
- •Туберкулез эпидемиологиясы, эпидемиологиялық көрсеткіштер, Қазақстандағы эпидемиологиялық көрсеткіштер динамикасы.
- •2.Химиотерапия принциптері. Туберкулезге қарсы препараттардың класификациясы.
- •3. Туберкулезбен ауыратындарды емдеу этаптары мен категориялары.
- •Науқастардың емдік категорияларын анықтаутөрт белгіге негізделген (слайд 10):
- •4. Туберкулезбен ауыратындарды 1 ші категория бойынша емдеу.
- •5.Туберкулезбен ауыратындарды 2 ші категория бойынша емдеу.
- •6.Туберкулезбен ауыратындарды 3 ші категория бойынша емдеу
- •7. Туберкулезбен ауыратындарды 4 ші категория бойынша емдеу.
- •8. Резервті қатардағы препараттармен емдеуге көрсеткіш
- •9. Резервті препараттармен емдеуге салыстырмалы және абсалютті қарсы көрткіштер.
- •10. Екінші және үшінші қатардағы препараттармен емдеу
- •2Топ препаратты
- •3 Топ преапараттары
- •11. Туберкулезді анықтау әдістері,бактериоскопия,көрсеткіштер,қақырықты жинау әдістері
- •12.Туберкулездің химиопрофилактикасы.
- •13Диспансерлік қарау топтары
- •14 Туберкулезді инфекция ошақтары, топқа бөлу критерийі, топтар, туберкулезді инфекция ошағындағы профилактикалық шаралар.
- •15.Біріншілік туберкулезді комплекс, патогенез, диагностика
- •16. Кеуде қуысы лимфа бездерінің туберкулезі
- •17 Өкпенің Милиарлы туберкулезі, патогенез, диагностика
- •19.Созылмалы диссеминацияланған өкпе туберкулезі патогенезі ,диагностикасы.
Дисциплина: «Фтизиатрия»
Туберкулез эпидемиологиясы, эпидемиологиялық көрсеткіштер, Қазақстандағы эпидемиологиялық көрсеткіштер динамикасы.
Туберкулез эпидемиологиясы эпидемиалық процестің негізін зерттеп біледі яғни туберкулездің жұғу көзін, инфекцияның жұғу жолын, оның халық арасындағы таралуын және халық арасында туберкулезбен ауырып қалу қауіпі ерекше топтарды бөлуді зерттеп бөледі. Туберкулез инфекциясының көзі және жұғу жолдары.
Туберкулез ауру адамдардан негізінде өкпе туберкулезімен ауырғандардан жұғады. Олардың ішінде микобактерияны үнемі көп бөлетін аурулар айналасындағыларға ерекше қауіпті. Микобактерияны мардымсыз бөлетін ауруларда кейбір ерекше жағдайларда өзімен бірге тұратын туыстарына туберкулезді жұқтыра алады.
Туберкулез көбінесе ауру мен сау адамның тікелей жақындасуының арқасында ауа-тамшысы арқылы жұғады. Ауру жөтелгенде, түшкіргшенде, сөйлегенде, құрамында микобактериялары бар қақырық пен сілекей тамшылары жан-жаққа шашырап ауруды қоршаған ортаны былғайды,ауа арқылы сау адамдардың дем алу жүйесіне енеді. Туберкулездің көзіне маңызы жағынан екінші орынды алатын туберкулезбен ауырған ірі қара малдар жатды /әсіресе сиыр/, туберкулезбен ірі қара малдар ауырғанда олардың айналасында жұмыс істейтін малшылардың денсаулығына үлкен қауіп төнеді. Туберкулез ауру малдардан сау адамдарға жұғуы мүмкін. Бұл жағдайларда да туберкулез "ауа-тамшысы", көбінесе "ауа-шаңы" жолдарымен жұғады. Инфекциялану - эпидемиологиялық көрсеткіш ретінде қаралады. Бұл көрсеткіш процентпен есептеліп,халық арасындағы инфекциаланған адамдардың санын көрсетеді. Оның көлемі жас ұлғайған сайын өсіп, 40 жасқа қарай 70-90% жетеді. Инфекциалануды әртүрлі жастар тобының жасөспірімдер, ересектер арасынан анықтайды. Туберкулезге қарсы жаппай вакцинация жүргізетін елдерде халықтың туберкулезбен инфекциалануын ажырату оңай емес, себебі туберкулин сынамасы вакцинация реванцинация жасаған адамдарға оң нәтиже береді. Адам денесінің туберкулезге қарсылығын күшейтуде негізгі орын кейіннен пайда болған клеткалық иммунитететке беріледі.Клеткалық иммунитеттік негізінде макрофагтар әлінің күшеюі және олардың І-лимфоциттерге эффекторлы әрекеті жатады.Туберкулез микобактерияларын жұтқан макрофагтар бұзылған кезде клетка сыртына Jа-белоктармен байланысқан микобактерия бөліктер және І-лимфоциттерді күшейтетін ферменттер-медиаторлар бөлінеді.Ал І-лимфоциттер медиаторлар-лимфокиндерді бөліп шығарады.Лимфокиндер макрофагтардың миграциясын және туберкулез микобактериясына қатысты ферменттік әлін күшейтеді.Макрофагтар бөліп шығаратын медиаторлар иммуноглобулиндердің синтезіне жауапты В-лимфоциттерді күшейтеді.Бірақ қанда иммуноглобулиндердің жиналуы иммунитетік жауаптың жақсаруына септігін тигізбейді.
2.Химиотерапия принциптері. Туберкулезге қарсы препараттардың класификациясы.
Туберкулез науқасын емдеудегі жетістіктер химиотерапиямен байланысты. Химиотерапияның нәтижелілігі антибактериалды дәрілердің туберкулез микобактериясына қарсы әсерімен байланысты.
Терапиялық нәтижеліліктің дәрежесі дәрілердің бактериостатикалық белсенділігіне және макроорганизммен байланыста болатын бактериялық популяцияның жағдайына, дәріге төзімділігіне байланысты болады.
Туберкулезге қарсы кейбір дәрілерге сезімтал және төзімді бактериялар түрлеріне сапалы әсер жасау үшін туберкулез науқастарының химиотерапиясы бактериостатикалық дәрілердің комбинациясымен жүргізіледі. Дәрілерді бір-біріне қосып бергенде олардың микобактерияларға қарсы әсері күшейеді, мысалы изониазид пен рифампицин, этамбутол мен пиразинамид бір-бірінің әсерлерін күшейтеді.
DOTS стратегиясы бойынша химиотерапияның емдеу принциптері DOTS стратегиясы бойынша туберкулездің кез келген түрімен ауыратын науқастарды емдеудің негізгі әдісі үш принципке негізделген.
Химиотерапиялық ем қатаң бақылаумен жүргізілуі керек. Ауруханада, санаторияларда науқастар туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді медицина қызметкерлерінің бақылауымен қабылдауы тиіс, ал амбулатория жағдайында дәрі қабылдауды медицина қызметкерлері, химизаторлар, супервайзерлер немесе науқастың туыстары бақылайды.
Науқастардың ем категориясына сәйкес, барлық дәрілерді және толық мөлшерде қабылдауды қатаң сақтау.
Ем схемасының ұзақтығын сақтау.
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер:
I- топ – Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Этамбутол, Стрептомицин
II-топ (резервті) – Этионамид, Протионамид, Циклосерин, Канамицин, ПАСК (парааминосалициловая кислота), Амикацин, Капреомицин, Фторхинолоны (Офлоксацин, Левофлоксацин, Ломефлоксацин, Ципрофлоксацин, Моксифлоксацин)
III моксифлаксацин, амоксициллин, клоритромицин
Туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілер әсеріне қарай бөлінеді:
Бактерицидті: Изониазид, Рифампицин, Пиразинамид, Стрептомицин
Стерилизация жасайтын: Рифампицин
Төзімділікті болдырмайтын: Изониазид, Рифампицин, Этамбутол, Стрептомицин