Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
inf_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
67.62 Кб
Скачать

Дисциплина: «Инфекционные болезни»)

1 мен 2 сұраққа. Жедел дизентерия. Варианты течения. Клинические критерии оценки степени тяжести. Осложнения.

Жедел дизентерия-шигеллалар шақыратын, фекальды-оральды жолмен берілетін, интоксикация синромымен ж/е тоқ ішектің дистальды бөлімін зақымдаумен жүретінжедел инфекциялық ауру. Шигеллалардың мынадай биологиялық қасиеттері бар: грамтеріс микробтар, капсуласы ж/е жгутигі жоқ, спора түзбейді. Экзотоксин бөлуге қабілеті бар (Григорьева-Шига, Зонне, Флекснера). Ыдыстарда, азық-түлікте ұзақ уақыт сақталады., қайнатқанда бірден өледі, дезинфекциялық ерітінділерде бірнеше минуттан кейін өледі. Фекальды-оральды жолмен беріледі. Зонне дизентериясы тағам арқылы таралса, Флекснера дизентериясы - су арқылы, Григорьева-Шига дизентериясы – тұрмыстық қатынас арқылы беріледі.Жед.диз-ң мынадай варианттары бар:Колиттік. Гастроэнтероколиттік.. Гастроэнтериттік. 1.Колиттік түрі 3түрлі: жеңіл, орташа, ауыр ағымда өтеді. Жеңіл ағымында интоксикация синдромы айқын емес түрде өтеді. Ауру әдетте жедел басталып қысқа уақыт аралығында дене температурасы 37-38 С-қа дейін көтеріледі. Аурудың алғашқы сағаттарында әлсіздік, тәбеттің төмендеуі, содан соң құрсақта әлсіз ауырсынулар пайда болады. Үлкен дәрет тәулігіне 3-5 реттен 10 ретке дейін болуы мүмкін. Нәжісі жартылай сұйық немесе сұйық, жиі шырышты, кейде қанды бөлінділер болады. Сигмотәрізді ішек ауырсынады ж/е спазмдалған болады, пальпация кезінде құрылдау байқалады. Ректороманоскопия жасағанда катаральды не/се катаральды-гемораггиялық проктосигмоидитті ж/е сфинктеритті көруге болады. Ауру 3-5 күн, сирек 7-8 күнге созылуы мүмкін. Соңы сауығумен аяқталады. Орташа ағымы әдетте жедел, қалтырау, бүкіл дененің ауырсынуымен ж/е әлсіреуімен басталады. Дене темп/сы 38-39 гр.қа дейін 2-3 күн бойы көтеріледі. Жиі анорексия, бас ауруы, жүрек айнуы, құсу, іште ұстама тәрізді ауырсыну , тенезм байқалады. Үлкен дәрет жиілігі 10-20 рет тәулігіне. Нәжісі сұйық, шырышты, қан аралас, «ректальный плевок» түрінде болады. Ректороманоскопия кезінде катаральды-эрозивті проктосигмоидит байқалады. Сауығу әдетте аурудың 2-ші аптасында басаталды. Ауыр ағымында дене температурасы 39 гр-тан жоғары көтеріліп, интоксикация синромы өте айқын болады. Кұсу, жүрек айну, сандырақтау, естен тану жағдайы болуы мүмкін. Іштегі ауырсынулар өте айқын болып, тенезмдер болады. Үлкен дәрет жиілігі тәулігіне 20-25 реттен 50 ретке дейін болуы мүмкін. Нәжісі шырышты, қан араласқан болады. Кейде нәжіс «ет шайындысы» түрінде болуы мүмкін. 1-2 тәуліктің соңына қарай коллаптоидты жағдай орын алуы мүмкін. Тенезмдер ж/е ішек спазмдары оның парезімен, метеоризммен, анустың ауырсынуымен, өздігінен болатын дефекациямен ауысуы мүмкін. Тоқ ішекті пальпациялағанда оның спазмдалғанын ж/е ауырсынуы, құрылдауы байқалады. Ректоманоскопия кезінде катаральды-геморрагиялы, катаральды-эрозивті, сирек шырышты қабаттың жаралы өзгерістері кездеседі. Ауру 3-6 аптаға созылуы мүмкін. 2.Гастроэнтероколиттік түрі тағамдық токсикоинфекция типтес, инкубациялық кезеңі қысқа болып өтуі мүмкін. Аурудың басында негізгі синдром гастроинтериттік болып, айқын интоксикациямен жүреді. Кейіннен энтероколиттік симптомдар басымырақ бола бастайды. Бастапқы кезеңінде мыналар байқалады: құсу; профузды іш өту; нәжіс сулы, қансыз, шырышсыз болады; іште диффузды ауырсынулар. Содан соң нәжіс шырышты ж/е қан араласқан болып ауысуы жүреді. Дизентерияның осы түрі жеңіл, орташа, ауыр ағымда өтеді. 3.Гастроэнтериттік түрі гастроэнтероколиттік варианттың бастапқы кезеңіне жақын болады. Одан айырмашылығы аурудың кеш кезеңінде колиттік симптомдардың болмауында. Осы вариантта жетекші симптом гастроэнтерит ж/е дегидратация белгілері болып есептеледі. Осы варианттың мынадай ағымы болады: жасырын ж/е созылыңқы. Жасырын ағымы кезінде іште айқын емес ауырсынулар ж/е 1-2 күн аралығында, яғни қысқа уақыттық ішек функциясының бұзылысы болады. Нәжіс жартылай сұйық, қансыз ж/е жиі шырышсыз болады. Дене температурасы қалыпты не/се субфебрильді болуы мүмкін. Сигмотәрізді ішектің аймағын палпациялағанда оның жоғары сезімталдығын байқауға болады. Копрограммада көру аймағында лейкоциттердің саны 20 – дан аспайды. Ректоманоскопия кезінде катаральды протосигмоидитті көруге болады. Созылыңқы ағымы 1,5-3 ай аралығында созылуы мүмкін. Осы ағымында көптеген науқастардың ішектерінде қабыну процесі өте әлсіз дамып, ал оның морфологиялық-функционалды қызметінің қайта қалпына келуі 3 айға дейін созылуы мүмкін. Аурудың ағымының ауырлық дәрежесін бағалауда организмнің сусыздануына мән береді. Соған байланысты мынадай ағымдарын ажыратамыз: жеңіл дәрежесінде: дегидратация симптомдары болмайды; орташа дәрежесінде дегидратация l дәрежелі, яғни суды жоғалту дене массасының 1-3 %-ын құрайды; ауыр дәрежесінде дегидратация ll-lll дәрежелі, яғни суды жоғалту дене массасының 4-9 %-ын құрайды. Аурудың ауыр түрде өтетін ж/е сирек кездесетін асқынуына инфекциялық-токсикалық ж/е аралас (инфекциялық-токсикалық+дегидратациялық) шокты жатқызамыз. Олар аурудың өршу кезеңінде болып, болжамы қауіпті болады. Сонымен қатар жедел дизентерияның асқынуына оның рецидивтері де жатады ж/е сирек кездеседі. Кейбір науқастарда геморрой өршуі ж/е анальды сфинктердің трещинасы болады. Иммунитеті әлсіз адамдарда екіншілік флораның қосылуы жүреді: пневмония, урогенитальды инфекция, сонымен қатар ішектің ауыр дисбактериозы. Дизентерияның бұрындары болған асқыныстары қазіргі кезде өте сирек кездеседі. Оларға мыналар жатады: тік ішектің төмен түсуі, полиартрит, неврит.

3.Сальмонеллез. Нұсқалардың ағымы. Асқазан ішек түрлерінің сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.

Сальмонеллез (salmonellesis) – сальмонелла тұқымдастығының көптеген бактериялары тудыратын, көбінесе асқазан– ішек жолдарының зақымдалуымен ерекшеленетін және жиі гастроинтестинальды, сирек генерализацияланған ағымды жедел зоонозды ішек инфекциясы.

Этиологиясы

Қоздырғышы – Salmonella

Тұқымдастығы – Salmonella

Туыстастығы– Enterobacteriaceae (ішек бактериялары)

Клиникалық көрінісі (Симптомдары)

Сальмонеллездің инкубация уақыты орташа алғанда 12–24 сағ.Кейде ол 6 сағатқа қысқарады немесе 2 күнге ұзарады.

Келесі түрлерімен ағымының нұсқаларын ажыратады:

I. Гастроинтестиналды түрі:

1) гастриттік нұсқасы; 2) гастроэнтериттік нұсқасы; 3) гастроэнтероколиттік нұсқасы.

II. Генерализацияланған түрі:

1) сүзектік нұсқасы; 2) септикопиемиялық нұсқасы.

III. Бактериябөлуі:

1) жедел; 2) созылмалы; 3) транзиторлы.

I. Гастроинтестинальды түрі ең жиі кездеседі.Аурудың бұл түрінде гастриттің, гастроэнтериттің және гастроэнтероколиттің клиникалық көрінісі ретінде өтуі мүмкін. Сальмонеллезді гастрит сирек дамиды, клиникалық интоксикациямен,эпигасталды аймақтың ауырсынумен, лоқсумен, қайталамалы құсумен жүреді. Іштің өтуі бұл ағым нұсқасында болмайды.

Гастроэнтериттік нұсқасы – ең жиі кездесетін сальмонеллез инфекциясының клиникалық нұсқасы.Ауру жедел басталады. Бір уақытта интоксикация симптомдары мен асқазан ішек жолдарының зақымдалуының көрінісі пайда болады, кейін бірнеше уақыттан кейін максималды дамуына жетеді. Құсу мен лоқсу көптеген науөастарды кездеседі. Құсу бір рет болуы сирек, көбіне қайталамалы, үлкен көлемді, кейде тоқтамайтын болады. Нәжісі сұйық, көп көлемді, әдетте нәжістік қасиетін сақтайды, иісі өте өткір, көпіршікті, қоңыр, қою жасыл немесе сары түсті.Кейде шығарулар нәжістік қасиетін жоғалтады және күріш қайнатпасына ұқсайды. Іш аймағы көбіне қалыпты тырсиған, пальпация кезінде эпигастралды аймақта, кіндік айналасында, илеоцекалды аймақта ауырсыну байқалады. Шұрылдау анықталуы мүмкін.

Гастроэнтероколиттік нұсқасында сальмонеллез гастроэнтерит секілді басталуы мүмкін, бірақ кейін клиникалық көрінісінде колиттік симптомокомплекс айқын көрінеді. Бұл нұсқасында сальмонеллездің ағымы жедел дизентерияға ұқсас келеді. Ауру жедел басталады, дене температурасының жоғарлауымен және интоксикацияның басқа симптомдарының пайда болуымен көрінеді. Бірінші күннен бастап нәжіс жиі, сұйық, шырыш, кейде қан аралас. Тенезмдер мен жалған шақырулар болуы мүмкін. Ректомоноскопия кезінде мұндей науқастарда әртүрлі интенсивті қабынулық өзгерістер анықталады:катаральды, катаральды геморрагиялық, катаральды эрозивті.

Гастроинтестиналды түрінде тұрақты, ремиттирленген, интерремиттирленген қызба кездеседі.Кейде ауру тұрақты немесе субнормалды температуралы ағымды болады. Гастроинтестиналды түрінде ұйқы безі патологиялық процеске ұшырайды.Қан мен зәрдегі амилазаның активтілігі артады. Кейде панкреатиттің клиникалық симптомдары пайда болады.Сальмонеллез кезінде бауырдың зақымдалуы ертерек басталады,әсіресе токсинемия кезінде айқын болады. Науқастардың жартысында гепатомегалия, кейде көздің шырышты қабатының сарғаюы байқалады.

Кейде жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады, бұл сальмонелла эндотоксиндерінің әсер етуіне байланысты. Бастың ауырсынуы, бастың айналуы, талу жағдайлары байқалады. Вегетативті жүйке жүйесінің зақымдалуы асқазан мен ішектердің гипермоторлы дискенезия симптомдарымен көрінеді.

Бүйрек паренхимасының токсикалық зақымдалуы протеинурия, микрогематурия, цилиндрурия түрінде кездеседі. Өте ауыр түрлерінде, айқын интоксикация кезінде жүрек қантамыр жүйесінің қызметінің төмендеуімен, коллапстың дамуы мен электролиттік бұзылыстар салдарынан жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамиды.

Гастроинтестиналды түрінде перифериялық қанның көрінісі әрқалай. Көп сұйықтық жоғалту кезінде қанның ұюы және эритроцитоз болуы мүмкін. Кейде симптоматикалық тромбоцитопения дамиды. Лейкоциттердің мөлшері әртүрлі болады – қалыпты, төмендеген, бірақ көбіне жоғарлаған, әсіресе ауыр ағымды сальмонеллез кезінде дамиды.Лейкоцитоз көбіне қалыпты,сирек 20 * 10^9 /л асады. Лейкоцитарлы формуланың солға жылжуы байқалады. ЭТЖ қалыпты немесе аздап жоғарлаған. Аурудың жоғары дамуы кезінде орғанизмнің дегидратациясы мен деминерализацияға алып келетін су электролит алмасуының бұзылысы болуы мүмкін.

Ағымы бойыншы сальмонеллездің гастроинтестиналды түрі жеңіл, орташа ауырлықты, ауыр болуы мүмкін. Жеңіл ағымында интоксикация қалыпты, орташа әлсіздік, қызбалау болады. Дене температурасы субфебрильды сандарға дейін көтеріледі. Құсу байқалмауы мүмкін немесе бір рет байқалауы мүмкін, іштің ауырсынуы аздаған немесе болмауы да мүмкін, нәжісі ұйымдастырылған немесе сұйық тәулігіне 3 рет, тез арада қалпына келеді.

Орташа ауырлық дәрежесі интоксикациямен, дене температурасының 39–40 °С дейін көтерілуі байқалады.Сол сияқты әлсіздік, бас ауруы,талу жағдайлары, аяғының құрысуы байқалады. Науқастар іштің ауырсынуына, локализациялануы гастриттің, энтериттің және колиттің дәрежесіне бйланысты болады. Құсу қиындықпен, бірнеше, бастапқыда қабылданған аспен байланысты болса, кейін өтпен немесе тұтқыр сұйықтықпен болады. Нәжісі тәулігіне 10 ретке дейін, көп мөлшерде, гастроэнтероколиттік түрінде – шырышты. 2–4 күннен кейін науқастың жағдайы жақсарады, іштің ауырсынуы жоғалады, дене температурасы мен асқазан– ішек жолдарының қызметі жақсарады.

Ауыр дәрежесі кезінде интоксикация симптомдары максималды дамуға жетеді. Дене температурасы 39–40 °С дейін көтеріледі және қызба байқалады. Қызба көбінесе тұрақты болады, сирек ремиттирленген сипат алады. Өте ауыр жағдай кезінде гипер– или гипотермия дамиды, бұл нейротоксикоздың немесе жедел тамырлық жеткіліксіздіктің дамуын көрсетеді. Интоксикация симптомдарымен қоса кейінірек іштің қатты кесіп ауырсынуы, қатты лоқсу, кейін көп мөлшерлі, бірнеше қайталанатын немесе тоқтамайтын құсу болады. Нәжісі тәулігіне 10–20 рет,сұйық, көп көлемді, күріш қайнатпасына ұқсайды. Тоқ ішектің зақымдалуы кезінде нәжіс шырыш немесе қан аралас болады.Дегидратация, деминерализациямен байланысты ацидоз симптомдары дамиды. Науқастар әлсіз, күшсіз болып көрінеді. Тері қабаты бозарған, құрғақ, беті кіртиген, дауысы әлсіз шығады, құрысулар байқалады, олигурия немесе анурия болуы мүмкін. Мұндай жағдай кезінде реанимационды дезинтоксикациялық терапия қажет,тез арада регидратация және реминерализация қажет.

Диагностикасы

Клиникалық, эпидемиологиялық және лабораторлық ақпараттар маңызды.

Зерттеу әдістері: бактериологиялық және серологиялық; Серологиялық зерттеу әдісі:агглютинация реакциясы (РА) және тікелей емес гемагглютинация (РНГА).

Экпресс әдістер:МФА, РНГА, ИФА

Емі

  • Тәртіп күтіммен; Ауыр жағдай кезінде реанимация және интенсивті терапия

  • Емдәм № 4 және көп сұйықтық қабылдау

  • Медикаментозды терапиясы:

Патогенетикалық терапиясы:

1) дезинтоксикация;

2) су электролит балансын қалпына келтіру ;

3) гипоксемия, гипоксия, метаболиттік ацидозбен күрес;

4)Гемодинамиканың физиологиялық сатысын сақтау;

Гастроинтестинальды түрінде асқазанды шаю маңызды. Диареяны жою үшін кальций препараттарын қолданады(кальций глюконат, лактат, глицерофосфат.Глюконат дозасы (лактат, глицерофосфат) – 5 г дейін тәулігіне – бір қабылдау үшін. Секреторлы диареяны жою үшін қабынуға қарсы стероидты емес препараттар қабылдау тиіс, мысалы индометацин 50 мг 3 рет 12 сағат ішінде.

Регидратациялық терапия:«Оралит», «Цитраглюкосолан», «Регидрон

Инфузионды терапия: «Трисоль», «Ацесоль», «Лактасол», «Квартасоль», «Хлосоль» Антибактериальная терапия;

4.Сальмонеллез. Нұсқалардың ағымы. Генерализденген түрлерінің мінездемесі. Диагностикасы, емі, алдын алу қағидалары.

Келесі түрлерімен ағымының нұсқаларын ажыратады:

I. Гастроинтестиналды түрі:

1) гастриттік нұсқасы; 2) гастроэнтериттік нұсқасы; 3) гастроэнтероколиттік нұсқасы.

II. Генерализацияланған түрі:

1) сүзектік нұсқасы; 2) септикопиемиялық нұсқасы.

III. Бактериябөлуі:

1) жедел; 2) созылмалы; 3) транзиторлы.

II. Генерализациялық түрі

Этиологиясы

Қоздырғышы – Salmonella

Тұқымдастығы – Salmonella

Туыстастығы– Enterobacteriaceae (ішек бактериялары)

Клиникалық көрінісі (Симптомдары)

Сальмонеллездің сүзектәрізді нұсқасы әдетте асқазан ішек жолдарының зақымдалуымен басталады, бірақ басынан бастап ішектің дисфункциясыз болуы мүмкін.

Клиникалық тұрғыда ол іш сүзегін, пара іш сүзегіне ұқсайды. Интоксикация синдромы айқын және жүйке жүйесінің зақымдалуы байқалады. Нвуқастар бастың ауырсынуына, ұйқының ауысуына, әлсіздікке шағымданады. Ауыр түрінде науқастарда болады, естері анық емес, галлюцинациялық синдром байқалуы мүмкін. Қызба дене температурасымен, дене температурасы 39–40 °С дейін көтеріледі, тұрақты сипатқа ие.Қызба уақыты 6–10 күннен 3–4 аптаға дейін созылады.

Науқастардың тері қабаты бозғылт, бөртпелердің пайда болуы мүмкін. Ол әдетте әлсіз көрінеді және іші мен бел аймағында орналасқан кіші бозғылт розеола түрінде болады. Пульс әлсіреген. Артериальды қан қысымы төмендеген. Бірнеше жағдайларда жөтел, бронхиттер мен пневмониялар дамуы мүмкін. 1 аптаның соңында гепатомегалия мен спленомегалия байқалады.Перифериялық қанда лейкопения,анэозинофилия нейтрофильді солға жылжумен, қалыпты лейкоцитоз байқалуы мүмкін.

Септикопимиялық нұсқасы сальмонеллездік сепсис сияқты дамиды. Ауру циклділігін жоғалтады, температуралық қисық бұрыс, ремиттирленген сипатта, профузды тер бөлу – сальмонеллез септикалық ағымда өтеді. Клиникалық көрінісі метастатикалық іріңді ошақтардың орналасуына байланысты. Әрдайым гепатомегалия және спленомегалия болады. Ұзақ ауыр ағымды. Емі біршама ауырлық көрсетеді, болжамы қолайсыз.07. 08.

Диагностикасы

Клиникалық, эпидемиологиялық және лабораторлық ақпараттар маңызды.

Зерттеу әдістері: бактериологиялық және серологиялық; Серологиялық зерттеу әдісі:агглютинация реакциясы (РА) және тікелей емес гемагглютинация (РНГА).

Экпресс әдістер:МФА, РНГА, ИФА

Емі

  • Тәртіп күтіммен; Ауыр жағдай кезінде реанимация және интенсивті терапия

  • Емдәм № 4 және көп сұйықтық қабылдау

  • Медикаментозды терапиясы:

Патогенетикалық терапиясы:

1) дезинтоксикация;

2) су электролит балансын қалпына келтіру ;

3) гипоксемия, гипоксия, метаболиттік ацидозбен күрес;

4)Гемодинамиканың физиологиялық сатысын сақтау;

Регидратациялық терапия:«Оралит», «Цитраглюкосолан», «Регидрон

Инфузионды терапия: «Трисоль», «Ацесоль», «Лактасол», «Квартасоль», «Хлосоль» Антибактериальная терапия;

Генерализациялық түрінде:

--Этиотропты терапия: антибактериалды препараттар:аминогликозидтер (гентамицин сульфаты, сизомицин сульфаты, амикацин сульфаты, тобрамицин) және хинолондар (ципрофлоксацин, офлоксацин ), цефалоспориндер, левомицетин, ампициллин, амоксициллин.

--Комлексті ем: Антибактериалды терапия+поливалентті сальмонеллездік бактериофаг.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]