Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ntcn nthfgbz.docx
Скачиваний:
9
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.48 Mб
Скачать

Емтихан сұрақтары

2014-2015 Оқу жылдарына арналған ішкі аурулар (гастроэнтерология бойынша)4 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне

3 деңгей

//****//

Жас ер адам 2 жыл бойына қыхылға, жүрек айну, тамақ қабылдағаннан кейін басылатын, көбіне түнгі, ашқарынға пайда болатын эпигастридегі ауырсынуға шағым айтады. ЭФГДС кезінде 12 елі ішек буылтығының жарасы анықталды. соңғы кезде ауырсыну тұрақты, арқаға берілетін болды. ауырсыну сипатының өзгеруі нені көрсетеді//

***

Науқас 56 жаста қыжылға және тамақ қабылдағаннан кейін пайда болатын, алдыға еңкейіп жұмыс жасағанда, қысып тұратын белдік таққан кезде пайда болатын төс артында ауырсынуға шағым айтады. төс артындағы ауырсынуы бойынша кардиологқа көрінген, нитраттар қабылдаған, бірақ жағдайының жақсаруы жоқ. Мүмкін болатын диагноз//

**

Науқас 36 жаста, хеликобактер инфекциясымен ассоцирленген 12 елі ішек жара ауруымен зардап шегеді, стационарда эрадикациялық терапияның 14 күндік курс емін алған (омепразол, кларитромицин, метронидазол, де-нол). Сүйемелдеуші емнің ұзақтығы қанша//

***

52 жастағы маскүнем науқасты, 3 жылдан бері, сол жақ қабырға астындағы және эпигастрий аймағындағы ауырғандық, іштің кебуі, үлкен дәреттің тұрақсыздығы мазалайды. Соңғы жылы диареяға байланысты 6 кг-ға арықтаған. Науқастың жағдайы майлы тағамдарды толық шектеуге байланысты жақсарды. Диагноз қою үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі қандай//

***

Созылмалы вирусты гепатит В-мен ауыратын науқаста қанда билирубин деңгейінің жоғарлауы 60 ммоль/л-ге дейін, тура билирубин-52 ммоль/л, АСТ 80 ед., АЛТ 120 ед., сілтілі фосфатаза 200 ед., холестерин 5 мкмоль/л-ге дейін жоғарлауы байқалды. Бұл жағдайды қалай бағалауға болады//

***

Әйел адам 45 жаста тері және склераларының сарғаюына, қатты тері қышуына, сүйектерінде ауырсынуға, күндізгі уақытта ұйқышылдыққа шағымданым келді. Тексеріс кезінде қабақтарындағы, шынтақтардағы және алақандарындағы ксантомалар; тамырлық жұлдызшалар; бауыр және талақ ұлғаюы анықталды. Анализдерінде АЛТ және АСТ деңгейінің аз ғана жоғарлауы, сілтілі фосфатаза және ГГТП-ң ауқымды жоғарлауы анықталады. Қандай диагноз ең мүмкін//

***

50 жастағы әкімшілік алкоголді көп қабылдайтын жұмыскерінің диспансерлеу кезінде бауырдың шеті қабырға доғасынан 5см - ге шығып тұратыны анықталады, тығыз-эластикалық консистенциялы, пальпация кезінде ауырсыну байқалды. Талағы ұлғаймаған, ұзындығы – 10см. Тамырлы жұлдызшалар, пальмарлы эритема жоқ. Нв 134 г/л, лейкоциттер – 6,5 мың 1 мклде, ЭТЖ 26 мм/сағ; жалпы билирубин 16 ммоль/л, АСТ 1,25 ммоль/л, АЛТ 1,2 ммоль/л. Мүмкін болатын диагноз//

***

45 жастаы науқас мезогатриде және кіндік айналасындағы толғақ тәрізді ауырсынуға, дефекациядан кейін ауырсыну басылады; метеоризм, іш қатуға бейімділікке шағымданып келді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, іші жұмсақ, пальпацияда мезогастрииде ауырсынады; бауыр және талақ ұлғаймаған. Анализдерінде өзгерістер табылған жоқ. Науқастың өзінің өтініші бойынша колоноскопия жасалды, өзгерістер табылған жоқ. Қандай диагноз ең мүмкін болады//

***

Асқазан жара ауруы бар науқаста қара түсті нәжіс болса жүргізу керек//

***

Төмендегі аталған емдеу шараларының қайсысы холестатикалық гепатиті бар науқаста негізгі болып табылады//

***

Гастроэзофагеальды рефлюксті ауруды емдеуде препарттардың қолайлы комбинацинациясын атаңыз//

***

Науқас Л. 28 жаста оң қабырға астында ұстамалы ауырсынуға, ауырсыну оң қолға тарайды, өт қосындыларымен құсуға шағымданып түсті. Дуоденальды зондтау кезінде барлық 3 порцияда да – шырыш, лейкоциттер, в VI – лямблиялар. Клиникалық диагноз//

***

Асқазанның антральды бөлігінің жара ауруына тән негізгі белгілерді атаңыз//

***

Н.р.(+) 12 екі елі ішек жара ауруының емінде препараттардың қолайлы комбинациясын көрсетіңіз//

***

Н.р.(-) БҚҚП қабылдаумен ассоцирленген жедел асқазан жараларын емдеуде препараттардың қолайлы комбинациясын көрсетіңіз//

***

45 жастағы әйел адамда 2 күн бұрын алкоголь, қаймақ, саңырауқұлақ қабылдағаннан соң эпигастрий аймағында арқаға тарайтын интенсивті ауырсыну, жүрек айну, құсу, сарғыш түсті сұйық нәжіс пайда болды. Болжам диагноз – созылмалы панкреатит, рецидивті (паренхиматоздыя) формасы. СП ең жиі себебі болып табылады//

***

17. 26 жастағы науқас ішінің оң жақ бөлігінің сыздап ауырсынуына, тәулігіне 6-8 ретке дейінгі сұйық нәжіске шағымданым келді. Дене массасының төмендеуі 3 айда 8 кг, қызба, артралгиялар. қарау кезінде оң жақ мықын аймағында айқын ауырсыну анықталады. Хирург қараған - жедел аппендицит диагнозы жоққа шығарылды. Қандай инструментті зерттеу әдісі диагнозды қоюға көмектеседі//

***

50 жастағы ер адам, қинайтын төс артында күйдіру сезіміне шағым айтады, алға еңкейгенде, тамақтан кейін күшейеді, мойынға, арқаға тарайды, жеген тамақпен кекіру мазалайды. Осы жағдайда қандай аурулар туралы ойлайға болады//

***

Зерттеу кезінде 62 жастағы ер адамда өңештің қатерлі ісігі анықталды. Өңештің қатерлі ісіктерінің ішінде қайсысы ең жиі кездеседі//

***

Науқас Н., 50 жаста, қабылдау бөліміне кенет бас ауруына, жүрек айну, құсуға, оң қабырға астында ауырсынуға шағымданып келді. 2 жыл бұрын Боткин ауруының ауыр түрін басынан өткерген. 2-ші күні науқастың жағдайы нашарлады: құсу жиіледі, теріде геморрагиялық бөртпелер дамыды. Ауыздан тәтті тұрып қалған иіс. Тахикардия, АҚҚ 90 және 50мм рт.ст. Іші керілген. Рефлекстер төмендеген.Сұрақтарға жауап бермейді. Команың сипатын көрсетіңіз//

***

Науқас 40 жаста, эпигастриде тұрақты тұйық ауырсынуға, тамақ қабылдаумен баланыссыз; жүрек айну; жүдеу, тәбеті төмендеу; әлсіздік. соңғы 2 айда 2 кг жүдеген. Объективті: терісі бозарған, ылғалды; тілі ылғалы, ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, эпигастрииде ауырсынады. Қанда: анемия жеңіл дәрежелі, лейкоцитоз 8,5 мың., ЭТЖ – 35 мм/с. Копрограмма: стеаторея, креаторея. Амилаза қан, диастаза несеп қалыпты. Болжам диагноз//

***

Науқас Ш. 45 жаста, эпигастрии аймағында тағам қабылдаумен байланысы жоқ сыздап ауырсыну, лоқсу шағымдарымен түсті. Обьективті: іші жұмсақ, эпигастральды аймақта сәл ауырсынады. Қан, зәр, нәжіс анализдері өзгеріссіз. ЭФГДС- асқазанның төменгі 1/3 бөлігінде және антральды аймақта үлкен иін бойымен көптеген дөңгелек формалы 0,5-1,0 смге дейінгі көптеген полиптер. Диагнозды нақтылауда қандай тексеру жасау қажет//

***

Науқас О. 32 жаста, алкаголь немесе тамақты қабылдағаннан кейін 30 минуттан кейин болатын төс артының басып ауыруына, азапты қыжылдауға, сода қабылдағанда азаюына шағымданып келді. Ауырғанына 3 жыл болған, емделмеген. Об-ті: тілі ақ жабындымен қапталған, терең пальпация кезінде эпигастридің ауырсынуы. ЭФГДС: асқазан кілегей қабаты гиперемияланған,ісінген, антральды бөлігінде бірен саран қан құйылулар. Диагнозды нақтылау үшін тағайындалуға тиіс//

***

Науқас Л. 64 жаста төс артының басып ауыруына және эпигастрии аймағынындағы ауырлыққа, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. 8 жыл бойы асқазан жарасымен зардап шегеді. Соңғы 3-4 айда ауырсыну сипаты өзгерді: тамақ қабылдаумен байланысы бар ұстама тәрізді ауырсыну, тұйық ауырсынуға ауысты. Об-ті: эпигастрий аймағының айқын ауырсынуы. Рентгенологиялық: кіші иінінде жара ниша анықталды 1,8 х 1,5 см. Жараға қарсы терапия курсынан кейін жара екі есе үлкейіп кетті. Сіздің диагнозыңыз//

***

Науқас А. 66 жаста, майлы тамақ қабылдағаннан соң пайда болатын оң жақ қабырға астында жүрек аймағына таралатын ауырсыну шағымымен түсті. 3 жылдан бері ауырады. Об-ті: дене температурасы – 36,4. Іші жұмсақ, пальпацияда өт қапшығы аймағы проекциясы ауырсынады, Ортнер симптомы оң мәнді. Қанда лейкоциттер -7,8 мың.., ЭТЖ-18ммм/сағ. Өтті зерттеу: барлық порцияда кілегей және лейкоцит. Сіздің диагнозыңыз//

//****//

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]