Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ntcn nthfgbz.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
9.48 Mб
Скачать

Ревматология пәні бойынша тестілік сұрақтар

( 2014-2015 оқу жылдары)

III - ДЕҢГЕЙ

//****//

Науқас 62 жаста әлсіздік,ақыл естін интенсивтілігінің төмендеуі,беттің ісінуі,салмақтың жоғарлауы,көз саңылауының тарылуы,қабақтың сыртқы 3/1 шаштың түсуі, брадикардия,айқын гиперхолестеринемия шағымданады. Қандай ауру туралы ойлау керек//

***

Дәрігерге жас әйел тұрақты жүрек соғуы, артериальды қысымның жоғарлауы, арықтау,сұйық нәжіс,терлегіштік,бадырақтық, қалқанша безінің ұлғаюына шағымданып келді. Анамнезінен:Мамасы мен апасы қалқанша безінің ауруларымен ауырады. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Абыржулы, қозғыш. Салмақ дефициті 18 кг. Тері қабаты қаралау, ұстағанда ыссы, ылғал. Дене Т0 – 37,4 Өкпеде сырыл жоқ . Жүрек тондары анық,дұрыс ритмді, ЖЖЖ – 115рет/мин. АҚҚ – 145/50 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Бауыры қабырға доғасы бойымен. Қалқанша безі 3 сатысына дейін ұлғайған,тығыз,ауырсынусыз.Екі жақтық экзофтальм, саусақтар треморы.Алғашқы диагноз//

***

Науқас 62 жаста әлсіздік, ақыл естін интенсивтілігінің төмендеуі,беттің ісінуі,салмақтың жоғарлауы,көз саңылауының тарылуы,қабақтың сыртқы 3/1 шаштың түсуі, брадикардия,айқын гиперхолестеринемия шағымданады. Патогенетиқалық ем//

***

Науқас 38 жаста жүрек соғуы,жүрек маңындағы соғуларға, тез әлсіреу,арықтау, ашушандыққа шағымданады. Жүрген кездегі ентігуге,денедегі ыссы сезімдер,аяқтағы ісіктер. Объективті: терісі ылғал,жылы,бархат тәрізді, экзофтальм, (+) Мари симптомы. Пальпацияда қалқанша безі ұлғайған,тығыз,ауырсынусыз. ЖЖЖ 114 рет/мин, пульс - 98рет/мин, аритмиялық. АҚҚ 160/50 мм рт.ст. Жүрек тондары анық,аритмиялық.Тілі таза,іші ауырсынусыз. Алғашқы диагноз//

***

Науқас 30 жаста тез шаршағыштыққа,әлсіздікке,2 ай ішінде 10 кг арықтағандығына, аппетит сақталуына,жылағыштық,жүрек соғуына шағымданды.Қарағанда науқас қобалжулы,жылап отыр,қозғалысы бей берекет. Тері қабаты ыссы,ылғал,қалыпты түсті. Көздің оң симптомы, Ромберг қалпында қол саусақтары треморы.Қалқанша безі ұлғайған,эластикалық, ауырсынусыз. ЖЖЖ 120 рет/мин. АҚҚ 160/80 мм рт.ст. Алғашқы диагноз//

***

Науқас 44 жаста клиникаға тез шаршағыштыққа,әлсіздікке,6 ай ішінде 8 кг арықтағандығына, аппетит төмендеуіне, бұлшықет әлсіздігіне,жүрек айну, тәулігіне 3-4 ретке дейінгі сұйық нәжіске шағымданданып түсті. Қарағанда: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, адинамиялық,әлсіз. Тері қабаты қара. Қол қатпарлары,қолтық асты аймағында және сүт бездерінің емізікше аймағында айқын гиперпигментация. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ЖЖЖ 78 рет/мин, АҚҚ 85/40 мм рт. ст. Анализдерде: l7-0KC - зәрде 0,7 мг/сут (норма 1,7). Диагноз//

***

45 жастағы ер адам дәрігерге ауыздың құрғауына,шөлдеуге,артық салмаққа шағымданып келді. Профилактиқалық тексеруде қанда глюкозаның 7,0 ммоль/л дейін жоғарлауы анықталған. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жоғарғы тамақтану (бойы – 168 см., салмағы – 102 кг.). Тері қабаты құрғақ,бозғылт,таза емес, бетінде акне. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған,ырғақты. АҚҚ 140/90 мм.рт.ст ЖЖЖ - 86рет/мин. Іші жұмсақ,көлемі тері асты май қабаты себебінен ұлғайған. Бауыры аздап ұлғайған,ауырсынусыз. Алғашқы диагноз//

***

Әйел дәрігерге шөлдеуге,жие және көп зәр шығаруға, қынаптағы периодты түрдегі қышынуға,артық салмаққа шағымданып келді. Анамнезінен: шағымдар 1 жыл бұрын пайда болған, дәрігерге қаралмаған. Поликлиникадағы кездейсоқ тексеруде қанда глюкозаның 10,8 ммоль/л дейін жоғарлауы анықталған. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Жоғарғы тамақтану (бойы – 152 см., салмағы – 98 кг.). Өкпесінде везикулярлы тыныс,сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған,ырғақты. АҚҚ 160/100 мм.рт.ст ЖЖЖ - 86рет/мин. Іші жұмсақ,ауырсынусыз. Стул мен диурез қалыпты. Зертеуде : аш қарынға глюкоза- 12,0 ммоль/л; зәрде глюкоза – 4%; ЖЗА – лейкоциттер 15 көру аймағында, эпителиальды клеткалыр – 4-8 көру аймағында ; дрожжи – (+++). Алғашқы диагноз//

***

Жедел жәрдем бригадасымен 28 жасар жас әйел жеткізілді. Қарағанда азғантай физикалық жүктеме кезінде ентігу, аяқтағы ісіктер, жүрек соғу. Анамнезінен: ауырмаған. Жағдайының нашарлауын соңғы жыл ішінде байқаған. Дәрігерге қаралмаған. Қарау барысында: ортопное қалпы. Жағдайы ауыр, санасы бар, қозған, беймаза. Салмақ дефициті 18 кг. Тері жамылғысы қарайған, ұстағанда ыстық, ылғалды. Дене қызуы – 39,4 С. Өкпе тынысы төменгі бөліктерде әлсіреген. Жүрек тондары анық, ритмсіз. ЖСЖ 115-130 соққы/мин. АҚҚ 145/50 мм с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Бауыры ұлғайған, +5 см. Табанда, тірсекте ісінулер. Қалқанша безі 3 дәрежеге шейін ұлғайған, тығыз, ауырсынусыз. Екі жақты айқын экзофтальм, созылған қол саусақтары треморы, "телеграф столбы" симптомы. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай//

***

Науқас 16 жаста, жоғарғы тип бойынша семіру, ай тәрізді бет келбеті, "минус тінмен" кең стриилер.АҚҚ 160/100 мм с.б.б. Рентгенологиялық - түрік ершігі кеңейген. Қандай ауру туралы ойлауға болады//

***

43 жастағы науқасты дене салмағының өсуі, әлсіздік, бетінің ісуі, терісінің құрғауы, іш қатуы, аменорея, есте сақтау қабілетінің төмендеуі мазалайды. Терісі құрғақ, салқын. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚҚ 90/60 мм с.б.б. Пульс - 52 соққы/мин. Т3, Т4 деңгейі төмендеген. ТТГ жоғарылаған. Қандай ауру/

***

30 жастағы науқас К.әлсіздікке,ұйқышылдыққа,дірілдеу,іш қату,физиқалық жүктеме кезіндегі ентігу дәрігерге шағғымданып келді. Ауруы баяулап дамыды. Соңғы 6 айда 7 кг қосты. Объективті: Жалпы жағдайы қанағаттанарлық.Тері қабаты бозғылт,құрғақ,түлейді. Беті ісінген, амимиялық. Дауысы төмендеген, қырылдаған. t =35,2С. Жүрек тондары тынықталған, брадикардия. Пульс 64 рет/мин. АҚҚ – 80/60 мм.рт.ст. Қалқанша безі пальпациялауға келмейді. Қан анализінде гипохромды анемия. Қалқанша безі гормондары төмендеген. Алғашқы диагноз//

***

19 жастағы науқас клиникаға ауызының құрғауы, шөлдеу, ұйқышылдық, салмағының азаюы, тері қышуы, жалпы әлсіздік шағымдарымен келіп түсті. Жалпы қарағанда: терісі құрғақ, иегі және беті гиперемияланған, тахикардия. АҚҚ 140/90 мм с.б.б. Ауызынан ацетон исі шығып тұр. Бауыр қабырға жиегінен 3 см төменде. Лабораторлы тексеруде: қан холестерині - 7,7 ммоль/л, гипокалиемия, гипергликемия. Сіздің диагностикалық тұжырымдамаңыз қандай//

***

27 жасар әйел клиникаға айқын әлсіздік, ауызының құрғауы, анорексия, аяқ-қолдарының ісінуі, ішінің ұлғаюы шағымдарымен келіп түсті. Жалпы қарауда: тері жамылысы бозғылт, ісінулер, әлсіз гидроторакс, асцит. Лабораторлы зерттеуде: протеинурия, диспротеинемия, гиперлипидемия. Сіз диагностикалаған синдром төмендегі аурулардың қайсысына тән емес//

***

23 жастағы науқас клиникаға ессіз жағдайда түсті. Терісі қүрғақ , бетінде румянец. Ауыздан шығарған ауада ацетон иісі. Куссмауль тынысы. АҚҚ 130 / 90 мм рт. ст. Пульс 102 рет/мин. Қанында қант 28,4 ммоль/л, зәрде 6 %, ацетонға реакция оң мәнді. Диагноз//

***

34 жастағы науқас 220/140 мм с.б.б.-на шейінгі артериальды гипертония ұстамаларымен зардап шегеді. Ұстама кезінде тремор, тершеңдік, тахикардия байқалады және АҚҚ өздігінен 20-30 минуттан кейін төмендейді. Қандай ауру туралы ойлауға болады//

***

47 жастағы науқас прогрессивті күшейіп келе жатқан шаршағыштық, айқын физикалық әлсіздік, ішінің ауырсынуына, жүрегінің айнуына, мезгіл-мезгіл құсына, жүрегінң аурына шағымданады. Анамнезіне 15 жыл бұрын өкпе туберкулезімен ауырған. Қарау барысында терісі пигменттелген. АҚҚ 90/40 мм с.б.б. Гипогликемияға бейім, қандағы көлемі төмендеуі, несепте 11 - ОКС, 17 - ОКС және альдестерон. Аталған науқасқа қандай диагноз қоюға болады//

***

48 жастағы науқас салмағының жоғарылауына, басының ауруына, бел аймағының аурына және бетінің түктенуіне шағымданады. Бетінде қып-қызыл рең, іші ұлғайған, аяқ-қолдарының арықтауы. АҚҚ 190/100 мм с.б.б. Рентгенограммада: бел омыртқаларының остеопорозы. Қандай ауру туралы ойлауға болады//

***

40 жастағы әйел науқас ұйқы кезіндегі қорылға, әлсіздікке, іш қатуына, дауысының жуандауына және қырылдауына шағымданады. Қарау барысында: терісі құрғақ, бозғылт, көз айналасындағы тығыз ісіктер, қалқанша безі пальпацияланбайды. Өкпе тынысы везикулярлы. ЖСЖ 56 соққы/мин. АҚҚ 90/60 мм с.б.б. Жүрек тондары тұнықталған, ритмді. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Тілі ылғалды, жиегінде тіс іздері. ТТГ 16,6 мкМЕ/л (қалыпты <5 мкМЕ/л). ЭКГ: тісшелер вольтажы төмендеуі, ЖЭО солға ығысуы. Алғашқы диагнозыңыз қандай//

***

Науқас П. 14 жаста, жедел әлсіздікке, көз көруінің төмендеуіне, айқын шөлдеуге - тәулігіне 6 л, көп мөлшерде түнгі дәретке баруына - 4 ретке шейін, ұйқышылдыққа, жүрегінің айнуына шағымданады. Зерттеу барысында: науқастың жағдайы орташа ауырлықта, санасы тежелген, қойылған сұрақтарға қиын жауап береді. Көздерінің айналасы ісінген. Ацетон исі ауызынан мүңкіп тұр. Терісі құрғақ. Алыстан естілетін шулы тыныс. ТАЖ 26 рет/мин. ЖЖЖ 112 соққы/мин. АҚҚ 90/70 мм с.б.б. Жүрек тондары тынықталған, ритмді. Тілі құрғақ, ақ жағындымен жабылған. Іші жұмсақ. Алғашқы диагнозыңыз қандай//

***

Стационарда ҚД 1 типі бойынша ем алып жатқан 42 жасар науқаста инсулинді шаншудан 2 сағаттан кейін денесінде діріл, тершеңдік және көз көруінің төмендеуі байқалды. Қарау барысында тері жамылғысы бозарған, ылғалды. Сұрақтарға жауап беруден бас тартуда және агрессивті мінез көрсетуде. Тынысы везикулярлы. Пульс 98 соққы минутына. АҚҚ 180/100 мм с.б.б. Жүрек тондары тұнықталған, ритмді. Тілі ылғалды. Іші жұмсақ. Сіздің алғашқы диагнозыңыз қандай//

***

42 жастағы науқаста ТТГ деңгейі 26  мМЕ/л-ге шейін жоғарылауы және салбырлық мазалайды. Патогентикалық ем үшін таңдамалы препарат қандай//

***

20 жастағы науқаста ТТГ деңгейінің 0,001 мМЕ/л-ге шейін төмендеуі байқалады, тахикардия және тершеңдік мазалайды. Патогенетикалық ем үшін таңдамалы препарат қандай//

***

Дәрігерге 50 жастағы науқас К. ауызының құрғауы шағымдарымен келді. Ауру баяу дамыған. ДСИ=32 кг /м2. Қан анализінде гликемия 12 ммоль. Сіздің алғашқы диагнозыңыз//

//****//

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]