- •2014-2015Ж арналған пульмонологиядан тесттік сұрақтар
- •2014-2015Ж арналған пульмонологиядан тесттік сұрақтар
- •2014-2015Ж арналған пульмонологиядан тесттік сұрақтар (ііі деңгей)
- •Емтихан сұрақтары
- •2014-2015 Оқу жылдарына арналған ішкі аурулар (гастроэнтерология бойынша) 4 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне
- •Емтихан сұрақтары
- •2014-2015 Оқу жылдарына арналған ішкі аурулар (гастроэнтерология бойынша)4 курс «Жалпы медицина» факультетінің студенттеріне
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Фтизиатрия» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •III денгей
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Фтизиатрия» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •II денгей
- •Гематология және нефрология бойынша тест сұрақтары
- •Гематология және нефрология бойынша тест сұрақтары
- •Гематология және нефрология бойынша тест сұрақтары
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Инфекция» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •II денгей
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Инфекция» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •III денгей
- •Эндокринология бойынша тестік сұрақтар
- •Ревматология бойынша тестік сұрақтар
- •Ревматология пәні бойынша тестілік сұрақтар
- •«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Фтизиатрия» пәні бойынша тест тапсырмалары
- •I денгей
- •Ревматологиядан тесттік сұрақтар
- •Ревматологиядан тесттік сұрақтар (2014-2015ж оқу жылына арналған)
- •Кардиология пәні бойынша тестілік сұрақтар
- •Кардиология пәні бойынша тестілік сұрақтар
- •Кардиология пәні бойынша тестілік сұрақтар
«Жалпы медицина» мамандығы 4 курс студенттердің қорытынды бақылауға арналған «Инфекция» пәні бойынша тест тапсырмалары
III денгей
//****//
Науқас В, 30 жас, қабылдау бөлімшеге ессіз жағдайда түсті. Ертіп келгендердің айтуына қарағанда саңырауқұлақ соусын жегеннен кейін 3 сағаттан соң жедел ауырған. Жағдайы ауыр. Дене қызуы бір қалыпты. Акроцианоз, коллапс. Ауру іштің қатты ауруымен және қайталамалы құсықпен басталған, кейін іштің өтуі болған. Нәжіс сұйық, сулы. Науқас 3 күн бұрын Үндістаннан келген. Алғашқы диагноз//
***
Науқас М, 40 жаста, аурудың 1 күні іштің ауырсынуы, жүрек айну, құсуға шағымданып түсті. Қарағанда: дене қызуы 38ºС, тері қабаты боз, тілі ақ жамылғымен жабылған, пальпация кезінде эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болады. Эпиданамнезінде: буфеттен сатып алынған пирожныйын жеген. Алғашқы диагноз//
***
Ауруханаға 18 жастағы науқас келесі шағымдарымен келіп түсті: қайталамалы құсу, іш аймағындағы ұстамалы ауырсыну. Үйінде 2 рет іші өткен, нәжіс кілегей аралас болған. Қарағанда дене қызуы 38,40С, тілі құрғақ, тахикардия, оң жақ мықын аймағындағы ауырсыну, Щеткин – Блюмберг симптомы оң. Сыныпта дизентериямен ауырған балалар бар. Алғашқы диагноз//
***
Науқас Б., 22 жаста, қалтырау, эпигастрий аймағындағы ауырсыну, іштің өтуіне шағымданады. Қарағанда: дене температурасы 390С, көп реттік құсу, сулы көп мөлшерде сасық иісті, «батпақты балшық» тәріздес нәжіс. 4 сағат бұрын ет қосылған салат жеген. Алғашқы диагноз//
***
Науқас М., 25 жаста, 5 күн бойы ЖРА (жедел респираторлық ауру) бойынша дәрігерге қаралып емделген, соңғы 2 күнде температура қалыпты, дегенмен жағдайы нашарлаған: тәбеті жойылған, жүрек айну пайда болған, әлсіздік күшейген, несептің қоңырлануын байқаған. Алғашқы диагноз//
***
Науқас К., 30 жаста, жедел ауырған, қалтырау, бас ауыруы, жүрек айнуы пайда болған. 6 сағаттан соң 3 реттік құсу, дене температурасының 38,60С дейін жоғарылауы қосылған. Келесі күні іштің ауырсынуы сол жақ мықын аймағында байқалған, нәжісі сұйық, аз мөлшерлі, кілегейлі. Алғашқы диагноз//
***
Ауру жедел басталған. Көп мөлшердегі нәжіспен дефекацияға шақыру, құсу пайда болған. Кейін құсу, нәжіс «күріш суы» сипат алды, аяқ-қолдардың құрысуы пайда болған. Температура бастапқыда субфебрилді, диарея дамуына қарай 350С дейін төмендеді. Қандай ауру туралы ойлауға болады//
***
24 жастағы науқас аурудың 3-ші күні келіп түсті, шағымдары: аурудың біртіндеп басталуы, бастың жәй ауруы, жеңіл қалтырау, субфебрилді температура, тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел дөрекі «үрмеліге» ауысады, мұрынның бітелуі, дауыстың қырылдауы. Алғашқы диагноз//
***
Науқас 2-ші күні инфекиялық бөлімшеге іштің сол жақ мықын аймағының толғақ тәрізді ауырсынуымен, әлсіздік, тенезмдер, дене қызуының көтерілуі, нәжісінің 15 рет дейін болуы, нәжісі аз мөлшемде шағымдарымен түсті. Объективті: температура 38,30С. АҚҚ 120/70 мм. с.б Пульс 88 соққы 1 мин ырғақты,. Сигма тәрізді ішегі түйілген. Нәжісі аз молшенген, кілегейлі, қан сызығы аралас. Диагноз//
***
Науқас 22.00 сағатта ауруханаға түсті, сол күні ертеңгісін ауырған: көз алдындағы «тұман», әлсіздік. Күндіз заттар қосарлап көрінген, 18 сағатқа таман дауысы мыңғырлап шығуы байқалған, жұту қиындаған. Ауырар алдында үйде дайындаған консерві ретінде саңырауқұлақ жеген. Объективті: дауысы мыңғырлап шығады, дизартрия. Екі жағындағы птоз, медриаз. Көз алмаларының қозғалысы шектелген. Тахипноэ 32/мин, пульс 120/мин АҚҚ 110/70мм. с.б. Сіздің диагнозыңыз//
***
Науқас тұрып қалған дірілдек (холодец) тағамын жеп 6 сағаттан кейін ауырған. Қалтырау пайда болған, температурасы 39,2ºС, көп мөлшердегі құсық, жиі сұйық нәжіс, іштің ауырсынуы. Объективті: температусы бір қалыпты, нәжіс «ет жуындысы» тәрізді, АҚҚ 80/50 мм с.б. пульс 100/мин. Сіздің диагнозыңыз//
***
22. 30 жастағы науқас келесі шағымдарымен инфекциялық ауруханаға келіп түсті: дене қызуы жоғары, әлсіздік, тамаққа тәбеті жоқ, жүрек айну, склерасының сарғаюы, несебінің қоңырлауы. Эпиданамнезде: жиі балық аулаумен айнылысады, шала тұздалған және кептірілген балық жеген. Объективті: жағдайы орташа ауырлықта, склералары сарғайған, тері қабаты қалыпты. Бауыры 1 см қабырға доғасынан шығып тұр. Ауырсынады. Жалпы қан анализінде: Л -12000, п-5%, э-40%, с-40%, Л-4%, м-11% СОЭ -24 мм/сағ.Жалпы билирубин-25 мк/моль, тікелей -10 мк/моль. Сіздің диагнозыңыз//
***
25 жастағы науқас желтоқсан айында ауруханаға келесі шағымдарымен келіп түсті. Іштің өтуі, тамаққа тәбетінің төмендеуі. Жазда шілде айында ауылшаруашылық жұмысында болған, арықтан су ішкен. Сұйық нәжіс 10 ретке дейін, оң жақ мықын аймағында ауырсыну, бисептол деген дәрімен емделгенен кейін іш өту қойған. Бірақ майлы, ащы тамақтан кейін іші өтеді. Температурасы 37,2ºС, тері қабаты боз, дене салмағы түскен. Іші оң жақ мықын аймағында ауырсынады, нәжісі ботқа тәрізді, «әйнек» тәрізді кілегейлі, қан аралас. Сіздің диагнозыңыз//
***
Науқас ауырғаннан кейін 2-ші күні келіп түсті, жуылмаған алма жеген. Жағдайы орташа ауырлықта. температурасы 38,7ºС. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауырсыну, сигма тәрізді ішек түйілген. Пальпация кезінде ауырсыну. Нәжісі тәулігіне 6-7 рет. Сіздің диагнозыңыз//
//****//
