Науқас 2-ші күні инфекиялық бөлімшеге іштің сол жақ мықын аймағының толғақ тәрізді ауырсынуымен, әлсіздік, тенезмдер, дене қызуының көтерілуі, нәжісінің 15 рет дейін болуы, нәжісі аз мөлшемде шағымдарымен түсті. Объективті: температура 38,30С. АҚҚ 120/70 мм. с.б Пульс 88 соққы 1 мин ырғақты,. Сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз молшенген, кілегейлі, қан сызығы аралас. Диагноз//
***
Науқас 22 сағатта ауруханаға түсті, сол күні ертеңгісін ауырған: көз алдындағы «тұман», әлсіздік. Күндіз заттар қосарлап көрінген, 18 сағатқа таман дауысы мыңғырлап шығуы байқалған, жұту қиындаған. Ауырар алдында үйде дайындаған консерві ретінде саңырауқұлақ жеген. Объективті: дауысы мыңғырлап шығады, дизартрия. Екі жағындағы птоз, медриаз. Көз алмаларының қозғалысы шектелген. Тахипноэ 32/мин, пульс 120/мин АҚҚ 110/70мм. с.б. Диагноз//
***
56 жасар науқас кант диабетімен ауырады. Соңғы 23 күні бойы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбетінің төмендеуі, бастың ауруы, буындардың ауруы байқалған. 6 күн бұрын несебі қоңырланған, бір неше күннен кейін нәжісі түссізденген. Осыдан 1-2 күннен бұрын қасындағы адамдар сарғайғанын көрген. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тері қабаты айқын сарғайған, бауыры қабырға доғасынан 3 см шығып тұр. Диагноз//
***
30 жастағы науқас келесі шағымдарымен инфекциялық ауруханаға келіп түсті: дене қызуы жоғары, әлсіздік, тамаққа тәбеті жоқ, жүрек айну, склерасының сарғаюы, несебінің қоңырлауы. Эпиданамнезде: жиі балық аулаумен айнылысады, шала тұздалған және кептірілген балық жеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, склералары сарғайған, тері қабаты қалыпты. Бауыры 1 см қабырға доғасынан шығып тұр. Ауырсынады. Жалпы қан анализінде: Л -12000, п-5%, э-40%, с-40%, Л-4%, м-11% СОЭ -24 мм/сағ.Жалпы билирубин-25 мк/моль, тікелей -10 мк/моль. Диагноз//
***
25 жастағы науқас желтоқсан айында ауруханаға келесі шағымдарымен келіп түсті. Іштің өтуі, тамаққа тәбетінің төмендеуі. Жазда шілде айында ауылшаруашылық жұмысында болған, арықтан су ішкен. Сұйық нәжіс 10 ретке дейін, оң жақ мықын аймағында ауырсыну, бисептол деген дәрімен емделгенен кейін іш өту қойған. Бірақ майлы, ащы тамақтан кейін іші өтеді. Температурасы 37,2ºС, тері қабаты боз, дене салмағы түскен. Іші оң жақ мықын аймағында ауырсынады, нәжісі ботқа тәрізді, «әйнек» тәрізді кілегейлі, қан аралас. Диагноз//
//****//
